Т. Я. Эрназаров 201 ж


Оқушылардың білімін бағалау критерийлері



бет4/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,75 Mb.
#32199
1   2   3   4   5   6

12. Оқушылардың білімін бағалау критерийлері
Пәнді зерттеу барлық өткен материалды қамтитын тестілеу формасындағы емтиханмен аяқталады. Емтиханға кіру рұқсатының міндетті шарты болып бағдарламадағы барлық тапсырмаларды орындау табылады.

Әр ссабақ 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберу рейтингісі барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалық түрінде шығарылады (дәріске бару, үй тапсырмалары, СӨЖ тапсырмалары,тәжірибе тапсырмалары, межелік бақылау және т.б.).

Пән бойынша қорытынды бақылауға оқу бағдарламасының барлық тапсырмаларын орындаған студенттер жіберіледі (барлық зертханалық жұмыстардың, СӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмалардың орындалуы мен тапсырылуы), курстық жобаны қорғау үшін оң баға алғандар және жіберурейтингін жинаған дар ( баллдан кем емес).

Әрбір пән бойнша студенттің оқу жетістіктерінің деңгейі (сондай-ақ қорытынды бақылау формасы МЕ болып табылатын пәндерден) ЖБ мен ҚБ (емтихан, сынақ, курстық жобаны қорғау) бағаларынан тұратын және олардың салмақты үлесін ескере отырып (ЖРСҮ және ҚБСҮ) қорытынды бағамен анықталады (Қ).

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Салмақты үлестері жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6-дан, ал ҚБ үшін 0,3-тен артық болмауы керек.

Пән бойынша қорытынды бақылау тек қана оқушы жіберу рейтингі бойынша да, қорытынды бақылау бойынша да оңтайлы баға алған жағдайында ғана қорытынды баға саналады. Қорытынды бақылауға себепсіз келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағасына теңестіріледі. Пән бойынша аралық аттестациялау мен емтихан нәтижелері студентке сол күнде не келесі күні, егер емтихан күннің екінші жартысында өткізілсе жеткізіледі.

Қорытынды бағаның дұрыс есептелуі үшін межелік бақылау мен қорытынды емтиханда 0-ден 100 балл аралығында бағаланады.

Межелік бақылау бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылау бағаларынан құралады. Оқу жетістіктері, яғни «Қаржы» мамандығы бойынша студенттің білімдері, машықтары, мүмкіндіктері және біліктілігі сандық эквивалентіне және дәстүрлі баға шкаласына сәйкес келетін көпбаллдық әріптік жүйе бойынша бағаланады.





Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Үздік

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясат пен үрдістер
Оқушылармен барлық аудиториялық сабақтарға кешігусіз қатысуы міндетті болып табылады. Сабақты босату жағдайында деканатпен бекітілген тәртіппен өтеледі . Максималды тұрғыда екі сабақты босату рұқсат етілген. Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақты босатуға теңестіріледі. Екі реттен көп сабақты босату кезінде оқытушы студентті келесіде сабаққа кіргізбеуге құқылы (мәселені әкімшілік түрде шешуге дейін баруға құқылы). Дәрісте болуға топ студенттеріне жатпайтын тыс тұлғаларға тыйым салынады. Тапсырмаларды уақытында тапсыруы тиіс. Барлық тапсырмаларды тапсырудың ең ақырғы күні – емтихан сессиясының басталуына 3 күн бұрын.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді..

Әрбір оқу сабақтары бойынша тақырыпты қайталау мен өткен материалдарды өтеу міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тесттермен немесе жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.

Мұғалімнің жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысын орындау кезінде (СӨЖМ) келесі төрт негізгі функцияны ескеру қажет.

Бірінші – оқу пәндері бойынша белгіленген сабақтар аралағында алынған оқытушының ақпараты студенттермен белсенді қабылдауын жүзеге асыруды болжайды.

Екінші функция мынаны болжайды: студенттер оқытушының ұсыныстары негізінде өздігінен әдістемелік-нұсқаулық құралды, оқу әдебиеттерін зерттейді, үй тапсырмасын орындайды,бақылау және курстық жұмыстарын орындайды. Бұл кезеңде студенттен жұмыс жасау тәсілдерін білуді, қиыншылықтарды шешуі мен өзін-өзі ұйымдастыруы мен өздік тәртіп талап етіледі.

Үшінші функция студенттердің өзінің қиын жағдайларын жүйелеу мен талдаудан,қиындықтардың себептерін анықтау мен оқу материалдарын ұғу мен меңгеруден, басқа оқу істерінен тұрады. Студенттер шешілмейтін қиындықтарды оқытушы сұрақтар жүйесіне аударады (реттеп,ресімдейді), өзіндік жауап нұсқаларын құрастырады.

Төртінші функция оқытушыларға кеңес, түсіндірулер үшін бет бұруы..
14. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

1 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңы (10.12.2008 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2 Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3. Исқақов. Қаржы нарықты және делдалдар Изд-во "Экономика",2008ж-295б

4. М.Искаков, Д. Т. Бохаев, Э. А. Рузиева.-Алматы:Экономика,2008ж.-295 б

5. Баймұратов. Қазақстан қаржы жүйесі. Изд-во "Экономика, 2010ж-78б

6 Банк iсi. Мақыш С.Б., Iлияс А.Ә. Оқу құралы — Алматы: Қазақ университетi, 2007 ж.

7 Хамитов Н.Н. Банковское дело. Курс лекций. Алматы. Экономика, 2007ж.


Қосымша әдебиет

10. Блеутаева К.Б. Қаржы: электронный учебник. - Алматы, Нұр-пресс -2010ж

11. Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008ж.

12. Сайттар: www.nationalbank.kz/, www.kase.kz/ ,www.rfca.gov.kz/,www.fingramota.kz/

Мерзiмдi басылымдар

13. ҚР Ұлттық банктiң статистикалық бюллетенi. Ұлттық банк басылымы, ай сайын.

14. Банки Казахстана. Қазақстан банктерi Ассоциациясының басылымы, ай сайын.

15. Ұлттық банк Жаршысы. Ұлттық банк басылымы, айына екi рет.

16. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.

17. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын (қазақша және орысша).

18. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.
Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1. Д. Т. Абенова, Д. К. Ахметов Маркетингті басқару: Павлодар: Кереку, 2010

2. Оразбаева, К. Н. Маркетинг: - Атырау : Ер Төстiк, 2007

3.Романова А.Н М.Маркетинг: Учебник : Банки и биржи Юнити, 2006

4. Рахимбаев, А. Б.Маркетинг теориясы және практикасы : оқу құралы-Алматы : Заң әдебиетi, 2009

5. Рахимбаев, А. Б.Маркетинг теориясы және практикасы [Электрондық ресурс] : оқу құралы -Алматы : Нұр-Пресс, 2009.

6. Маркетинг негiздерi : оқулық [кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру ұйымдарына ұсынылған] Тойкин, С. Х. Астана : Фолиант, 2008

Қосымша
7 Маркетинг және менеджмент негiздерi : оқулық Сатыбалдыұлы, С., Байтанаева, Б. Астана : Фолиант, 2007

8 Сатыбалдыұлы, С.Маркетинг - нарықтану : жоғары оқу орындарының студенттерiне арналған оқулық - Алматы : Бiлiм, 2002.





Әдістемелік нұсқаулардың

титулдық беті







Форма

Ф СО ПГУ 7.18.4/20





Қазақстан Республикассының Білім және Ғылым Министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
Кафедра ____ _____«Қаржы»________________________________

(кафедра)



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР
_______________________________________________________________

тәжірибелік сабақтарға__________________________________________

(сабақ түрі)
«Қаржы нарықтары және делдалдары» пәні бойынша ___________________________________________

(пән атауы)

Экономикалық мамандықтарының студенттеріне арналған _______________________________

Павлодар


Тәжірибелік (семинарлық, зертаналық, жеке, студиялық) сабақтардың мазмұны, сағаттағы олардың көлемі
1 тақырып. Қаржы нарығының инфрақұрылымы мен құрамдас элементтері - 1 сағат.

Мазмұны:

Қаржы нарығының дамуы мен құрылуы. Әртүрлі экономистермен «Қаржы нарығы» түсінігінің трактовкасы.

Қаржы нарығының маңыздылығы. Экономиканың дамуындағы каржы нарығының ролі. Қаржы нарығының функциялары. Реттеу функциясы. Коммерциялық функциясы. Баға белгілеу фунциясы. Ақпараттық функциясы. Бөлу функциясы. Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру функциясы.

Қаржы нарығы құрылымының түсінігі. Қаржы нарығының институционалдық құрылымы. Қаржы нарығына қатысушылар. Қаржы нарығының сегменттері.



Қазақстанның қаржы нарығы және оның құрамдас элементтері. ҚР-дағы қаржы нарығының жіктелімдік ерекшеліктері. Қазақстан қаржы нарығының институционалдық құрылымы. Қазақстан қаржы нарығындағы айналыста қолданып жатқан қаржы құралдарына тәуелді ҚР-ның қаржы нарығының жіктелімдері.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1. Қаржы нарығының дамуы мен құрылуы. Әртүрлі экономистермен «Қаржы нарығы» түсінігінің трактовкасы.

2. Қаржы нарығының маңыздылығы. Экономиканың дамуындағы каржы нарығының ролі.

3. Қаржы нарығының функциялары.

4. Қаржы нарығы құрылымының түсінігі.

5. Қазақстанның қаржы нарығы және оның құрамдас элементтері.

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар Қаржы нарығы құрылымының түсінігі, қаржы нарығының институционалдық құрылымы, қаржы нарығына қатысушылар, қаржы нарығының сегменттерін меңгеру қажет.
2 тақырып. Ақша нарығы және оның қаржы құралдары - 1 сағат.

Мазмұны:

Ақша нарығының түсінігі. Ақша нарығының мағынасы мен мәні. Экономикадағы ақша нарығының рөлі. Ақша нарығының функциясы. Ақша нарығының құрылымы.

Ақша нарығының қаржылық құралдары. Қазақстан Республикасының банкноттары және олардың айналыс ерекшеліктері. Қолма-қол ақшалар және ақша функциясы.



Вексель түсінігі. Вексель түрлері. Вексельдік операциялар. Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыстар. Банктік акцептер.

Чек түсінігі. Чек түрлері. Қазақстан Республикасының территориясындағы чекпен есеп айырысу. Төлем карточкаларымен тікелей жүргізілетін операциялардың түрлері.



Ақша нарығының төлем құралы. Қолма-қол ақшамен және қолма-қолсыз ақшамен төлемдер жүргізу. Шаруашылық субъектілер арасындағы есеп айырысудың ролі және төлемдік міндеттемелер.

Шаруашылық субъектілер арасындағы есеп айырысудың ролі және төлемдік міндеттемелердің міндеттемелері.

Аккредитивтер және оның түрлері. Құжатты және құжатты емес аккредитивтер. Қамтамасыздырылған және қамтамасыздырылмаған аккредитивтер.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1. Ақша нарығының түсінігі. Ақша нарығының мағынасы мен мәні. Экономикадағы ақша нарығының рөлі.



2. Ақша нарығының функциясы. Ақша нарығының құрылымы.

3. Ақша нарығының қаржылық құралдары. Қазақстан Республикасының банкноттары және олардың айналыс ерекшеліктері.



4. Вексель түсінігі. Вексель түрлері. Вексельдік операциялар. Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыстар. Банктік акцептер.

5. Чек түсінігі. Чек түрлері. Қазақстан Республикасының территориясындағы чекпен есеп айырысу. Қазақстандық коммерциялық банктердің жол чектері.

6. Төлем карточкалары түсінігі. Төлем карточкаларының түрлері.

7. Ақша нарығының төлем құралдары



Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар Ақша нарығының мағынасы мен мәніне назар аудару қажет.
3 тақырып. Депозит нарық және оның қаржылық құралдары - 1 сағат.

Мазмұны:

Депозит нарығының мәні. Депозит нарығының мағынасы мен рөлі. Депозит нарығының функциясы. Депозит нарығының құрылымы. Қазақстан Республикасы депозит нарығы инфрақұрылымының ерекшеліктері.

Депозит, коммерциялық банктердің ресурстық базасы. Депозит түсінігі және оның ролі. Депозиттердің типтері. Талап еткенге дейінгі депозиттер. Талап еткенге дейінгі депозиттік шоттардың ерекшеліктері. АТS-шотына орналастыру. Контокорренттік шот. Овердрафт пен ағымдағы шот. Коммерциялық банктердің чектік депозиттермен жұмыс жасауы. Ноу-шоттың ерекшеліктері. Жинақ депозиттерінің ерекшеліктері. Жинақ кітапшаларындағы шот ерекшеліктері. Жинақ салымы жағдайындағы көшірмеге шот. Ақша нарығының депозиттік шоты. Жедел жинақ салымы және оның Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері. Коммерциялқ банктердің салымдары. Банктік емес қаржылық-несиелік мекемелердің салымдары және олардың мақсаттары. Депозиттік сертификаттың маңызы және оның қаржы нарығындағы айналысының қажеттілігі. Депозиттік сертификаттардың жіктелімі. Айналымды және айналымсыз депозиттік сертификаттар.

Депозит нағыныдағы баға белгілеу. Қазақстан депозит нарығындағы ставкалар. Депозит ставкаларының өзгеруіне әсер ететін факторлар.

Жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйелері. Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының даму мәселелері.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1.Депозит нарығының мәні. Депозит нарығының мағынасы мен рөлі. Депозит нарығының функциясы.

3. Депозит нарығының құрылымы. Қазақстан Республикасы депозит нарығы инфрақұрылымының ерекшеліктері.



4. Депозит түсінігі және оның ролі.

5. Депозиттердің типтері.



6. Депозиттік сертификаттың маңызы және оның қаржы нарығындағы айналысының қажеттілігі.

7. Жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйелері. Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының даму мәселелері.



Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар Депозит нарығының мағынасы мен рөлінің мәселелеріне назар аудару қажет.
4 тақырып. Несие нарығының мәні және оның маңызы - 1 сағат.

Мазмұны:

Қаржы нарығы жүйесіндегі несие нарығының орны. Несие нарығының мәні. Несие нарығының функциясы. Қазақстан несие нарығының құрылымы. Ұдайы өндірістік процесс кезіндегі несиенің рөлі. Несие мен ақшаның өзара байланысы. Несиенің құрылымы. Несие беру сызбасы. Несиенің жіктелімдері. Қазақстан Республикасындағы дамыған несиенің түрлері. Тұтыну несие және оның мақсаты. Өндірістік несие. Ауыл шаруашылық несиесі. Шағын және орта бизнесті несиелеу. Ипотекалық несие. Қазақмстандағы ипотекалық несиелеудің даму ерекшеліктері. ҚР ипотекалық компаниясы, оның Қазақстан Республикасындағы несие нарығындағы ролі. Мемлекеттік несие. Коммерциялык несие. Халықаралық несие.

Қазақстан Республикасындағы несие нарығының жағдайы. Қазақстан Республикасы несие нарығының құралдары және олардың ерекшеліктері.



Несие нарығындағы баға белгілеу. Несие бойынша банктік пайыздар. Қазақстан Республикасындағы несие берудің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасындағы несие нарығының даму мәселелері.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1. Несие нарығының түсінігі. Несие нарығының функциясы.

2. Қазақстан несие нарығының құрылымы.

3. Несиенің жіктелімдері.

4. Қазақстан Республикасындағы несие нарығының жағдайы. Қазақстан Республикасы несие нарығының құралдары және олардың ерекшеліктері.



Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар Несие нарығының түсінігі мен мәселелеріне назар аудару қажет.
5 тақырып. Валюта нарығы және валюталық операциялар - 1 сағат.

Мазмұны:

Валюта нарығының түсінігі. Валюта нарығының функциялары. Валюта нарығы: түрлері және оның дамуындағы негізгі кезендер. Валюта нарығының дамуы. Валюта нарығының құрылымы.

Валюта нарығына қатысушылар. Валюта нарығының қаржылық құралдары. Валюта түсінігі. Ұлттық және шетелдік валюта. Резервтік валюта түсінігі. Еркін айырбасталаьын, ішінара айырбасталатын және айырбасталмайтын (жабық) валюта түсінігі.

Валюталық бағам түсінігі. Валюта бағамына әсер ететін факторлар. Қалқымалы валюта бағамы. Валюталық девальвация және ревальвация түсінігі.



Валютаның биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржадан тыс нарықтағы валютаны сату және сатып алу мәмілелері. Валюталық бағам және валюталық операция. Валютаға сұраныс пен ұсыныс. Валюта бағасына әсер етуші факторлар. Валютаға баға белгілеу және баға белгілеудің түрлері. Валюталық мәмілелер және оның түрлері. Жедел мәмілелер. Кассалық мәмілелер. Айырбас операциялары. Форвардтық валюталық операциялар. Шетел валютасының айырбасталуы (свопы). Валюталық опциондар.

Қазақстан Республикасындағы валюталық саясаттар мен реттеулер. Валюталық реттеудің әдістері мен түрлері. Қазақстандағы валюталық реттеудің негізгі бағыттары. Жаhандандыру жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат. Қазақстандағы валюталық режимді либерализациялау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет