Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша депаратаментімен бірлесіп Астана қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 31 тамызында сағат 15:00 ден 17:30 дейін Астана қаласы, Кенесары көшесі, № 32 мекен-жайы бойынша Астана концерт залы ғимаратында Ашық есік күнін өткізді.
Қала тұрғындарына мәдениет саласы бойынша (мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мұрағат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, кадр мәселелері мен мәдени-ойын-сауық), мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметшілердің этикасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттті қалыптастыру бойынша сұрақтарға жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың мамандары консультациялық кеңестер берілді.
|
7
|
Мәдениет қайраткерлерімен «Адал және қажырлы еңбек – табыс кепілі» тақырыбындакездесу өткізу
|
20.09.2017
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Жеңіс даңғылы, 61 мекен-жайы бойынша орналасқан № 3 Астана қаласының балалар кітапханасында мәдениет қызметкерлерінің (Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, «Сәкен Сейфуллин мұражайы» МКҚК, «Астаналық цирк» МКҚК, «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК, «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» ММ, «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК қызметкерлері) мәдениет қайраткерлерімен кездесуі өтті.
Астана қаласы Мәслихатының III, IV, V және қазіргі шақырылымдарының депутаты, Қазақстан Республикасының құрметті депутаты, Астана қаласы әкімдігінің «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалды мұражай кешені» МКҚК директоры – Оралов Мейрамбай Әскербайұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет белгісі» және «Халықтар достастығы» ордендерінің кавалері, Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК көркемдік жетекшісі – Ешмуратова Куралай Халекетқызы, Қазақстан Республикасының әртісі, әншісә, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» МКҚК директоры – Жұматаев Ернар Құрбанбекұлы кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа барлық азаматтар қарсы әрекет жасауы қажет екендігін, балаларды өз еліне деген патриоттық рухта тәрбиелеу қажет екендігін, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімсіздікті қалыптастыру қажет екендігін айтып өтті. Сонымен қатар, Жастар театрының директоры Астана қаласының театрларында осы тақырыпқа байланысты қойылымдар әрдайым өтетінін және оған қалаған азаматтың көруіне болатынын хабарлады.
Сондай-ақ, кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жакпаров Камалидин Зиндаевич қатысты. Ол азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын шаралардың қажеттігін түсіндірді. Мәдениет қызметкерлерінің толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.
|
|