СөЖ 1 Коммерциялық банктер қызметінің негізгі шарттары мен функциялары ҚР-дағы коммерциялың банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі»



бет11/19
Дата07.02.2022
өлшемі246 Kb.
#82492
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
СӨЖ 1-7 Банк ісінен

360 х 100
мұндағы:
І — сыйаңы мөлшері;
Р — қарыз қалдығы;
п — сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;
I — несиенің барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.
Несие бойынша есептелетін күрделі сыйаңыны есептеу фор­муласы мынадай:
мұндағы:
і ~ сыйақы мөлшерлемесі;
Р ~ несиенің бастапқы сомасы;
I — несиенің барлық мерзіміне есептетін сыйақы сомасы;
п — аймен берілген несиенің ұзақтығы.
Егер де несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен несиелер шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен несиелік қарызға сыйақыны есептеу мынадай формулаға байланысты жүргізіледі:
мұндағы:
Ig — мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы со­масы;
G — мерзімі өткен қарыз сомасы;
ig — мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі (айып-пұл);
tl — несие бергеннен бастап мерзімі еткен қарызға байланысты сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мезгілі
t2 — несие бергеннен бастап мерзімі еткен қарыз пайда болғанға дейінгі уақыт мезгілі.
Несиелеудің келесі бір принцип — берілетін несиелердің материалдык, жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та уақыт өте келе бұл принциптің мазмұны толығымен өзгерген.
80-ші жылдардың аяғына дейін КСРО-да несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы-материалдық құндылықтармен жүзеге асырылып келді. Бұл әрине сол кезден экономикамыздағы өндірісті ұйымдастырудың социалистік принциптеріне сай негізделуімен, банк ісіне және өнеркәсіптік өндіріске монополияның араласуымен байланысты болды. Бұл аталған несиенің қағидасы көзге керінгісіз, себебі қамтамасыз етілген құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да, несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек қағаз жүзінде ғана жүргізілді. Ал бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда.
Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.
Кепілге берілетін несие — бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты формасы ретінде мынадай шарттарды сақтайды: біріншіден, кепілдің құнын анықтау барысында несие мөлшері мен пайыз мөлшерлемесін қоса ал-ғандағы сомасын, сол сияқты кепілді іске асыруда және оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дұрыс анықтау қажет; екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық заңдылық жақта-рын, құқылығын, міндеттілігін тексере отырып, тұрақты және заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету қажет; үшіншіден, бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын, құндылығын үнемі бақылап отыру қажет. Бұл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да байланысты болып келеді.
Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің мынадай сипатта болуын білу шарт:
Біріншіден, кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуға тиіс.
Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыру қажет.
Үшіншіден, кепілдің етімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсаң, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.
Төртіншіден, кепіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.
Кепілхат — қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда кепілхаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепілхатты несиенің қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепілхатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.
Кепілхат — күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге бөлінеді:
Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе к,амтамасыз етілмеген болып келеді.
Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепілхат бойынша, оны беруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепілхат қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме — бұл нақты бір қарыз алушының несиеге байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепілхаттың бұл түрлері біздің елімізде дами алған жөн.
Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепілхаттар. Жеке кепілхат жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепілхаттары басқа бір қорпорациялардың алған несиелерін қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепілхаттар дамыған елдер тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепілхаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.
Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы — несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда.


СӨЖ 6 Банктің проблемалы несиелеімен жұмысы

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет