Тақырыбы: Қоғам және адам хақында қазақ ойшылдарының топшылаулары



бет3/11
Дата03.01.2022
өлшемі73,29 Kb.
#108530
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2 Лекция Қазақ ойшылдары 2
ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ????, ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ????, ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ????
ГИПЕРМӘТІН №3
Абай халықты оқыту жұмысын бір орталықтан (мемлекет жағынан) басқарып, жас буынды тәрбиелеуде үздіксіз қамқорлықтың керектігін көрсетеді.

Абайдың бұл идеясы бір жағынан өз заманында іс жүзіне аспайтын қыял болғанымен, екінші жағынан, болашақта жемісін беретін өте игілікті идея болды.

Абай адамдарды көркіне қарап емес, адамгершілік деңгейіне қарап бағалау керектігін ерекше атап көрсетті. Ұлы ойшыл ақын жастарға жар тандау мәселесіне де дәл осы тұрғыдан келудің қадет екендігін үйретті.

Абайдың сүйіспеншілік, махаббат, отбасы жөніндегі пікірлерінің құндылығы – демократиялық, ойларды ту еріп ұстайлы.

Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды.

«Ғылым таппай мақтанба,


Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге...
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз..., -

деп жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуга, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті суюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.

Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: «Балаларды ата-аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтың бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек. Мектептерді көбейту қажет, оларда тіпті қыздар да оқитын болсын».

Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды.

Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. Біріншіден, баланың шыққан тегі жаксы болуы керек, екіншіден, оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, ушіншіден, балаға адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет. Абай парақор билеушілерді, ашкөз судьяларды, надан молдаларды әшкерелеп отырды. Халықтың игілігіне жету жолындағы Бұл қырсықты ғылым мен білім аркылы ғана жоюға болады деп есептеді. Ол жастарға үздіксіз еңбек етіп, білім алуды міндет етіп қойды. Білім алуға жұмылған еңбек әрқашанда жемісті және ізгілікті болатынын қадап айтты. Қараңғылықтан шығар, елді өркениетке жеткізер жалғыз жол — оқу-білім екенін көзі қарақты жастарға түсіндірді.

М. О. Әуезов: «...Абай шығармаларында адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір келемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз» (Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А. , 1967, 171-6.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет