Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері



бет10/31
Дата26.01.2022
өлшемі144,83 Kb.
#129844
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
Та ырып Философия, оны п ні ж не функциялары. «Философия» п ні
Д ріс Ойлау м дениетіні алыптасуы ойлауды философиялы т рі , 782cf7a434bf915abf79e4508bfe6537b64d59de
Тақырып: Ежелгі грек философиясы

Ежелгі Грек кезені(Сократқа дейнгі кезен). Милет мектебінің өкілдері: Фалес (б.д.д 640-560 ж.ж) – Милет мектебінің негізін қалаушы, үлкен философиялық мұра қалдырған алғашқы грек философы.Фалес: 1.дүние негізінде су (архэ) жатыр деп есептед; 2.жерді жан-жағын су қоршаған жалпақ диск түрінде елестетті; 3.өлі табиғаттың, барлық заттардың жаны болады деп түсінді (гилозоизм – барлық нәрсенің жаны бар деп есептеу). 4.құдайлар бар және көп деп сенеді; 5.әлемнің орталығы жер деп ойлады; 6. жылдың 365 сөткеден тұратындығын анықтады; 7.математикалық жаңалықтар ашты («Фалес теоремасы») Анаксимандр (б.д.д 610-540 ж.ж) 1.дүние негізінде мәңгі, шексіз, өлшеуге келмейтін субстанция – «апейрон» жатыр деп түсінді. 2. Материяның сақталу заңын тұжырымдады. (затты атомдық құрылымын ашты): барлық заттар мен тірі тіршілік микроскоптық деңгейдегі элементтерден тұрады: тірі организмнің тіршілігі тоқтауы, заттардың ыдырауынан кейін де оны құраған элементтер – («атомдар») қалып, жаңа организмдерді құрайды; 3.алғаш болып эволюция нәтижесінде адамдардың басқа жануарлардан шыққанын айтты (Ч.Дарвин ілімінің ең ежелгі антикалық нұсқасы); Анаксимен (б.д.д 546-526 жж.) 1. дүние негізі – ауа деп санады; 2.жер бетіндегі заттар – түрлі ауа концентрациясының нәтижесі деп санады: ауа тығыздала келіп алдымен ауаға, содан –соң балдырға (батпаққа), содан-соң жерге, одан соң тасқа, т.б. айналады. 3.адам жаны («сихэ») мен «космостың жаны» ауа (пневма) арасындағы процестер ұқсастығын айтты. 4. құдайларды табиғат күштеріне және аспан шырағандарына теңеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет