Тақырыбы: 1 наурыз -алғыс айту күні



Дата13.03.2022
өлшемі16,34 Kb.
#135421
Байланысты:
Алғыс айту күні тәрбие сағаты


Тақырыбы: 1 наурыз –Алғыс айту күні.
Мақсаты:
1Оқушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту.
2. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге үйрету.
3. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт — дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
2.Сәлемдесу.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
3. Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
— Жарайсыңдар, балалар, олай болса сабағымызды бастайық
Топтарға бөліну
«Орнын тап» ойыны
Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.
I. Өмірге риза болып, алғыс айт.
-Бүгін бізде ерекше күн, қуанышты күн.
— Ал неге ерекше күн? Ойланайық.
— Бүгін, балалар, 1 — ші наурыз Ризашылық және Алғыс айту күні екен.
Бұл жайма шуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан Сара Алпысқызының бастамасымен аталынып, өткізіліп келеді.
Топтен жұмыс Алғыс айту күніне ақпарат жинау, талдау
1топ – мәтін бойынша жұмыс жасап комментарий жасау
2топ- Алғыс сөзіне 5жолды өлең құру
3топ- 435 әдісі, идея айту.
-Балалар сендер білесіңдерме «Рахмет!» сөзі Испания тілінде «gracias», Украина тілінде «спасибі», Қырғыз тілінде «ыракмат»,Француз тілінде «merci», Африка тілі бойынша «dankie» — деп аударылады екен.
Ризашылық — адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
— Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі
II. Үлкенге құрмет, кішіге ізет!
— Ал кәне балалар бәріміз жайланып отырып, көзімізді жұмып өздеріңнің отбасыларыңды, үйлеріңді көз алдылырыңа елестетіңдер…
Үйіміз қандай, әдемі, бөлмеміз жайлы жинақы, әр нәрсе өз орнына қойылған. Асқар таудай атамыз, мейірімді әжеміз, ақылды әкеміз, қамқор анамыз, ағамыз, әпкеміз, ініміз дастархан басына жиналыпты. Бәрі саған мейірлене, сүйіспеншілікке, жылылыққа толы көздерімен қарайды. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, көңілді!
— Ал енді жайлап көзімізді ашайық, ойларыңмен, сезімдеріңмен бөлісейік.
— Балалар, міне әркім өз отбасымыздың көңілді, бақытты сәттерін еске түсірдік.
Отбасы тәрбиенің — ұясы. Отбасында татулық пен бірлік болып, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетіліп тұрса, бұл отбасының шаңырағын берекелі шаңырақ деп жатады.
— Ал, балалар, шаңырақ дегеніміз не?
— Осы шаңырақта кімдер тұрады?
— Шаңырақ — үлкен әкенің үйі — барлық балалары үшін үлкен үй — қара шаңырақ деген ұғымды білдіреді.
Шаңырақ — бүкіл отбасын біріктіретін үлкен үй, киелі ұғым!
-Балалар, біздің елімізде бір шаңырақ астында қандай ұлттар өмір сүреді?
Шаңырақ суретін ортаға тастап ұлт өкілдерінің аттарын жазғызу
Бірлігіміз жарасқан —
Таусылмайтын жыр дастан.
— Балалар, біз қай елде, қандай мемлекетте тұрамыз?
— Мемлекетіміз қалай аталады?
— Біздің мемлекетіміз қандай мемлекет?
— Тәуелсіз, зайырлы, көпұлтты мемлекет..
— Міне, балалар бұдан бірлігіміз бен ынтымағымыз, татулығымыз жарасқан егеменді ел екенімізді көруге болады. Бүгінде ұлт көшбасшысы Н. Әбішұлының саясаткерлігі мен көргендігінің арқасында күннің шуағына бөленген бір шаңыраққа бірігіп «Қазақстан» — деген алтын ұяда татулықпен, достықпен бейбітшілікті сақтап бақытты өмір сүріп отырмыз!
Бұл үшін Елбасымызға айтар алғысымыз шексіз
— Тіліміз бөлек болса да, тілегіміз бір!
— Жүзіміз басқа болса да, жүрегіміз бір!
— Ұлтымыз өзге болса да, ұранымыз бір!
Проблемалық сұрақ:
«Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?
Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»
Топтық жұмыс Қазір біз тікелей байланысқа шығып алғыстарымызды айтайық Ұялы телефон арқылы сөйлесу
1топ-Мұғалімге алғыс
2топ- Досына алғыс
3топ-Ата-анаға алғыс
Бүгінгі біздің сабағымызға келіп отырған ұстаздарымызға оқушыларына қажымай білім беріп жүргендеріңізге алғыс айтамыз
Мектебіміздің директоры Айтқазы Оразбекұлына лицейдің көркеюі мен дамуына ат салысып еңбек еткені үшін де алғысымыз шексіз
Құрметті, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі сабағымызды Сара Алпысқызының айтқан ғибрат тілегімен қорытындылайық.
«Қымбатты балалар, мен — Анамын, Әжемін. Мен еліміздегі барлық балаларды өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата — аналарыңа, айналадағы адамдарға мейірімді болыңдар. Оларды сыйлай біліңдер. Сонда сендердің бойларыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүректеріңде өмірге, ата — аналарыңа, ең жақын адамдарыңа, Отанға, елге деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Бір — бірлеріңе риза болып, алғыс айтып жүріңдер.» — С.А. Назарбаева.
Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ещқашан ешкімнен аямаңдар, «Рахмет» деген жақсы сөзді жиі айтыңдар! Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңе сақтаңдар! Әлемде бейбітшілік болсын!
Кері байланыс Білім- теңіз, мектеп –кеме

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет