Сүйектердің жіктелуі



бет3/10
Дата07.02.2022
өлшемі102,5 Kb.
#90458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Остеология

Бассүйек cranium
Бас қаңқасы ми сауыты сүйектері және бет сүйектерінен тұрады. Ми сауыты сүйектері ми мен сезім мүшелеріне қуыс түзеді, ал бет сүйектері тыныс алу және асқорыту мүшелерінің бастапқы бөлімдерін түзеді.
Кейбір бассүйектерінде ауаға толы қуыстар болады, бұндай құрылыс сүйектердің беріктігін азайтпай, салмағын жеңілдетеді.
Ми сауыты сүйектері
Ми сауытына 8 сүйек жатады. Жұп сүйектерге төбе мен самай жатады, ал тақ сүйектерге маңдай, шүqде, сына және тор сүйекетері жатады.
Төбе сүйегі os parietale сыртына қарай дөңес сүйек, онда 4 жиегі мен 4 бұрышын ажыратады. Сыртқы бетінде төбе төмпегі болады. Төбе сүйегі ми сауыты сүйектерінің ішінде орталық орынды алады. Төбе сүйегінің сагиталды (екінші төбе сүйегімен қосылатын), маңдай, шүйде және қабыршақты (самай сүйегімен қосылатын) жиектері болады. Сыртқы бетінді қабыршақты жиектін жоғарғы жағында жоғарғы және төменгі самай сызықтары болады. Төбе сүйегінде маңдай, сына, шүйде, емізікті бұрыштары болады. Сүйектің ішкі бетінде менингеалды артерияның іздері көрінеді.
Маңдай сүйегі os frontale төбе сүйектерінің алдыңғы жағында орналасады. Онда 4 бөлімді ажыратады: қабыршақты, екі көз және мұрын. Маңдай қабыршағы алдыға қарайды, онда екі төбе төмпегі көрінеді. Қабыршақты бөлімі төменгі жағында көз бөлімдеріне ауысады. Көз бөлімдері екі жұқа сүйек табақшалары, олар бір бірінен тор ойысымен бөлінген. Қабыршақты бөлімнің көз бөліміне ауысатын жері көз үсті қыры деп аталады. Олардың үстінде қас доғалары орналасады. Көз үсті қырының медиалды жағында көз үсті ойысы болады. Латералды жағы бет өсіндісіне ауысады, ол бет сүйегімен жалғасады. Көз бөлімдері көз шарасының жоғарғы қабырғасын түзеді, ал ішкі беті ми сауытының алдыңғы шұңқырын түзеді. Көз бөлімінінің латералды бөлімінде көз жас безінің щұңқыры болады. Көз бөлімінің ішкі бетінде ми іздері көрінеді. Мұрын бөлімі тор ойысын шектейді, бұл жерге мұрын сүйегі мен жоғарғы жақтың маңдай өсіндісі келіп бекиді. Мұрын бөлімінің төменгі бүйір бетінде маңдай қойнауларының апертуралары орналасады, олар мұрын қуысымен байланысып, дем алған ауаны жылытады.
Шүйде сүйегі os occipitale, ол қабыршақты, екі латералды және базилярлы бөлімдерден тұрады. Олардың ортасында үлкен шүйде тесігі орналасады, ол арқылы сопақша ми жұлынға ауысады. Үлкен шүйде тесігінің алдынғы жағында базилярлы бөлім орналасады. Базилярлы бөлімінің төменгі бетінде жұтқыншақ төмпегі болады, оған жұтқыншақ байламдармен келіп бекиді. Ішкі милы беті сына сүйегінің денесімен қосылып ылди түзеді, оның үстінде соппақша ми орналасады. Латералды бөлімдерінің сыртқы бетінде атлантпен қосылатын шүйде айдаршықтары болады. Айдаршықтық артында айдаршық шұңқыры орналасады, ал айдаршықтың төменгі жағында тіл асты жүйкесінің өзегі өтеді. Латералды бөлімнің алдыңғы жағында мойындырық өсіндісімен шектелетін мойындырық ойысы болады. Шүйде сүйегі ми сауытының артқы шұңқырын түзуге қатысады, онда сопақша ми, көпір және мишық орналасады.
Шүйде қабыршағы ми сауыты күмбезін түзуге қатысады. Оның ішкі бетінде крест тәрізді шығыңқы жер көрінеді, оның ең шығып тұрған жері ішкі шүйде төмпегі деп аталады. Оның төменгі жағында шүйде тесігіне дейін ішкі шүйде қыры бағытталады. Қабыршақты бөлімнің ішкі бетінің жоғарғы жағында сагиталды синустың ізі көрінеді. Қабыршақты бөлімнің сыртқы бетінде сыртқы шүйде төмпегі көрінеді, оның екі жағына жоғарғы желке сызықтары бағытталады, одан төмен төменгі желке сызығы көрінеді. Қабыршақты бөлімнің жоғарғы жиегі ламбдо тәрізді жікпен төбе сүйектерімен, ал төменгі жағында самай сүйектерімен қосылады.
Сына сүйегі os spfenoidale ми сауыты негізінде орталық орын алады. Пішіні бойынша ұшып бара жатқан көбелекке ұқсас. Сүйекте келесі бөлімдерді ажыратады: денесін, жұп үлкен және жұп кіші қанаттарын, жұп қанатша өсінділерін. Денесінің жоғарғы бетінде түрік ертоқымы деп аталатын шұңқыр болады, онда энокринді без – гипофиз орналасады. Түрік ертоқымын артқы жағында ертоқым арқасы, алдыңғы жағында төмпегі шектейді. Түрік ертоқымының алдыңғы жағында көру өзектері өтеді, олар кіші қанаттарда орналасады. Кіші қанаттардың алдыңғы жиегі маңдай сүйегінің көз бөлімдерімен қосылады.Кіші қанаттардың ішкі милы беті алдыңғы бассүйек шұңқырын түзуге, ал төменгі беті көз шарасының жоғарғы қабырғасын түзуге қатысады. Кіші қанаттар үлкен қанаттардан жоғарғы көз саңылауы арқылы бөлініп тұрады. Үлкен қанаттарда көз, самай, жоғарғы жақ және милы беттерін ажыратады. Милы бетінде ми іздері мен үш тесік жақсы көрінеді: домалақ, сопақша, қылқанды. Үлкен қанаттар ортаңғы бассүйек шұңқырын, көз шарасының бүйір бетін, самай және самай асты шұңқырларын түзуге қатысады.
Қанатша өсінділер сына сүйегінің денесінен шығады да медиалды және латералды табақшалардан тұрады, олардың арасында қанатша шұңқыры орналасады.
Сыны сүйегінің денесі алдыңғы жағында тор сүйегімен, ал төменгі жағында кеңсірікпен қосылады. Денесінде ауа қойнаулары болады.
Тор сүйегі os ethmoidale, сына сүйегінің алдыңғы жағында, маңдай сүйегінің тор ойысында орналасады. Бассүйектің алдыңғы шұңқырын, көз шарасының медиалды қабырғасын және мұрын пердесін түзеді. Тор сүйегінің көлденең табақшасында көптеген тесіктер болады да ол тор табақшасы деп аталады. Оның тесіктері арқылы мұрын қуысынан иіс сезу жүйкелері миға қарай бағытталады. Торлы табақшаның жоғарғы бетінде әтеш айдары, ал оның алдында соқыр тесік орналасады. Торлы табақшаның астында перпендикулярлы табақша орналасады, ол кеңсірікпен қосылып мұрын пердесін түзуге қатысады. Перпендикулярлы табақшаның екі жағында ұяшықтардан тұратын торлы лабиринт орналасады. Тор сүйегінің ұяшықтарын үш топқа бөлінеді: алдыңғы, ортаңғы, артқы. Торлы сүйектен мұрын қуысына қарай жоғарғы және ортаңғы мұрын қойнаулары ілініп тұрады, олар әр мұрын бөлімдерін үш жолға бөледі. Тор сүйегінің көз шарасына қараған бүйір табақшасы көз табақшасы деп аталады.
Самай сүйегі os temporale жұп, бассүйек негізін және күмбездің бүйір бөлімін түзеді. Алдыңғы жағында сынамен, артынды шүйдемен, жоғарғы жағында төбе сүйектерімен қосылады. Онда қабыршақты, дабылды, тасты бөлімдерін ажыратады. Барлық үш бөлімі сыртқы есту тесігін қоршап тұрады. Қабыршақты бөлімнің сыртқы дөңес бетінен горизонталды бағытталған бет өсіндісі басталады. Оның астында төменгі жақ шұңқыры орналасады, оған төменгі жақ айдаршығы келіп буын түзеді. Самай сүйегінің пирамидасы үшбрышты. Оның ұшы сына сүйегіне бағытталған, ал негізі төмен қараған, ол емізікті өсінді деп аталады. Пирамидада алдыңғы, артқы және төменгі беттері болады. Алдыңғы бетінде үшкіл жүйкенің ізі көрінеді, одан латералды пирамиданың ішінде тепе теңдік сақтау мүшесі орналасады. Пирамиданың төменгі бетінің ортасында ішкі есту тесігі көрінеді. Пирамиданын төменгі бетінен біз тәрізді өсінді шығады. Біз тәрізді және емізікті өсінділердің арасында біз емізікті тесік орналасады (ол арқылы бет жүйкесі шығады). Төменгі бетінде ұйқы өзегіне апаратын домалақ ұйқы тесігі орналасады (оның ішімен ішкі ұйқы артериясы миға бағытталады). Пирамиданың қуысында бет өзегі, дабыл қуысы орналасады.

Бет сүйектері


Бет сүйектері жұп және тақ деп бөлінеді. Жұп сүйектерге жоғарғы жақ, таңдай, шықшыт, мұрын, көз жас және төменгі мұрын қалқандары деген сүйектер. Тақ сүйектерге жатады: төменгі жақ, тіл асты және кеңсірік сүйектері.


Жоғарғы жақ maxilla денесінен және төрт өсіндісінен тұрады: маңдай, шықшыт, таңдай және альвеолярлы өсінділер. Жоғары жақ денесінде ірі гайморов қойнауы болады. Жоғарғы жақ сүйегі мұрын қуысын, көз шарасын, ауыз қуысын түзуге қатысады. Осыған байланысты сүйектің денесінде - көз, мұрын, самай асты және алдыңғы беттерін ажыратады. Жоғарғы көз бетінде көз асты өзегі орналасады, ол арқылы тамырлар мен жүйкелер өтеді. Мұрын беті мұрын қуысының бүйір қабырғасын түзуге қатысады.
Жоғарғы жақ сүйектің таңдай өсінділері өатты таңдайды түзуге қатысады. Альвеолярлы өсіндіде 8 тіске арналған ұяшықтар болады, оларға тіс түбірлері бекиді. Шықшыт және маңдай өсінділері аталмыш сүйектермен қосылады.
Таңдай сүйегі os palatinum тік және көлденең табақшалардан тұрады. Көлденең табақша қатты таңдайды түзуге қатысады, ал тік табақша мұрын қуысының латералды қабырғасын түзуге қатысады.
Көз жас сүйегі os lacrimale жұқа тегіс сүйек, көз шарасының медиалды қабырғасын түзеді.
Мұрын сүйегі os nasale мұрын қырын түзуге қатысады.
Төменгі мұрын қалқаны concha nasale inferior иілген жұқа табақша, өзінің жоғарғы шетімен жоғарғы жақ және таңдай сүйектерімен қосылады.
Кеңсірік vomer тор сүйегінің перпендикулярлы табақшасымен қосылып мұрын қуысының пердесін түзеді, ал артқы жиегі мұрын қуысының артқы тесігі – хоаналарды бөліп тұрады.
Шықшыт сүйегі os zygomaticum самай және маңдай өсінділері мен көз, самай және латералды беттері болады. Көз беті көз шарасының төменгі және бүйір жиектерін шектейді. Самай беті самай асты шұңқырына қараған. Латералды беті беттің шықшыт аймағын түзеді. Самай өсіндісі самай сүйегінің бет өсіндісімен қосылып, шықшыт доғасын түзеді.
Төменгі жақ mandibula Бассүйектегі жалғыз қозғалмалы сүйек. Онда денесі мен тармақтарын ажыратады. Төменгі жақтың денесі таға тәрізді иілген, онда ішкі және сыртқы беттерін, жоғарғы және төменгі жиектерін ажыратады. Денесінің алдыңғы бетінде иек төмпегі орналасады, одан латералды иек тесіктері көрінеді. Денесінің жоғарғы жиегінде 16 тіске арналған үяшықтар болады, бұл жиекті альвеолярлы доға деп атайды. Төменгі жақтың денесі артқы жағында бұрыш түзіп тармақтарға ауысады. Осы тармақтар жоғарғы жағында төменгі жақ ойысы арқылы тәжді және айдаршықты өсінділерге бөлінеді. Айдаршықты өсінді самай сүйегімен қосылып буын түзеді. Төменгі жақ бұрышының сыртқы бетінде шайнау бұдыры орналасады, ал ішкі бетінде қанатша бұдыры көрінеді, оларға шайнау б.е-рі келіп бекиді.
Тіл асты сүйегі os hyoideum мойынның алдыңғы бетінде төртінші мойын омыртқасы деңгейінде орналасады, мойын б.е-нің көмегімен төменгі жақ және төс сүйектерінің арасында ұсталып тұрады. Тіл асты сүйегінде денесі мен үлкен және кіші мүйіздерін ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет