Срс – 13 Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жазбаларындағы ел бірлігі



Дата09.01.2022
өлшемі14,82 Kb.
#110515
Байланысты:
руханият срс 13 апта


Карамадинова Жансая

Мфпко 101

СРС – 13

Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жазбаларындағы ел бірлігі

Орта  Азия  мен Қазақстан территориясында  бірте-бірте патриархалды-феодалдық қатынастар  қалыптасып,  ежелгі феодалдық  мемлекеттер  құрыла бастады. Орталық Азиядағы  көптеген  тайпалық  одақтардан бірігіп пайда болған ежелгі  феодалдық мемлекеттердің бірі Түрік қағандығы  (552-745) еді.


«Түрік» термині тұңғыш рет 542 жылы аталды. « Түрік» этнонимі  алғашқы  кезде белгілі  бір адамның ата- тегі  шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Тарихи аренаға  сақтардан кейін шыққан ірі тайпалық бірлестік саналатын үйсіндер мен қаңлылар да түркі тілінде сөйлеген. Түрік қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі барынша  кеңіп, ұлан-ғайыр өлкедегі  негізгі  тілге айналды. Түрік қағанаты тарихының алғашқы  кезеңінде-ақ,  көне түрік таңбаларына , яғни ру  символдарына ұқсас болып келетін  түріктердің өз жазуы өмірге келді.Бұл жазу геометриялық пішіндегі  38 таңбадан тұрады.Ең бастысы- бұл жазу түрік тілінің  фонетикалық  ерекшеліктерін   айна-қатесіз  дәл жеткізуге  мүмкіндік берді. Осы көне түрік жазуы бертін келе « руна» жазуы деп аталып кетті.  Скандинавия халықтарының  тілінде «рунь» деген сөз «құпия», яғни «сыр ашылмаған»  деген ұғымды білдіреді. Өйткені, XVIII ғасырдың 20-жылдарында  Орхон-Енисей  аңғарынан  табылған көне түрік жазуын  көпке дейін  ешкім оқи алмады. Бұл жазудың сырын Дания ғалымы В.Томсен 1893 жылы ашты.
Ежелгі  түркі дәуірінің   қоғамдық, әдеби,  мәдени  өмірін жыр еткен  ғажайып дастандар бар. Бұлар-« Күлтегін», « Білге қаған», «Тоныкөк» жырлары деп аталады.  Бұдан 1250 жыл бұрын  үлкен  құлпытастарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да,  көркемдік  шеберлері тұрғысынан  да күні бүгінге  дейін  оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Руна жазуындағы жәдігерліктер жанры  туралы соңғы  кезге дейін  әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Бұларды біресе прозалық шығарма десе, екінші  жолы поэзиялық туынды  деп келеді.
« Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары
Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген )- ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшы, сол дәуірдің  белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ (Елтеріс) қағанның  кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы  қаза тапқаннан кейін  бүкіл түркі  әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң, Күлтегін оның  ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Моголяны (кейінірек Білге қаған аталған) күллі түрік  елінің қағаны етіп тағайындалды. Күлтегін  талай-талай соғыстарды жеңіске жетіп, өзін  қабілетті қолбасшы ретінде  танытылады.
Көркемдік ерекшелігіОрхон  ескерткіштерінің  жанрлық ерекшіліктері  туралы соңғы кезге  дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас  орын алып келді. Бірі Күлтегін, Білге қаған  және Тоныкөк  ескерткіштері  көркем әдебиетке , соның ішінде  поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының  дәлме-дәл  жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі –руна  жазуындағы бұл ескерткіштері  поэзиялық туындыға  тән барлық белгілері  бар, ежелгі  түркілердің  өзіндік  әдеби дәстүріне  негізделген көркем  туынды деп таныды. Орхон ескерткіштерін, поэзия,  ерлік жыры деп  алғаш бағалаған  ғалымдардың  бірі-академик-жазушы  М.Әуезов  болды.Ол руна жазуындағы  ерскерткіштердің  мазмұны мен сипаты  туралы айта келіп, былай деп жазды: « Олардың  мазмұнында  эпостық баяндау  сазы  басым, аңыздың  көркемдік  түрі де осыған орайлас. Күлтегін, Тоныкөк немесе Суджа  жазуларында  қанша  ерлік  бейнеленген  десеңізші?! Оларда әр алуан рулар мен тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың шежіресі бар». Бұл жазба жәдігерліктер өзінің мазмұны мен пішіні жағынан ғана емес, ырғаққа, яки ритмге-үннің  жүйелі ,  мерзімді, мөлшерлі  қайталануына негізделуі тұрғысынан  да поэзиялық сипатқа ие екенін  тұңғыш рет И.В. Стеблева дәлелдеп шықты. Ол Орхон ескерткіштерінің өлшемі-әрі буын, әрі екпін екенін, ырғақ пен шумақ,  тармақ пен бунақ-сол буын мен екпінге негізделеді деп айтты.  Мұндай пікірлердің  теорялық және практикалық мәні зор еді.  Өлеңде  бірыңғай  дауыссыз дыбыстардың  қайталанып қиысуы, яғни аллетирация жырдағы үндестікті, мәнерлілікті  күшейте  түсетінін  ежелгі  түрік сөз зергерлері  жақсы түсініп,  бұл әдісті шебер меңгергені анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет