Оқушыларды тәрбиелеу тек сабақпен ғана шектеліп қоймайды, ол сабақтан тыс уақытта да жалғасады, тереңдетіледі. Сыныптан тыс жұмыстарға оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік, білімділік сипаттағы мақсатты түрде ұйымдастырылған шаралар жатады. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға негіз болады.Сыныптан тыс жұмыстардың оқу сағаттарының бір қатар ерекшеліктері бар:
Бірінші ерекшелігі еріктілік негізде ұйымдастырылады. Оқушылар әртүрлі шараларға қатысуды ерікті түрде таңдайды.
Бірінші ерекшелігі еріктілік негізде ұйымдастырылады. Оқушылар әртүрлі шараларға қатысуды ерікті түрде таңдайды.
Екінші ерекшелігі міндетті оқу бағдарламасы мен байланысты емес. Оның мазмұны мен формалары, оқушылардың қызығушылығына, сұранысына байланысты болады.
Үшінші ерекшелігі сыныптан тыс жұмыстарға қатысатын оқушылардың жас ерекшеліктері әртүрлі.
Төртінші ерекшелігі сыныптан тыс жұмыстарда көбінесе оқушыларға өз бетімен жасайтын жұмыстар беріледі.
Бесінші ерекшелігі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қоғамдық пайдалы іс – әрекетке үлкен мән беріледі.
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыратын негізгі орталық база – мектептен тыс мекемелері.Балалармен мектептен тыс жұмыстарды жүргізетін мекемелер мемлекеттік, қоғамдық және жеке болып ұйымдастырылады. Мектептен тыс мекемелер оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыратын, шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыратын қоршаған ортамен таныстыратын, гуманистік және демократиялық тұрғыда қоғамды құруға қатынастыратын әлеуметтік тәрбие институты болып табылады. Мектептен тыс алғашқы мекеме 1918 жылы Мәскеуде « Жас табиғатты сүйушілер» деген атпен құрылды. Мектептен тыс мекемелердің кеңінен дамыған кезеңі - 20 - 30жылдар.