Т. Г. Шевченко атындағы №13 орта мектеп



бет9/20
Дата23.10.2023
өлшемі163,1 Kb.
#187485
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
a.baytrsynovty-aza-tlne-osan-les

Ахмет Байтұрсынов осы оқулығында әріптерді балаларға үйрету кезінде толып жатқан әдістерді қолданған. Ол өзі жасаған алфавиттегі әріптерді үйрету барысында алдымен, жазуп үйрену үшін тілдегі дыбыстарды тани білу керектігіне басты назар аударады. «Сол дыбыстарға арналған әріптерді тани білу жөн» дейді автор, сол үшін ол сауаттану, яғни үйрену үшін сауаттану әдісін қолданған, бұл әдіс бойынша адам жаза білуге талпынады. Сондай- ақ ол әріптерді үйренуде дыбысты әдіпті де қолданған. Бұл әдіс бойынша мұғалім бір дыбысты айтады да, ол не дыбыс? « деп балалардан сұрайды. Балалар сол дыбысты меңгеріп болған соң, оның әріптік таңбасын суретпен не тақтаға жазып көрсетеді. Әріптерді танып білгеннен кейін, сол әріптерден қысқа – қысқа сөздер құратып үйретеді. (9)

Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы « Қазақща оқу жайынан» деген мақаласында «Бала оқытуды жақсы білемін деген адам, әуелі балаға үйрететін нәрселерін өте жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халінен хабар аларлық болу керек» деп жазғаны- ұстаздарға айтылған ғибрат. (8,65)

«Оқу құралы» арқылы балаларды сауаттандырып алғаннан кейін, ол енді қазақ тілін пән ретінде оқытудың құралын ойластыра бастайды. Бірнеше бөлімнен тұратын бұл оқулықтың әр бөлімі жеке-жеке «Тіл құрал» деген атпен жариялана бастайды. 1914 жылы морфологияға арналған II-ші бөлімі 1915 жылы фонетикаға арналған I-ші бөлімі, содан кейін синтаксиске байланысты III-ші бөлімі жұртшылыққа ұсынылады. Мұның қайсысы да кемінде 6-7 рет баспа жүзін көрген. «Тіл құрал» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған құбылыс. Оның жалғыз тіл емес, өзге пәндерден оқып үйренетін қазақша жазылған кітап, құрал дегендерді білмей- көрмей келе жатқан қазақ жұртшылығы үшім мүлде тың дүние екендігін автордың өзі де ескертеді. Кітаптың «Сөз басында», «Тіл құрал» деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуел кезде сондай жат көрінер, өйткені, қазақта бұрын болмаған жаңа зат халықта бұрын болмаған нәрсе жат көрініп, бірте- бірте бойы үйренген соң қалатын дейді. Шынында да ол жат болмақ түгіл, бірте- бірте соншама үйреншікті қазақ балаларының бірнеше буынын тәрбиеленген. 14-15 жыл бойы мектеп оқушыларына ана тілініңн табиғатын танытқан ет бауыр дүниеге айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет