Өз мейрамханасын сәтсіздікке ұшыратты Полковник Сандерстің алғашқы мейрамханасы бәсекелестікке төзбегендіктен ойранға ұшырады. Осыған қарамастан, Харланд 65 жасында АҚШ‑тың бүкіл мекемелерін шарлап, өзінің ұнға аунатылып пісірілген дәмді тауық қанатшаларын ұсынумен болды. Ал, одан бас тартқандардың саны тура 1008‑ге жетті. Алайда, ол мұнысымен мойымай, одан әрі өзінің тауық етінің бірегей дәміне сенуді жалғастырып, нәтижесінде KFC (Кентуккидің қуырылған тауық еті) желісінің әлемге кеңінен таралуына себеп болды.
Илон Маск
Жұмысынан қуылды Америкалық миллиардер естияр шағында сәтсіздікке ұшырады. PayPal-дың тақырға отырып қалуына себепші болғандықтан, кезекті демалысқа шығып, ұшақ бортында болған кезінде директорлар кеңесінің шешімімен жұмыстан босатылды.
Араға 16 жыл салып, ол бұрын өзінің иелігінде болып, PayPal-ды құруға негіз болған x.com доменін компаниядан 5 млн $‑ға сатып алды. Масктің бұл мысалы, өмірдегі барлық қиыншылықтар, биік белестерге жету үшін себеп екенін көрсетеді.
Анна Винтур
Сән әлемі журналындағы жұмысынан шығарып жіберді Жарты жылдан астам уақыт жұмыс жасаған Анна Винтур редактормен пікірі бір жерден шықпағаны себепті Harper’s Bazaar журналының сән шолушысы қызметінен босатылды.
Американдық Vogue журналының бас редакторы Аннаның өміріндегі бұл оқиға оған бұдан да үлкен табысқа жетуіне стимул берді деп сипаттайды. Ал, сол кезден бастап Анна: «Егер сіз бір нәрсеге сенімді болсаңыз немесе қандай да бір нәрсемен келіспейтін болсаңыз, онда өз пікіріңізді сақтап қалғаныңыз дұрыс, өйткені жұмыс барысында ойлау ерекшелігі әрқашан бағаланады» ‑ деп сенеді.
Говард Шульц
Өзінің идеяларын одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндік бермегені себепті жұмыстан босатылды Говард Шульцті Starbucks компаниясында кофе дәндерін сатумен айналысып жүрген кезінде жұмыстан шығарып жіберді. Компаниядан босатылуының себебі, басшылық оның кофе желісін одан әрі дамыту жөніндегі идеяларын жүзеге асыруды қолдамады. Говард сапалы кофе мен жайлы жиһазды мекемені біріктіріп, адамдар онда қайтып барғысы келіп тұратын ерекше нәрсе жасауды армандады.
2 жыл уақыт өткен соң, Говард Starbucks компаниясын сатып алды да, кофе белгісін АҚШ аумағында танытып, бүкіл әлемге әйгілі кофе желісіне айналдырды.
Стэн Смит
Ойыншыларға доп беруші ретінде қабылданбады Кәсіби теннисші Стэнли Роджер Смит өз мансабын бастаған шағында Дэвис Кубогі ұйымдастырушылары мұқият емессің, жинақы емессің деген себеппен ойыншыларға доп беруші қызметіне қабылдамады. Бірақ, Смит, теннис – ол өзінің сүйікті ісі екендігіне сенді. Ол одан әрі өзінің діттеген мақсатына жетуге тырысып бақты, нәтижесінде АҚШ құрамасы Кубогінің 8 дүркін иегері атанып, өзі жайында олардың қатты қателескенін дәлелдеп берді.