Қазіргі қазақ тіліндегі ресми-іскерлік стильдің жанрлық ерекшеліктері
Қазіргі әдебитіліміздегі әрбір функциональды стильдерді сипаттағанда, біз оның: біріншіден, экстралингвистикалық, яғни қоғамның белгілі бір саласындағы қатынастың шарты мен мақсатына негізделген; екіншіден, лингвистикалық, басқа функционалдық ішкі жүйеден (подсистем) ажыратылған, яғни стилистикалық маңызды тілдік құралдардың белгілі жиынтығына ие болған әдеби тілдіңі шкі жүйесі екенін естен шығармауымыз керек. Бұдан кез келген функциональды стильдер табиғатының екі – экстралингвистикалық және тілді каспектіден тұратынын көреміз.
Тілдік стильдер өзінше ерекшеленетін және сонымен қатар олардың кейбірінің басқа стильдерде де қолданылатын белгілердің жиынтығымен сипатталады. Қазіргі әдеби тіліміздегі өзіндік дербес стилистикалық-функциональдық ерекшеліктерімен қатар басқа стильдермен ортақ белгілері де бар стильдің бір түрі – ресми-іскерлік стиль. Ол қоғамдық әрекеттегі әкімшілік-құқықтық қатынастарды қамтамасыз етіп, заң, бұйрық, жарлық, өкім, жарғылар, келісімдер, кесімдер мәтіндерінде, түрлі құжаттарда (анықтамалар, куәліктер, сенімхаттаржәнебасқалар), мекемелердің іскерлік хат алмасуларында қолданылады. Орыстілінде «официально-деловой стиль» деген терминге ие бұл стиль қазіргіқазақ тіл білімінде түрліше атаулармен беріліп жүр: іс қағаздары стилі мен ресми стиль , кітаби-жазбаша стиль (ісқағаздары мен ресмиқұжаттар) , ресми стиль , ресми-іскерлік стиль
2-тапсырма. Берілген өмірбаян үлгілерінің қай стилдің түріне жататындығын көрсетіңіз.