Семинар Мектепке дейінгі ақыл-ойы кем балалардың психо-педогогикалық сипаттамасын беріңіз


Біздің еліміздегі ақыл-ойы өте кем балаларға көрсетілетін көмек түрлері туралы айтыңыз



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі26,12 Kb.
#124400
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
4-дефектология

Біздің еліміздегі ақыл-ойы өте кем балаларға көрсетілетін көмек түрлері туралы айтыңыз.

ҚР-да арнайы білім берудің мемлекеттік жүйесін құру процесі 20-30-шы жылдарда басталды. Басты міндеті балаларды арнайы мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріне іріктеу, оларды негізі толымдау болып табылды. Арнайы білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізімі. (ҚР БҒМ 29.10.2003 ж. №787 «Арнайы білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізімін, арнайы білім алуды қажет ететіндерге білім беру ұйымдарында қажетті орындар санын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген).

  1. Арнайы білім беру ұйымдарының типтері.

А) мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеудің түзету (қалпына келтіру) ұйымдары;
Б) түзетушілік білім беру ұйымдары;
Б) бастапқы кәсіби және орта кәсіби білім берудің түзету ұйымдары;
4) арнайы білім беру ұйымдары;
5) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы білім беру ұйымдары.

  1. Арнайы ұйымдар түрлері, арнайы білім алуды қажет ететіндерге арнайы білім беру ұйымдарындағы қажетті орындар саны.

  2. Психикалық және дене дамуының бұзылуына және жас

шамасына қарай арнайы білім алуды қажет ететіндерге қажетті орындар саны қарастырылған, топтары 3 жасқа дейін және 3 жастан үлкен балалардан құралатын арнайы мектепке дейінгі ұйымдар түрлері.
А) бөбекхана;
Б) төмендегідей балаларға арналған мүмкіндіктері шектеулі
Балалар балабақшасы:
- сөйлеу қабілетінде ауыр бұзылыстары бар балалар:
В) жалпы даму және түзету функцияларын қатар қолданатын құрама балабақша (бӛбекхана-бақшасы);
Г) дені сау, мүмкіндіктері шектеулі және дамуы қалыпты балаларды оқыту және тәрбиелеуге арналған жалпы типтегі жалпы даму балабақшасы (бөбекхана – бақшасы).

  1. Сыныптарды (топтарды) толықтыру тәртібі төмендегідей

мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы түзетушілік
Білім беру ұйымдарының түрлері:

  1. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) ұйымы:

- көзі көрмейтін (зағип)
- нашар көретін және кейіннен зағип болғандар.

  1. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) ұйымы:

- құлағы естімейтін (саңырау) – 8 адамнан артық емес;
- екі бөлімшелі балаларға арналған нашар еститін және кейіннен саңырау болғандар:

  1. Арнайы білім беру ұйымдарының түрлері:

А) Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру (бір кеңес 60 мың адамға беріледі);
Б) реабилитациялық орталық (республикалық және облыстық дәрежедегі қалаларда);
В) психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (аудан орталықтарында);
Г) мектеп жанындағы логопедиялық пункттер (мектепте 20 бастауыш сынып бар болған жағдайда).

  1. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беретін арнайы ұйымдар

Түрлері:
- мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балалар үйі (әртүрлі балалар тобына арналған);
- жалпы типті балалар үйі мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балалар үйінің функцияларын қатар қолданатын құрама балалар үйі.
Арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерін ұйымдастырудың негізгі жалпы принциптеріне мыналар жатады:
- мекемелерді балалардың негізгі мүкістіктері бойынша толымдау;
- әр топтағы балалар санының 15-тен аспауы;
- қызметкерлер штатына дефектолог-мамандардың енгізілуі;
- тәрбиешілер мен дефектологтар арасында сабақ түрлерін қайта үйлестіру;
- арнайы сабақтар түрлерін ұйымдастыру (есту зейінінің дамуы, дене шынықтыру және т.б.)


Яғни көмекші мектептегі ақыл-ойы кем балаларды мақтау-мадақтау арқылы және де балалардың шығармашылын дамыту үшін ойын жаттығуларын қолдану керек. Бұлар қиялды дамытады. Сезім – эмоцияналды қасиеттерін жетілдіреді. Балалардың осындай қасиеттерін ашып дамытатын эстетикалық ойындар қажет. Даму мүмкіндіктерін қиындықты жеңу өз ойын айту сияқты қабілеттерін шығармашылық жұмыс арқылы қанағаттандыру қажет. Осы айтылғандардың барлығын пысықтай отырып ата-аналар, мұғалімдер балаға ең маңызды қасиеттер жан сұлулығын, жүрек тазалығын, дарындылық қасиеттерін беруі керек. Шын мәнінде ашылып, дамуы қажет басқа қасиеттер осының нәтижесінде қалыптасады. Өзін сүю, сенімсіздік, менмендік, зұлымдық аясындағы талант адамның өзі мен айналасындағыларға зиянын тигізеді. Баланың дамуы үлкендер тарапынан үлкен назар қажет етеді. Баланың дайындалуына психологиялық жағдай жасаудың жаңа шығармашылықты бастауда қолдаудың маңызы зор. Баланың шығармашылық қадамы жайлы жақсы пікір қалыптастырып қиындықта қолдау көрсету керек. Баланы көбіне жалғыз қалдырып, өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау керек. Ата-аналар тарапынан көрсетілетін ерекше қамқорлық бала шығармашылығының дамуына кедергі келтіреді. Баланың шығармашылық мүмкіндігін ашуға жағымды жағдай тудыру қоғамдық көзқарастарды ажыратуға көмектеседі. Баланың шығармашылыққа қызығуын қолдан шығарып алмау керек. Сонымен қатар көмекші мектептегі ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда психологиялық-педагогикалық арнайы түзете-дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді қолданған жөн. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет