Табиғи газдарды, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау тақырыбына қысқаша шолу



бет6/23
Дата21.09.2022
өлшемі4,12 Mb.
#150249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
каз ДӘРІСТЕР 1-15
15a2d939-3824-4627-93ed-5a678f50bf36 (2), ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, Кунделик Апилова, 2 лекц, бух есеп, 4 Дәріс кешені, УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ КАДАСТРОВАЯ ОЦЕНКА И ЗОНИРОВАНИЕ ЗЕМЕЛЬ (1), лекция 1, Силабус, ИС 342 силабус, Спутниктік байланыс және навигация жүйелері, Практикум по гидравлике, Шаршеналиев диплом, Дип.-Арысқұм-мұнай-кенінің-бұрғылау-қондырғысының-жаңартылған-қосалқы-элементтерін-электр-энерги
Бақылау сұрақтары:

  1. Практикалық есептеу үшін коммерциялық шығын формуласын жазыңыз?

  2. Магистралды газөткізгіш бойындағы газ қысымы қалай өзгереді?

  3. Магистралды газөткізгіш бойындағы газ температурасы қалай өзгереді?



ДӘРІС 5. Магистралды газ құбырларының технологиялық есебі
Магистралды газ құбырының технологиялық есептеудің басты мәселелерінің бірі – газ тасымалының ең тиімді экономикалық пара­метрлерін - D диаметрін, рн жұмыс қысымын және ε сығылу дәрежесін есептеу. Ең тиімді экономикалық пара­метрлерді есептеу тәсілдерінің ішіндегі ең қарапайымы және сенімдісі – бәсекелес нұсқаларды салыстыру әдісі. Бұл жағдайда қосымша құбырларды, жұмыс қысымын, және де КС-ның әртүрлі типтік өлшемдерін таңдауға қатысты белгілі ұсыныстар қолданылады. Салыстыру үшін диаметр бойынша бірнеше нұсқа алынады. 5 млрд. м3/жылдан артық өткізгіштік қабілеті болатын газ құбыры үшін жұмыс қысымы 5,5 және 7,5 МПа –ға тең келетін нұсқалар, ал сығылу дәрежесіне сәйкес – КС-да газдың бір және екі сатылы сығылу үлгісі қабылданады. Салыстырылатын бәсекелес нұсқалардың саны газ құбырының негізгі параметрлерінің шектеулі болуы себепті, және қолда бар құбырлар мен газ айдау агрегаттарына байланысты (немесе оларды айтылған мерзімде жеткізу мүмкіндігіне қатысты) аз болып қалады. Содан кейін әрбір қалған нұсқа бойынша механикалық, жылулық, гидравликалық және экономикалық есептеулер жүргізіледі. Құбыр құрылысы үшін ең аз келтірілген шығыны бар нұсқа қабылданады. Жалпы жағдайда келтірілген шығын төмендегі формуламен есептеледі (у.е./жыл):
Р = Э + ЕК, (68)
бұл өрнектегі К күрделі қаржы, Э - пайдалану шығындары, Е - күрделі қаржының мөлшерлік (нормалық) коэффициенті (мұнай-газ өнеркәсібі үшін Е = 0,12 1/жыл). Е=1/Т, бұл жерде Т - әрбір өнеркәсіп түріндегі өзін - өзі ақтаудың мөлшерлік мерзімі (мұнай-газ өнеркәсібі үшін Т = 8,3 жыл).
Егер бірнеше нұсқалардың ең аз келтірілген шығындары бір-біріне жақын болып шықса (5 %-дан көп емес), онда таңдау үшін басқадай шарттар алынады (күрделі қаржы, металл сиымдылық, т.с.с.). Нұсқалар бойынша келтірілген шығындарды есептеу үшін ірілендірілген техникалық-экономикалық көрсеткіштерді қолданады, олар магистралды газ құбырларын салған және пайдаланған жағдайларда табылған болатын. Есептеулерді бәсекелес диаметрлерді таңдаудан бастайды. Берілген жылдық өткізу қабілеті бойынша магистралды газ құбырының үш диаметрі таңдалады. Бұлар берілген өткізу қабілетіне жақын жатқан, оған сәйкес мәннен үлкен болатын екеу және кішкене болатын бір, диаметрлер. Сосын КС-дағы газдың сығылу дәрежесін және сол газ айдау стансасында қойылатын агрегаттардың (жұмыстық және резервтегі) санын таңдайды. Осы алынған деректер таңдалған үш бәсекелес диаметрге сәйкес нұсқаларды техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша салыстыру жасауға жеткілікті болады. Егер орташа диаметр келтірілегн шығыны ең аз нұсқа болып шықса, онда техникалық-экономикалық есептеу бітті деп санауға болады.
Егер ең аз диаметр шығыны ең аз нұсқа (үш нұсқаның ішінен) болып шықса, онда одан да аз болатын келесі диаметрге сәйкес қосымша нұсқа есептеледі. Сол сияқты, егер ең көп диаметр шығыны жағынан ең аз нұсқа (үш нұсқаның ішінен) болып шықса, онда одан да көп болатын келесі диаметрге сәйкес қосымша нұсқа қарастырылады. Ал шығыны ең аз нұсқа 1420 мм диаметрге сәйкес келсе, онда осы нұсқа жұмыстық нұсқа ретінде қабылданады. Келтірілген шығын (68) формуламен есептеледі, бұл өрнектегі К күрделі қаржы мен Э пайдалану шығындары газ құбырлары үшін былай табылады:
K=cLтр+cстn, (69)
Э=элLтр+эстn. (70)
Мұндағы с, эл - 1 км газ құбырының желілік бөлігіне сәйкес келетін меншікті күрделі қаржы мен пайдалану шығындары (7-кесте); cст, эст – КС-ға кететін сәйкес күрделі қаржы мен пайдалану шығындары (8 және 9-кестелер)
Таңдалған жабдықтар (рн жұмыс қысымы және ε сығылу дәрежесі) аралықтың соңындағы рк қысымды анықтайды, яғни келесі КС кірісіндегі қысымды табады. Магистралды құбырдың соңындағы (яғни, сол жерде орналасқан газ тарату стансасының (ГРС) кірісіндегі) қысым газ тұтыну сипатымен анықталады. КС аралықтарының басы мен соңындағы, және соңғы аралықтың соңындағы қысым арқылы шығын формуласымен аралықтардың және соңғы бөліктің ұзындығын табады.
Бір жіпті газ құбырының соңғы бөлігінің ұзындығы газ жинақтау қабілетінің ең үлкен болу шартынан табылады. Соңғы аралықтың газ жинақтау қабілеті (63) - өрнекпен анықталады.
Компрессор стансаларының п саны технологиялық есептеулер негізінде магистралды газ құбырының диаметрі мен таңдалынып алынған станса жабдығының параметрлері негізінде табылады.
Магистралды газ құбырының технологиялық есебінің алғышарттарына жылына айдалатын Qгод газдың стандарттық көлемі, құбыр трассасының ұзындығы Lтр, айдалатын газ қоспасының физиккалық-химиялық қасиеттері, трассаның бастапқы және соңғы нивелирлік биіктіктерінің айырмасы Δz, қоршаған ортаның температурасы, ұсынылатын компрессор агрегаттарының жұмыстық сипаттамалары, газ құбыры мен компрессор стансаларының қаржылық параметрлері. Осындай алғышарттарды біле отырып, компрессор стансаларының (КС) санын, олардың орналасу жерлерін, құбырдың ішкі және сыртқы диаметрлерін білуге болады. Айдалатын газ қоспасының физикалық-химиялық қасиеттеріне келесі параметрлер жатады: M молярлық масса, Ткр псевдокрикалық температура, Ркр псевдокрикалық қысым, Vкр псевдокрикалық көлем, тұрақты қысымдағы газдың меншікті жылу сиымдылығы, динамикалық тұтқырлық және λ жылу өткізгіштік коэффициенті. Оларды магистралды газ құбырын технологиялық жобалау мөлшерлері (нормы технологического проектирования магистралды газ құбыры) арқылы есептейді.
Магистралды газ құбырларының технологиялық есебі қабылданған нұсқадағы құбыр диаметрі мен КС жабдығына қатысты төмендегі тәртіппен шығарылады.
1. Алдымен коммерциялық тәуліктік шығынды жылдық Qгод шығын арқылы табады:
, (71)
мұндағы kи= k1 k2 k3 - газөткізгіштің өткізу қабілетін бағалау коэффициенті, k1 – көтеріңкі газ сұраныс коэффициенті (k1=0,95), k2 – төтенше температура коэффициенті (k2=0,98), k3 – магистралды газөткізгіштің сенімділік коэффициенті (ол газөткізгіштің ұзындығы мен диаметріне, компрессор стансаларының қондырғыларына байланысты табылады).
2. 6-кестеден Qсут мәніне сәйкес ГПА және ГПА қосылыстарының түрі таңдалып алынады. Таңдалған нұсқаға сәйкес сол 6-кестеден газдың сығылу дәрежесінің жуық мәні, шығыстағы Рвых және кірістегі Рвх қысымдар анықталады. Бұл кезде:
. (72)
КС шығысы мен кірісіндегі газ температурасы мәндері төмендегідей жолмен байланысқан:
, (73)
Алдын-ала есептегенде КС аралығындағы газдың бастапқы және соңғы температураларын былайша алуға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет