Курс мақсаттары: − 3D модельдеуге қызығушылығын арттыру, берілген тапсырманы шешуде қалыптан тыс ойлау, оқушылардың болашақта мамандық таңдауында бағдарлануы.
− Оқушылардың үшөлшемді графика негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету, үшөлшемді графикада қолданылатын негізгі құралдар мен тәсілдерді меңгеру, әр түрлі дәрежедегі күрделілік модельдерін орындау.
Курс тапсырмалары: − үшөлшемді модельдер жасауды оқушыларға үйрету;
− бейнелі ойлауды дамыту, техникалық ойлау және өз ойын айта білу;
− Blender үшөлшемді графикасы редакторында жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
− модельдерді жасауда ұсынылған нұсқаулар бойынша жұмыс істеу қабілетін дамыту;
− тапсырманы шешуде іскерлікпен қарауды қалыптастыру;
− оқушының білім алуына жағдай жасап ынталандыру, баланың шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға көмектесу;
− техникаға, модельдеуге қызығушылығын дамытуға ықпал ету.