Семинар -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат СӨЖ 30 сағат


Балқаш және Каспий экожүйесінің қазіргі жағдайы



бет60/90
Дата12.09.2020
өлшемі0,74 Mb.
#63667
түріСеминар
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   90
Балқаш және Каспий экожүйесінің қазіргі жағдайы.

Балқаш көлі –Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі, Балқаш-Алакөл ойысында орналасқан, ең терең жері-26 м. Балқаш көлі шөлейт, шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары болғандықтан су деңгейі тез өзгеріп отырады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістікке жұмсалуынан және Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері қазірде Балқашқа құймайды.

Іле-Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер өте сирек кездесетін Іле тоғайының , өзен жағасындағы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағасы кеуіп ,тұзды шаң жиі көтеріледі. Ауа-райы өзгеріп аңызақ жел жиіледі. Көлдің деңгейі 2 метрге төмендеп ,жағалауы батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлге айналуда . Іле-Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде, көл жағасында тіршілік ететін құстардың түрлері азайып кеткен.

Іле-Балқаш алабында Шарын тау өзені, Әнші құм атты табиғат туындысы,Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар.

Балқаш аймағы Қазақстанның үш облысын қамтиды, Алматы, Жамбыл, Қарағанды. Экологтардың пікірінше , қазірден бастап Қазақстанның және Әлемдік Қоғамда Балқашты қорғамасақ жақын арада бұл табиғи су қойма жер бетінен жойылуы мүмкін. Егер де Қытай Іле өзенінің 15-20% суын алатын болса,Арал теңізіндегідей жағдай тууы мүмкін. Егерде Балқаш жойылатын болса, Іле-Алатау мұздықтарының еруіне әкеледі , Балқаш акваториясын сақтауға Қытай да қатысуы керек.

Балқаштың тағы бір проблемаларының бірі- балық шаруашылығы.Балық түрлері бекіре, шортан түрлері жоқтың қасы.Ірі мыс қорытушы завод Балқаш акваториясына және оның айналасына көп мөлшерде химиялық заттар тастауда. Жылына 9 мың т. химиялық заттар тасталады.

1999 жылы Балқаш көлін құтқару , оның бүгінгісі мен болашағы атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданады. Оның негізгілері,

1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу

2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру

3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту

4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру

5.Суармалы жерлердің көлемін шектеу.

Каспий теңізі –жер шарындағы бірден бір тұйық су айдыны, Европа мен Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   90




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет