Сауалнама Күні


Осы университетке оқуға түскеніңе өкінген кезің болды ма?



бет5/27
Дата07.02.2022
өлшемі49,38 Kb.
#84064
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Анкета

Осы университетке оқуға түскеніңе өкінген кезің болды ма? Себебі...арманым ҚазГу болатын,ұйықтасам түсімде,тұрсам өңімдегі арманым болды.Алайда бұйыртып ҚызПуға келдім,оған қазір қуанам.Барлық қуанышымды бөлісіп,қолдау білдіретін адамдар басқа жерде табылар ма еді,кім білсін.
Оқуды тамамдағасын немен айналысуды жоспарлайсыз? Алла қаласа магистратурға түсу жоспарда бар.
Группаластарыңызбен өткізген ең керемет сәт деп қай оқиғаны айтар едіңіз?Ақтарлып сыр шерткен әр сәт керемет.Бірінші курста,әр туған күн кешінде құттықтаулар ұйымдастырып,түні бойы әңгіме айтатынымыз.Топтық жұмыстарға бірге дайындалып,көрініс ұйымдастырып,артынша қуып әңгіме айтып кететініміз.Айзаданың ауыз ашарға шақырғаны.Ауыз ашып болған соң Даналармен әңгіме айтып жүріп қайтатынымыз.Ақеркенің үйіне барып вечер жасағанымыз,Айшаның туған күнін үйіне барып тойлағанымыз.Сұлу әкелген бауырсақты ,Балудың наны мен кетчуп,майонезін бөлісе жеген уақыт.Апайлардың миын жеп,сабақты болдырмай тастайтын сәттер.Бір-біріміздің артымызды жауып кей сәтте сол қораға кірген кездер.Өзімізден қателік кетсе кінәні апайға жауып,өзімізді ақтап алған сәттер.Нүрияның сабақ айтып тұрып жылап қалғаны(өзің жылауық деп отқан шығарсың,оқып).Түні бойы жұмыс жасап келсе де бізге қосылып саясаттың түбін қазбалатын Жарқынайдың әңгімелері.Өзіміз қалаған уақытқа сабақты қойып алып,қалаған кезде сессияны бекітіп алатын пысықтығымыз.Қашанда крышам болған Сандудың Жұлдызай деген сөз шықса,кім айтты,біреу тиісті ме деп жетіп келетін уақыттар.Зуляның жұмыс туралы әңгімесін аузына кіріп кетердей тыңдап,Ғалия мен Арудың әнін тыңдап отырған сәттер.Нұриланың тик-токторы мен Жұлдыздың теска деп келіп тұратын кездері.Саяның апай жіберген тапсырмаларды бөліп беріп,Әлияның отбасылық өмірге дайындайтын әңгімелері айтсаңшы.Ұлжанның Қытай темасы бір бөлек әңгіме болатын.Жәңкенің Маңғыстаудың тойларын жазып алып келіп көрсететін видеолары.Ботаның алғашқы жігіті туралы әңгімесі.Фати мен Онурдың деп кетіп бара жатсам да..Көп қойкөп...Бәрі керемет кезеңдер екен ғой,кеш түсініп отырмын.Бастысы көп апайдың мақтанышыны айналғандығымыз жаман топ болмағанымыздың дәлелі секілді.
Төрт жыл ішінде жеткен жетістігіңіз-Түрлі ақындық жарыстардың жеңімпазы болдым,алғаш рет жұмыс жасадым.Ең бастысы самостоятельно болуға үйрендім.Достар таптым,түрлі тәттілер жасап үйрендім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет