Шымкент институты


ІІ.3 Оңтүстік Қазақстан облысының егістік ландшафттары



бет3/4
Дата14.09.2017
өлшемі0,66 Mb.
#32107
1   2   3   4

ІІ.3 Оңтүстік Қазақстан облысының егістік ландшафттары.

Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы егістік жер көлемі 852959 га (ОҚО жер және су ресурстары басқармасы қорының материалдыр, 2005 ж), ал облыстың статистикалық басқармасының мәліметтер бойынша 758282 га (1995, 2002 – 2005 жылдарындағы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл, орман және балық шаруашылығы. Статистикалық жинақ. Шымкент 2006ж. 16 бет.). Диплом жұмысында әрі статистикалық, әрі жер және су ресурстары басқармаларының мәліметтері сәйкес пайдаландық. Егістік жерлердің көлемі облыстың жалпы жер көлемінің 7,2 %, ал ауыл шаруашылық жерлердің жалпы ауданының 19,2 % құрайды. Облыстың агроклиматтық ресурстары жақсы болғанымен басқа табиғи компоненттер облыстың жерлерін ауыл шаруашылықта пайдалануын шектейді. Сонымен, егістік ландшафттарды аудандар кесіндісінде қарастырайық (№ 4 кесте).


4 кесте. Оңтүстік Қазақстан облысының

егістік ландшафттарының көлемі.

(ОҚО жер және су ресурстаны пайдалану басқармасының

қорының материалдарынан, 2005)






Аудан аты

Егістік агроландшафттың ауданы, га

Егістік агроландшафттардың ауданның жалпы жер көлеміндегі үлесі, %

Егістік агроландшафттардың ауданның ауыл шаруашлық жер көлеміндегі үлесі, %

1

Шымкент

11665

37,7

57,06

2

Арыс

18030

2,9

5,75

3

Кентау

1572

0,03

15,9

4

Түркістан

46204

6,2

11,9

5

Байдібек

86142

11,9

15,04

6

Қазығұрт

102501

25,04

38,46

7

Мақтаарал

131345

74,2

82,3

8

Ордабасы

79997

29,3

34,3

9

Отырар

16673

0,9

2,22

10

Сайрам

90129

52,6

67,2

11

Сарыағаш

61930

8,1

14,2

12

Созақ

6703

0,15

1,3

13

Төлеби

76134

24,1

53,9

14

Түлкібас

64286

27,5

42,5

15

Шардара

59648

4,6

25,06




барлығы

852959

7,2

19,2

Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарын егістік кешендерінің жалпы жер көлемі бойынша шартты түрде төрт топқа бөлуге болады: 1) егістік көлемі 100 мың га жоғары, өте ірі аудандар, 2) егістік көлемі 75 – 100 мың га аралығында, үлкен аудандар, 3) егістік көлемі 30 – 75 мың га аралығында орта көлемді аудандар және 4) 30 мың га аз, шағын аудандар.

Бірінші топқа, жалпы жер көлемі аз болғанымен, егістік жер көлемі көп болатын Мақтаарал 131345 га және Қазығұрт 102501 га аудандары жатады. Екінші топқа – Сайрам – 90129 га, Бәйдібек – 86142 га, Ордабасы – 79997 га және Төлеби – 76134 га аудандары жатады.Үшінші топқа – Түлкібас – 64286 га, Сарыағаш – 61930 га, Шарадара – 59648 га және Түркістан – 46204 га аудандары жатады. Төртінші топқа – Арыс – 18030 га, Отырар – 16673 га, Созақ – 6703 га және Шымкент қаласы маслихатына – 11665 га, Кентау қаласы маслихатына – 1572 га қарасты жерлер.

Бірінші топтың аудандары – Мақтаарал және Қазығұрт аудандары біркелкі емес географиялық жағдайда орналасқан және ауыл шаруашылығы дамуы әртүрлі болып келеді. Қазығұрт ауданы таулы жерімен сипатталады және агроландшафттары ертеде қалыптаса бастаған. Мақтаарал ауданы шөлді жазықтық жер бетімен сипатталады, ауыл шаруашылығы ХХ ғасырдың 20-ші жылдарынан тың жерлерді игеруден бьастады. Аудан ауыл шаруашылығының басты мақсаты Кеңес үкіметін мақтамен қамтамасыз ету.

Мақтаарал ауданының егістік кешендері ауданның жалпы жер көлемінен 74,2 %, ал ауданның ауыл шаруашылық жерлерінен 82,3 % құрайды. Негізінде Мақтаарал ауданында жаңадан ауыл шаруашылыққа игеретін жер қалмады, яғни ауданның территориясы түгелдей антропогендік кешенге айналды десек болады. Кейбір авторлар мұндай кешендерді табиғи-техникалық геожүйелер деп атайды. Шын мәнісінде, суғару арқылы Мырзашөлдің шөлді ландшафттарын егістік кешендерге айналдырылған, сондықтан су көзі тоқтаған жағдайда кешендердің барлығы қысқа мерзімде табиғи шөл жағдайына келеді деген пікір бар. Демек, агроландшафттар тікелей адамның іс-әрекетіне тәуелді.

Ауданның негізгі су көзі Өзбекстан Республикасы территориясынан басталатын «Достық» (бүрыңғы аты С.М. Киров атындағы) магистральды каналы. Агроландшафттар басым мақта егілетін жерлер, каналдар мен арықтар және коллектрлі-дренажды желісі, одан басқа елді мекендер, мекемелер мен кәсіпорндарының жерлері.

Қазығұрт ауданының егістік кешендері басым тау беткейлерінде, Келес өзенінің кеңейген террасалы жазықтарында және таудың жазықты бөліктерінде орналасқан. Ауданның егістік кешендері жалпы жер көлемінің ¼, ал ауыл шаруашылық жер көлемінің 38,46 % алып жатыр. Аудан суғарылмайтын астық тұқымдасты дақылдарды көп егеді, бидай, соңғы кезде егіле бастаған сафлор, темекі. Суғармалы егістік кешендері өзен бойлай түседі, бірақ су ресурстары тапшы болғандықтан суғармалы жердің көлемі көп емес.

Екінші топты бастайтын Сайрам ауданы, егістік ландшафттарының жер көлемі 90129 га, жалпы ауданның жер көлемінің 52,6 %, ал ауыл шаруашылық жерлердің 67,2 % құрайды. Сайрам ауданының агроландшафттары тау алды төбелі еңкістеген жазықтықта орналасқан. Ауданның агроландашфттары қалыптасуында Шымкент қаласы жақын орналасуының ықпалы өте маңызды. Мұнда басым суғарылатын агрофитоценоздар, себебі Шымкент қаласы және ауданның өзінің халқы көп болуына байланысты егістіктен ашық грунттағы көкөніс, жеміс-жидек, суғарылмайтын бөліктерінде бидай, жоңышқа егеді. Жалпы ауыл шаруашылықта пайдалануға мүмкіндігі бар жерлер таусылған есебі, ауыл шаруашылық егістікте көбейту үшін қосымша су ресурстары қажет.

Бәйдібек ауданы, Орталық Қаратаудың оңтүстік және Боралдай жотасының солтүстік беткейлері мен Боралдай өзенінің ағарында орналасқан. Егістік агроландшафттарының жалпы көлемі 86142 га, ауданның жалпы жер көлемінің 11,9 %, ал ауыл шаруашылық жерлердің жалпы көлемінің 15,04 % құрайды. Аудан территориясында жазықтық жер жоқтың қасы, сондықтан таудың жазықты келетін бөліктеріндегі суғарылмайтын егістік кешендері басым болады. Ауыл шаруашылық жерлердің басым бөлігі жайлау кешендері болып табылады.

Ордабасы ауданының егістік агроландшафттары 79997 га алып жатыр, ол ауданның жалпы жер көлемінің 29,3 %, ал ауыл шаруашылық жерлердің 34,3 % құрайды. Аудан территориясында жауын-шашынның жылдық мөлшері өте аз болуына байланысты мұнда тек суғармалы егістік кешендері дамыған. Арыс-Түркістан каналы ауданның егін шаруашылығында өте маңызды рол атқарады, оның басты мақсаты аудан территориясында мақта аудандарын дамыту.

Төлеби ауданы егістік ландшафттарының жалпы жер көлемі 76134 га, ол жалпы ауданның жер көлемінен 24,1%, ал ауыл шаруашылық жер көлемінен 53,9 % құрайды. Таулы жер бедері егістік кешендердің жер көлемін шектейді. Агроландшафттар басым суғарылмайтын егістіктер, бидай, жоңышқа. Тау беткейлері жайылым кешендері ретінде пайдалануда.

Егістік кешендерінің жер көлемі бойынша үшінші топтың ең үлкен ауданы Түлкібас ауданы, жалпы егістік көлемі 64204 га, аудан территориясының 27,5 %, ал ауылшаруашылық жер көлемінің 42,5 % құрайды. Түлкібас ауданының физикалық-географиялық жағдайы Төлеби ауданның жағдайын үқсас болып келеді, басым суғарылмайтын агроландшафттар. Таулы бөлігінде жайылым ландшафттары дамыған.

Түлкібас және Төлеби аудандарының шығысы таулы болып келеді, сондықтан, мұнда антропогендік қысым жоғары деңгейде емес. Бірақ, соңғы жылдары аудандардың территорияларында стихиялық туризм күшті дамуда, мүндай жағдай қоршаған ортаның түрлі қоқыстарымен ластануына алып келеді.

Сарыағаш ауданының егістік ландшафттары басым Келес және Күркелес өзендері аңғарларында және өзендер арасындағы суайырық жазығында орналасқан. Агроландшафттардың жалпы жер көлемі 61930 га, ол аудан территориясының 8,1 %, ал ауыл шаруашылық жер көлемінің 14,2 % құрайды. Агроландшафттар басым суғарылатын кешендерден тұрады. Сарыағаш ауданы егістік ландшафттарының ерекшелігі жүзім шаруашылығы дамуына агроклиматтық ресурстары өте жағымды.

Шардара ауданының егістік кешендерінің жалпы жер көлемі 59648 га, ол аудан территориясының 4,6 %, ал ауыл шаруашылық жерлер көлемінің 25,06 % құрайды. Шардара ауданы басым шөл жерде орналасқан. Ауданның қиыр шығысы Сырдария өзені бойында қүнарлы шалғынды топырақтарда орналасқан. Осы жерлерді суғармалы ауыл шаруашылықтың айналымы қосу мақсатында, әсіресе күріш, мақта егу мақсатта Қызылқұм магистральдық каналы жасалынған. Ауданның басым бөлігінде жайылым ландшаыттары дамыған, Қызылқұм шөлі қысқы жайлауға ыңғайлы, себебі жалпы түрақты қар жамылығысы қалыптаспайды.

Түркістан ауданының жалпы жер көлемінің ауданы 744000 га, соның 46204 га, немесе 6,2%, ал ауыл шаруашылық жерлер қорының 11,9 % құрайды. Түркістан ауданы территориясы ерте кезеңнен игерілген. Ауданның жалпы географиялық жағдайы егістік шаруашылығын дамытуға үлкен мүмкіншіліктері бар, негізгі кедергі су тапшылығы. Бұл мәселе Арыс-Түркістан каналы есебінен шешілген, қазіргі тағдай канал арқылы суғарылатын 30 мың гектар бар, қалған суғармалы кешендерінің су көзі Қаратау жотасанын басталатын Ермаксай, Қантағы, Иқансу т.б. шағын өзендер болып табылады.

Түркістан ауданы егістік кешедерінің (агроландшафттарының) негізгі бір ерекшелігі топырақ қабатында табиғи тұз көп, сондықтан, суғарылған жерлерде жер асты су деңгейінің көтерілуне байланысты, топырақ сортаңдай бастайды. Топырақ құрамындағы мұндай жағдай агроландшафтың бірнеше қасиеттерін өзгертеді, жалпы топырақ фаунасын азайтады, топырақтың химиялық құрамы өзгеруіне байланысты агроландшафттың сыртқы көрінісі кедейлене басталады.

Егістік агроландшафттарының жер көлемі бойынша аудандырдың төртінші тобын екі топшаға бөлуге болады, ол шөл аймағында орналасқан Арыс, Отырар және Созақ аудандары, ал екінші топшаны Шымкент және Кентау қалаларына қарасты жерлер ауыл шаруашылыққа маманданған деп шартты түрде ғана қатыстырамыз.

Арыс ауданының егістік жерлердің жалпы көлемі 18030 га, ауданның жалпы жер көлемінен 2,9 %, ал ауыл шаруашылық жер көлемінен 5,75 % құрайды. Арыс ауданының егістік кешендерінде мақта, жүгері, көкөніс, бақшалық т.б. дақылдар егіледі. Аудан барлық егістіктері суғармалы болып табылады, судың негізгі көзі Боралдай мен Арыс өзенінің су ресурстары.

Аудан агроландшаттарының топырағында табиғи тұздар көп болғандықтан суғарғанда сортаңдану процестері күшейеді. Сондықтан егін жерлерді егі алдында жуып-шаю қажет, яғни егістік өнімдеріне қосымша шығындануы мәжбүр. Агроландшафттардың өнімділігн қөтеру үшін қосымша су ресурстары қажет, яғни қазіргі бар технология бойынша егінге жарамды жер көлемі шектелген.

Отырар ауданы жалпы жер көлемі бойынша Созақ ауданынан кейін екінші орныда, бірақ территориясының басым бөлігі Қызылқұм шөлінде орналасқан. Сондықтан ауыл шаруашылық жер көлемі шектелген. Агроландшафттардың жалпы көлемі 16673 га, ауданның жалпы жер көлемінен 0,9 %, ал ауыл шаруашылық жерлердің 2,22 % құрайды. Отырар ауданының агроландшафттары жоғарыда Түркістан, Арыс аудандарының агроландшафттары сияқты суғармалы, топырақтарында сортаңдану процестері күшті болады.

Ауданның негізгі агроландшафттары Арыс өзенінің төменгі ағысында, суландыратын каналдар бойында орналасқан. Егістік жерлерде басым күріш, мақта, көкөніс, бақшалық дақылдары жақсы дамыған.

Созақ ауданы жалпы жер көлемі бойынша облыстың ең ұлкен ауданы. Агроклиматтық ресурстары егін шарушалығын шектейді. Ауданның басым бөлігі Мойынқұм және Бетпақдала шөлдерін алып жатыр. Егін кешендері Солтүстік Қаратаудың солтүстік беткейлерінде дамыған, басым суғармалы агроландшафттар.

Шымкент маслихатына қарасты ауыл шаруашылық жерлер жоғары өнімділікпен сипатталады. Шымкент қаласы жанындағы жерлердің ерекшелігі қаланың қарқынды дамуы, ауыл шаруашылыққа жарамды жерлерді жаңа кәсіпорындар, түрғын үй салуға жұмсалуда. Сондықтан, егін шаруашылықтағы агроландшафттар жылдан жылға қысқаруда.

Кентау қаласы Солтүстік Қаратаудың оңтүстік беткейінде орналасқан, мұнда егістік кешендер не бары 1572 га, тек ғана қала деңгейнде маңызды рол атқарады.
ІІ.4 Оңтүстік Қазақстан облысының жайылым кешендері.

Қазақ халқында мал шаруашылық дәстүрлі ата-бабаларымыздан келе жатқан басты саламыз. Сондықтан, облыстың мал шаруашылығы жоғары деңгейде дамыған десек қателеспейміз.

Жайылым және шабындық табиғи кешендер болып табылады. Егістік агроландшафттарға салыстырғанда шабындық және жайылым ландшафттарына антропогендік қысым салыстырмалы төмен деңгейде. Шабындық және жайылым ландшафттарына антропогендік қысым тек өсімдік компоненттіне әсері маңызды.

Шабындық кешендер көптеген авторлардың пікірі бойынша [7,32] үзақ уақыт бойы жүйелі түрде шөп шабу және мал бағу нәтижесінде шалғын түрінде сақталады. Ф.Н. Мильковтың [32] пікірі бойынша шалғын кешендеріне антропогендік ықпалды тоқтатқан жағдайда, ол ағаш және бұталық өсімдіктермен жабылады, бұл қоңыржай белдеуінің орманды дала, дала зонасына тән. Бірақ, қоңыржай белдеуінің шөл және шөлейт зоналырының шалғынды кешендеріне осы процесс тән, мұнда қалың ормандар пайда болмағанымен, оның орында тоғайлы кешендер қалыптасады. Шын мәнісінде, шабындық кешендер су жеткілікте жерде дамиды, жер асты сулары жақын, өзен аңғарларында.

Шабындық ландшафттарында адамның ықпалы ауыл шаруашылық техниканың қысымы түрінде қысқа мерзімде болады, топырақтың механикалық құрылымы бұзылып, кейін жыл бойы оның құрылымы қайтадан қалпына келеді. Суландыратын шабындық кешендерде жер асты суларының жағдайы салыстырмалы аз түрде өзгереді, бірақ дегенмен, табиғи жағдайына салыстырғанда айырмашылығы бар, яғни суландырмайтын кешендерден айырмашылығы белгілі деңгейде болады.

Жайылым кешендері, ауыл шаруашылық ландшафттардың арасында ең аз өзгертілген кешендер. Жайылым кешендеріне ықпал ететін басты фактор, мал басының саны. Табиғи жағдайда шөптесін өсімдіктермен қоректенетін жабайы жануарлар саны биологиялық заңдарымен реттеледі. Мысалы, ылғалды жылдары шөптесін жамылғысы қалың болып өнімдігі жоғары болған жағдайда жабайы жануарлардың бас саны көбейеді, керісінше аз болған жағдайда бас саны азаяды. Ал мал шаруашылығында, адам мал басы санын көбейту мақсатында әртүрлі шараларды қолданады, яғни қосымша пішен-шөп, әртүрлі аурулардан ветеранариялық әдістерімен мал басын сақтап қалады.

Демек, мал шаруашылығы табиғи кешендерге өзінің санымен әсер етеді. Мал басы саны көп болған жағдайда, жайылым ландшафттының өсімдік жамылғысы тапталынып кетеді, одан қалса көп мал бір жерде болған жағдайда топырақтың беткі құрылым бұзылып топырақтың құнарлығы төмендейді.

Мұндай экологиялық жағымсыз процестер тарихи кезеңдерде адам цивилизациясына күшті әсері болған. Мысалы, орта ғасырларда мал шаруашылық есебінен Осман империясының, Парсы мемлекетінің (қазіргі Иран) көптеген ішкі аудандары шөлге айналған; ХХ ғасырда мұндай жағдай Африканың Сахель зонасында апатты түрде ашаршылық алып келді. Мұнда мал басы санының көбеюі Сахара шөлінің оңтүстік шекараса саванна зонасының ішіне қарай салыстырмалы тез жылдамтықпен ауыса бастады.

Бүгінгі таңдағы азық-түлік дағдарысы кезінде жайылым және шабындық кешендерін тиімді пайдалану өте маңызды проблемаға айнала отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы жайылым ресурстарына өте бай, сондықтан жоғарыда аталған проблемалар алдын алу үшін жайылым кешендерінің жағдайын қарастырып, мал басы санын экологиялық сыйымдылығынан аспау керек.

Облыстың жайылым және шабындық кешендірінің жалпы көлемі 3 181 116 га құрайды, ол облыстың жалпы жер көлемінін 27,13 %, ал облыстың ауыл шаруашылықта пайдаланатын жер көлемінің 71,8 % құрайды (№ 5 кесте).


5 кесте. Оңтүстік Қазақстан облысының жайылым және шабындық ландшафттарының көлемі.

(ОҚО жер және су ресурстаны пайдалану басқармасының

қорының материалдарынан, 2005)



№№

Ауданның аталуы

Шабындық көлемі, га

Жайылым көлемі, га

Жайылым және шабындықтың жалпы көлемі, га

Жайылым және шабындық көлемінің ауданның жалпы жер көлеміндегі үлесі, %

Жайылым және шабындық көлемінің ауданның ауыл шаруашылық жер көлеміндегі үлесі, %

1

Шымкент

-

7295

7295

23,6

35,7

2

Арыс

4983

263997

268980

42,86

85,8

3

Кентау

37

7351

7388

14,0

74,9

4

Түркістан

12807

325662

338469

45,5

87,55

5

Байдібек

35907

372366

408273

56,55

71,3

6

Қазығұрт

29993

125298

155291

37,9

58,3

7

Мақтаарал

-

5356

5356

3,0

3,36

8

Ордабасы

-

126448

126448

46,4

54,2

9

Отырар

8462

674622

683084

37,8

90,9

10

Сайрам

2010

32011

34021

19,9

25,4

11

Сарыағаш

1122

363698

364820

47,9

83,5

12

Созақ

7779

492398

500177

11,35

96,8

13

Төлеби

7790

52141

59931

19,0

42,46

14

Түлкібас

7377

54597

61974

26,5

41,0

15

Шардара

1165

158444

159609

12,3

67,0




барлығы

119432

3061684

3181116

27,1

71,8

Оңтүстік Қазақстан облысының жайылым ландшафттары басым құмды шөлдерде және тау беткейлері мен суайырықты жазықтарда орналасқан (жайлау). Шабындық кешендерге облыс территориясы бай емес, бірақ таулы аудандар және өзен бойы аңғарларында (жайылма шалғындары) салыстырмалы жеткілікті десек болады.

Жайылым ландшафттарының көлемі облыста ең көп Отырар ауданында, жалпы көлемі 683084 га құрайды. Мұнда жайлым кешендері Қызылқұм шөлін алып жатыр, оларды қысы-жазы пайдалануға болады. Мұнда тек қой шаруашылығы дамыған. Ауданның ауыл шаруашылық жерлерінің 90,9 % жайылым мен шабындық құрайды, шабындықтың көлемі 8462 га. Шабындық кешендері Сырдария және Арыс өзендері бойында орналасқан.

Жайылым және шабындық көлемі бойынша кейінгі аудан Созақ ауданы, жалпы көлемі 500177 га, ол ауданның ауыл шаруашылық жер көлемінің 96,8 % құрайды. Ауданның солтүстік бөлігі Мойықұм құмды шөлі. Ауданның қысқы температуралары төмен, сондықтан барлық жайылым аудандарын пайдалану қиынға түседі. Жайылым ландшаттары құмды шөлдерден тұрады. Шабындық кешендері (7779 га) басым өзендер бойында.

Бәйдібек ауданының жайлым ландашыттары Орталық Қаратаудың оңтүстік беткейінде орналасқан. Қаратау жотасының жайлау кешендері ең бағалы болып табылады, себебі шөптесін өсімдіктердің ондаған түрлері кездеседі. Ауданның жайылым және шабындық ландшафттарының жалпы көлемі 408273 га, ауданның жалпы жер көлемінің 56,55 %, ал ауыл шаруашылық жер көлемінің 71,3 % құрайды. Ауданның шабындық ресурстары толық пайдалануда, ал жайылым кешендері шектелген.

Сарыағаш ауданының жайылым және шабындық көлемі 364820 га, ауданның жалпы жер көлемінің 47,9 %, ал ауыл шаруашылық жер көлемінен 83,5 % құрайды. Ауданның жайылым ландшафттары Бәйдібек ауданына салыстырғанда шөптесін өсімдіктердің тұрлеріне кедей, бірақ мұнда қысқы кезеңінде мал жайып бағуға болады. Жайылым ландшафттары басым құмды шөлде орналасқан, сондықтан тек қой шаруашылығына ыңғайлы.

Түркістан ауданының жайылым және шабындық кешендері басым Сырдария және басқа Қаратаудан басталатын шағын өзендері аңғарларында орналасқан. Одан басқа, әсіресе шабындық кешендері Солтүстік Қаратаудың беткейлерінде, суайырықты бөліктерінде, ал жалпы тау жотасы өте бағалы жайлау ретінде пайдалануда.

Ауданның жайылым және шабындық кешендерінің жалпы көлемі 338469 га, ол ауданның жалпы жер көлемінің 45,6 %, ал ауданның ауыл шаруашылық жер көлемінің 87,55 % құрайды. Түркістан ауданы көптеген ғасырлар бойы дамыған территориялар, сондықтан, ауданның барлық агроландшафттары мұндай адамның іс-әрекетінің қысымда табиғит кешендерінің антропогендік модификацияларына айналған.

Арыс ауданы салыстырмалы үлкен аудандарының бірі. Оның физикалық-географиялық жағдайы егістік ландшафттарын дамытуға шектелген болса, Қызылқұм шөлінде орналасқан территориясы жыл бойы пайдаланатын жайылым кешендері дамуына мүмкіндік бар.

Арыс ауданының шабындық және жайылым ландшафттарының жапы жер көлемі 268980 га, ол ауданның жалпы жер көлемінен 42,86 %, ал ауданның ауыл шаруашылық жер көлемінің 85,3 % құрайды. Ауданның жалпы жер көлемі көп емес, сондықтан, мұндай физикалық-географиялық жағдайда басым қой жаруашылығы дамыған.

Шардара ауданы жайылым және шабындық кешендері Сырдария өзенінің маңы және Қызылқұм шөлін алып жатыр. Қызылқұм магистарльдық каналы жерлерді егістік мақсатта суғарумен қатар, жайылым кешендерін суландыруға мүмкіндік береді. Каналдың төменгі ағысында суғару арқылы шабындықтар қалыптасқан. Каналдың қуаттылығы 30 мың гектар жерді суландыруға арналған.

Ауданның шабындық және жайылым кешендерінің жалпы жер көлемі 159609 га, ол ауданның жалпы жер көлемінің 12,3 %, ал ауданның ауыл шаруашылық жерлердің 67,0 % құрайды. Егістік кешендерде суғарудың жаңа суды үнемдейтін технологиялар ену нәтижесінде шабындық және суландырылатын жайылымның көлемін көбейтуге мүмкіндік бар.

Ордабасы ауданы жалпы жер көлемі көп емес облыстың орталығында орналасқан аудан. Шабындық және жайылым кешендерінің жалпы ауданы 126448 га, ол ауданның жалпы жер көлемінің 46,4 %, ал ауданның ауыл шаруашылық жерлердің 54,2 % құрайды. Аудан агроландшафттарының негізгі су көздері Арыс, Бадам және Арыс-Түркістан каналы. Суғару ауыл шаруашылығы салдарының бірі жер асты суларының деғгейі көтерілуде, сортаңдау процестері дамымаған бөлігінде суландыратын жайылым және шабындық кешендері дамыған. Арыс өзені ауысық жер асты суларын табиғи жинақтауыш, яғни агротехника дүрыс пайдалануда, сортаңдану процесі жылдамдығын төмендетуге немесе мұндай процестерді жалпы тоқтатуға болады.

Қазығұрт ауданы физикалық-географиялық жағдайы бойынша батыс және шығыс деп айқын түрде бөлінеді. Ауданның жайылым және шабындық кешендерінің жалпы ауданы 155291 га, ол ауданның жалпы жер көлемінің 37,9 %, ал ауданның ауыл шаруашылық жерлердің 58,3 % құрайды. Ауданның жайылым кешендері басым таулы бөлігінде орналасқан. Шөптесін жамылғысы шөптердің түрлеріне өте бай, сондықтан қой шаруашылығымен қатар мал шаруашылығының қара ірі саласы жақсы дамыған. Табиғи ландшафттардың мұндай антропогендік қысымы жайлау кешендерінің сапасын төмендетеді. Әсіресе қүрғақ, қуаңшыл жылдары мал бас саны көп болуына байланысты топырақтың беткі қабатының механикалық құрамын бұзу салдары нәтижесінде шөптесін жамылғысында шөптік өсімдіктердің түрлерін кедейлетеді.

Аудан территориясында таулы жер бедері болуына байланысты суландыратын шабындық және жайылым кешендері кездеспейді. Қазығұрт ауданы ауыл шаруашылығының бір ерекшелігі жер ресурстарының шектелуі, әсіресе егін шаруашылығы үшін.

Келесі қарастырылатын аудандардың жалпы бір ерекшелігі таулы жер бедері. Таулы рельеф ауыл шаруашылық дамуына кедергі жасайды, әсіресе егін кешендерін шектейді. Сонымен бірге тау беткейлері мен суайырық бөліктерінде шөптесін өсімдіктерге бай жайлау кешендері қалыптасуға мүмкіндік береді. Таулы аудандарда жауын шашын мөлшері 300 – 600 мм шамасында, яғни дала және орманды дала табиғат кешендері қалыптасуына алып келеді. Демек, бүл аудандарда таулы дала жағдайындағы жайылым және шабындық кешендері пайда болады.

Таулы аудандардың арасында жайылым және шабындық кешендерінің көлемі бойынша алдыңғы орында Түлкібас ауданы, шабындық пен жайылымның көлемі 61974 га, ол ауданның жалпы жер көлемінің 26,5 %, ал ауданның ауыл шаруашылық жерлердің 41,0 % құрайды. Шабындық және жайылым кешендері тау беткейлерінде, суайырық бөлігінде орналасқан.

Ауданның мұндай агроландшафттарының бағалылығы кешендер мал өткен соң тез қалпына келеді, шөптесін өсімдіктердің өсіп-дамуы кейбір кезде тәулік бойы бақылауға болады. Талуы шалғындар шөптесін өсімдіктердің түрлерін өте бай болып табылады, сондықтан қой шаруашылығымен қатар қара ірі саласы жақсы дамуда, тіпті кейбір қожалықтарда қара ірі мал басы саны қой санына қарағанда көбірек болады.

Ауданның шабындық және жайылым кешендерінің жер көлемі қарқынды төмендеуімен сипатталады. Оның басты себебі, облыс орталғына жақын болуы, Шымкент қаласы түрғындар санын көбеюі егістік шаруашылықтың өнімін көп талап етеді, яғни бар кешендерді егістікке айналдырады.

Келесі таулы ауданы – Төлеби ауданы, оның жайылым және шабындық жер көлемі 59931 га, ол ауданның жалпы жер көлемінің 19,0 %, ал ауданның ауыл шаруашылық жерлердің 42,4 % құрайды. Ауданның шабындық және жайылым кешендері Түлкібас аудандағы сияқты таулы жерде орналасқан.

Төлеби ауданының мал шаруашылығы Сайрам және Түлкібас аудандарының мал шаруашылығы сияқты Шымкент қаласын өзінің өнімдерімен қамтамасыз етеді. Қала түрғындарының саны қарқынды өсуіне байланысты мал шарашылық өнімдеріне сұраныс өте көп, сондықтан жайылым және шабындық агроландашфттарына антропогендік қысым күшейе келеді. Жайлау кешендеріне антропогендік қысымның және бір түрі стихиялық туризмның дамуы. Бүгінгі таңда ауданның жайылым және шабындық кешендердің үй-тұрмыстық қоқыстарымен ластануы туралы статистикалық зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Бірақ, бұл мәселе қазірден бастап қолға алынбаса ол үлкен зиян келтіру мүмкін.

Сайрам ауданы, Шымкент қаласы айналысында орналасуына байланысты қала маңы ауыл шаруашылығы дамыған, сондықтан айтарлықтай кең жайылым мен шабындық жоқ, ол кешендердің жалпы жер көлемі 34021 га, ол ауданның жалпы жер көлемінің 19,9 %, ал ауданның ауыл шаруашылық жерлердің 25,4 % құрайды.

Шымкент және Кентау қалалары маслихаттарына қарасты жерлердің жалпы ауданы көп емес, сондықтан олардың жайылым мен шабындық кешендері басқа аудандардың жайылым және шабындық көлемінен аса маңызды аз. Шымкент қаласы маслихатына қарасты жерлерде шабындық кешені жоқтың қасы, ал жайылым агроландшафттардың көлемі 7295 га, ол ауданның жалпы жер көлемінің 23,6 %, ал ауданның ауыл шаруашылық жерлердің 35,7 % құрайды. Кентау қаласы маңындағы шабындық пен жайылымның жер көлемі 7388 га, ол ауданның жалпы жер көлемінің 14,0 %, ал ауданның ауыл шаруашылық жерлердің 74,9 % құрайды. Шымкент қаласы маңындағы мұндай кешендердің көлемі жоғары жылдамдықпен төмендеуде.

Облыстағы жайылым және шабындық кешендерінің ең аз көлемі Мақаарал ауданында. Мұнда жалпы шабындық агроландшафттың жоқтың есебі, ал жайылым кешендерінің жалпы көлемі 5356 га. Ол ауданның жалпы жер көлемінің 3,0 %, ал ауданның ауыл шаруашылық жерлердің 3,3 % құрайды. Жоғарыда айтылғандай, ауданның жалпы территориясы толық игерілген, басым мақта шаруашылығы дамыған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет