Тақырыбы: ТӘрбиенің мақсаты, міндеттері №1 ТӘрбиенің мақсаты



бет2/6
Дата23.12.2021
өлшемі28,14 Kb.
#127839
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 сабақ тәрбие

топ

Тәрбие үрдісі – жеке адамды мақсатты бағытта жүйелі түрде қалыптастыру. Талай ғасырлар бойы өмір сүрген ата бабаларымыздың өмірдегі іс -тәжірибесін, әдет ғұрыптарын тіршілік болмасын кәсібін игеру және өзіне тән ұлттық сананы, ұлттық идеяны қалыптастыру болып табылады.

Адам тәрбиесі мен даму бірлігінің өзара байланыстылығы – тәрбие үрдісінің заңдылықтарының бірі. Тәрбие мазмұны формалары мен әдістері көбіне баланың жалпы дамуы деңгейінде жүргізіледі және оған тәуелді. Ал олардың дамуы – ең алдымен тәрбие берудің нәтижесі. Жеке адам тәрбиелене, үйрене отырып дамиды (С.Л. Рубинштейн). Тәрбие дамуды жетелейді. Ол Л.С. Выготскийдың айтуы бойынша адамнан озық тұрады.

Тәрбие үрдісі адамның дамуын оның өміріндегі әлеуметтік тәжірибені игеруіне, білімді икемділік пен дағдыларды жай жинақтауға ғана әкеп салмайды. Даму алдымен адамның психикалық іс-әрекетінің сапалық өзгеруіне, жаңа қасиеттің қалыптасуына әкеп соғады.

Тәрбие үрдісінің күрделілігі тәрбие беру тек ғылым ісі ғана емес тәрбие ісі, өнер әрі шығармашылық іс екендігі белгілі. Тәрбие үрдісінде белгілі дәрежеде табысқа жету көбіне тәрбиеші мен баланың жеке дара ерекшеліктеріне байланысты. Демек тәрбие үрдісі - жалпы мақсатқа жетуге жеке адамды жан-жақты дамытуға бағытталған тәрбиеші мен оқушының бірлескен өзара байланысты қызметі.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет