Тақырыбы: «Білім бәйгесі» зияткерлік сайыс Мақсаты



Дата06.07.2018
өлшемі27,07 Kb.
#48052
БІЛІМ БӘЙГЕСІ-9







Тақырыбы:

«Білім бәйгесі» зияткерлік сайыс

Мақсаты:

Оқушылардың география, биология, химия пәндерінің тапсырмаларын орындау барысында шығармашылық деңгейі артады.

Сайыс нәтижесі:

Оқушылардың география, биология, химия пәндеріне қызығушылығы артады. Білімді игеруге деген құлшынысы дамиды.Оқушылар ізденеді, шығармашылық қабілеттері артады. Өздігінен білім жинақтап үйренеді.

Көрнекілігі, ресурстар:

АКТ, тапсырмалар, карталар, слайдтар, киноүзінділер

Сайыс шарты:

Сайысқа екі команда қатысады. Әр команда 8 оқушыдан тұрады: Топ капитаны және 7 ойыншы. Әр топтың аты, ұраны, эмблемасы болу керек. Сайыс VІ геймнен тұрады.

Сайыс барысы:

1-гейм

«Викториналық сұрақтар»



Сайыскерлерге география, биология, химия пәні бойынша сұрақтар қойылады:

1-топқа:

1.«Ақ алтын» деген не? (Мақта)

2.Аустралияның өлі жүрегі (Эйр көлі)

3.Полиграфия өнеркәсібінің басты орталығы (Алматы)

4.Денесінде қышқылы бар жәндік (құмырсқа)

5.Организм «зертханасы» деп аталатын мүше қалай аталады? (Бауыр)

6.Ең жоғары сатыда дамыған примат (Адам)

7.Мінезі де, аты да бұзық өзенді атаңдар (Тентек)

8.Ақ құм? (кремнезем)

9.Сома жасушаларының бөлінуі қалай аталады? (Митоз)

10.Картоп, жүгері, қызанақтың отаны (Оңүстік Америка)

2-топқа:

1.Жер бетінде тіршіліктің таралу атырабы? (Биосфера)

2.Аборигендердің аң аулайтын құралы (Бумеранг)

3.Жер астынан атқылайтын ыстық су (Гейзер)

4.Шала маймылдар аралы (Мадагаскар)

5.Ең қиын балқитын металл (W)

6.Адам асқазанының сөлінде қандай қышқыл бар? (Тұз қышқылы)

7.Гидросферадағы су қалай бөлінеді? (Мұхит, құрлық суы)

8.Иондарға ыдырайтын заттар қалай аталады?

9.Суының бір жаға ащы, бір жағы тұщы көл (Балқаш)

10.М.Қашқаридың «Дөңгелек картасын» зерттеген кімдер? (Миллер, Герман, Алиев, Умняков)


2-гейм

«Полиглот»



Бұл бөлімде сайыскерлерге берілген мақал-мәтел, жұмбақтардың шешімін тауып, қазақша, орысша, ағылшынша айтып, жазып көрсетеді. Толық жауапқа 30 ұпай қойылады.

1.Ел іші - ... бесік (алтын, золото, gold)


2.Өшпейтін өмір жоқ,

Сынбайтын ... жоқ. (темір, железо, іron)


3.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, аіr)


4.Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде, өңі кірер даланың. (жаңбыр, дождь, rаіn)
5.Доп сынды келбеті,

Онда бар түп-түгел

Әлемнің келбеті. (глобус, глобус, globe )
6.Бұлақ көрсең ... аш. (көз, глаза, еуе)


3-гейм

«Ғажайып тоғыздық»



Бұл бөлімде география, биология және химия пәндері бойынша функционалдық сауаттылыққа берілген тапсырманы орындау:

Бұл бөлімде логикалық тапсырмалар беріледі

Ұяшықтың астында үш пәннен (география, биология, химия) тапсырмалар жасырылған. Егер дұрыс жауап берсе, көрсетілген ұпайды алады. Ұяшықты ұпайы аз команда таңдайды.

Оң жақтағы 30: Ежелгі дүние деп нені айтамыз? (Еуропа, Азия, Африканы)

Ортадағы 30: Кеуде қуысының сол жақ жартысына жақын, екі өкпенің аралығында орналасқан қуыс бұлшықетті мүше. (жүрек)

Сол жақтағы 30: Жерорта теңізіндегі Кипр аралының құрметіне аталған элемент? (мыс)


Оң жақтағы 40: География – ұзақ уақыт бойы жер бетінің табиғатын, халқын және оның шаруашылығын сипаттайтын біртұтас ғылым ретінде дамып келді. Ол тек қай ғасырда ғана өзінің зерттейтін бөлек нысаны бар физикалық және экономикалық салаларына бөлінді? (ХІХ ғасырда)

Ортадағы 40: Адам ағзасына бұл элемент жетіспесе зоб ауруына шалдығады. Бұл заттың спирттегі ерітіндісі медицинада қолданылады? (иод)

Сол жақтағы 40: Қан ауруын емдейтін дәрігер? (гемотолог)
Оң жақтағы 50: Бұл нысан теңіз деңгейінен -27 метр төмен орналасқан. Теңізден қашықтаған сайын бірте-бірте көтеріліп 100 метрге дейін барады. Ойпатта Нарын, Батпайсағыр, Бозанай, Қосдәулет, Мыңтеке, Тайсойған, Қарақұм құмдары бар. Ойпатта тұз күмбездері бар. Оңтүстік бөлігінде бэр төбешіктері бар. (Каспий маңы ойпаты)

Ортадағы 50: Мутогендік факторлардың іс-әрекетінен пайда болатын тұқым қуалаушылықтың кездейсоқ өзгеруі? (мутация)

Сол жақтағы 50: Ол көп мөлшерде суды зарарсыздандыруға және ағартқыштар, дәрі – дәрмектер, еріткіштер алу үшін қолданылады. Бірінші дүниежүзілік соғыста 1915 жылы Германия бұл затты тұншықтырғыш улы зат ретінде қолданған. Бұл қай зат? Формуласын жазыңдар. (хлор СІ2)


4-гейм

«Ұлы есімдер»




Атақты географ, биолог, химик ғалымдар сайысы:

ІV. «Ұлы есімдер»

1.Бұл саяхатшысы 1870-1887 жылдары Тынық мұхиты аралдарын, Жаңа Гвинея аралын, Аустралия жағалауларын зерттеді. Жаңа Гвинея аралдарында 5 рет болып папуастардың тұрмыс-тіршілігін зерттеді. Нәсілдердің теңдігін зерттеді. Ол кім? (Н.Н.Миклухо-Маклай)

2.Бұл саяхатшы оңтүстік полюске бірінші болып жеткен. Ол кім? (Р.Амундсен)

3. Органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтаған ғалым? ( Чарлз Дарвин)

4.«Табиғат жүйесі» еңбегі арқылы әлемге танылған ғалым?

(Карл Линней)

5.Ең алғаш ауаның газдар қоспасы екенін болжап айтқан ұлы суретші? (Леонардо да Винчи)

6.«Химия негіздері» еңбегінің авторы, атақты химик?

(Д. И. Менделеев)



5-гейм

«Капитандар сайысы»



Топ басшыларына сұрақтар/уақытқа:

V. Капитандар сайысы



1-топ капитанына сұрақ:

1.Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? (42)

2.Біздің мектеп қай жылы ашылды? (2005 жылы)

3.Қолданыстағы Конституция қай жылы қабылданған? (1995 ж.)

4.Республикалық деңгейдегі қалалар. (Алматы, Астана)

5.Жер өзінің даму тарихында қанша эраны бастан кешірді? (5)

6.Жүре келе пайда болатын рефлекс (шартты)

7.Авагадро саны? (6,02*1023)

8.Қанның құрамына кіретін металл? (темір)

9.Сутектің оттекпен қосылысы? (су)

10.Безгек ауруын тудыратын бунақ денелі? (маса)

11.Қазақстан солтүстіктен-оңтүстікке қанша км созылып жатыр? (1650 км)

12.Қазақстандағы ең биік тауды ата. Таудың биіктігі қанша? Тянь-Шань (Хантәңірі, 6995 м)

13.Елімізде машина жасау өнеркәсібі қай уақыттан бастап дами бастады? (Ұлы Отан соғысы жылдарынан)

14.Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орында? (9)

15.Қазақстанда қанша көл бар? (48 мың)



2-топ капитанына сұрақ:

1.Орыс алфавитінде қанша әріп бар? (33)

2.Біздің мектепке қай жылы пайдалануға берілді? (2006 жылы)

3.Қазақстанда қанша қала, қанша кент бар? (87 қала, 31 кент)

4.Жер дамуындағы алғашқы эраны ата (Архей)

5.Судың агрегаттық күйлері? (Мұз, сұйық, бу)

6.Вирустарды ашқан орыс ғалымы кім? (Ивановский Д.И.)

7. Ең жеңіл металды ата. (Литий)

8. «Жарық тасушы» деген мағына беретін элемент (Фосфор)

9. Ғылым ретінде генетиканың негізін салушы ғалым? (Грегор Иоганн Мендель)

10.Дүниедегі ең үлкен жеміс? (асқабақ)

11.Қазақстан батыстан шығысқа қарай қанша км созылып жатыр? (3000 км-ге)

12. Қазақстандағы теңіз деңгейінен ең төмен жерді ата. Тереңдігі қанша? (Қарақия ойысы, -132 м)

13.Қазақстандық автомобиль жасаудың басты орталығын ата. (Өскемен қаласы)

14.Қазақстан жер көлемі жөнінен Еуразияда нешінші орында? (4)

15.Қазақстанда қанша өзен бар? (85 мың)



6-гейм

«Біз кино түсіреміз»



Дыбыстау немесе үй тапсырмасы:

2 команда үйден дайындап келген киноүзінділерін география, биология, химия пәндеріне байланысты дыбыстайды.






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет