Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері


Тақырып: XX ғасырдағы Батыс философиясының негізгі бағыттары



бет22/31
Дата26.01.2022
өлшемі144,83 Kb.
#129844
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
Та ырып Философия, оны п ні ж не функциялары. «Философия» п ні
Д ріс Ойлау м дениетіні алыптасуы ойлауды философиялы т рі , 782cf7a434bf915abf79e4508bfe6537b64d59de

Тақырып: XX ғасырдағы Батыс философиясының негізгі бағыттары


Қазіргі замандағы Батыс философиясында әртүрлі ағымдар бар. Олардың ең ірілеріне тоқталамыз. Аналитикалық философия. Негізгі мәселелері философияның мәні, онтология мен гносеология, методологияны тілдің логикалық талдауы арқылы түсіндіру. Р.Карнап, Б.Рассел, Дж.Айер-логикалық позитивизмнің өкілдері- талдауда символикалық логиканың тәсілдеріне жүгінеді, ал Л.Витгенштейн қарапайым тілдің талдауымен айналысады. Аналитикалық философияның өзі ішінде ,ғылым философиясының дамуымен дағдарыс пісіп жетілді. И.Лакатос өзіндік сипаттағы ғылыми-зерттеу бағдарламасын жасады. Онда ғылымның дамуы бірі-бірі тығыз байланыстағы әртүрлі теориялардың өзара ауысуымен түсіндірілді. Г.Кун жалпы теориялық стандартқа, методологиялық қалыптар мен дүниетанымдық ұстанымдарға негізделген белгілі ғылыми қауымдастықтың іс-әрекетінің моделін жасады. Бұл моделді ол парадигма деп атады. К.Поппер ғылыми білімдердің өсуі туралы пікір қорытты. Ғылыми білімдердің өсуі-мықты теориялардың ұсынылуымен тығыз байланысты. Прагматистікфилософия (Ч.Прис, У.Джеймс, Дж.Дьюи)-негізінен АҚШ-та даму рөлінде, өйткені бұл елде іскерлік, әрекет пен табыс бәрінен де жоғары қойылды. Осы жағдайды түсіну мақсатында алдыңғы қатарға іс-әрекет жоспары мен таным шығып, отырады. Бұл ілімнің негізгі ұғымы-тәжірибе. Тәжірибенің қайнар көзі- түйсіктер, кез-келген, эмоциялық жағдай, еріктік импульстер. Заттар белгілі бір анықтық ретінде тәжірибеде берілмеген. Олар субъектінің еркінің күшімен түйсіктер ағынынан шығарылады, сондықтан шындық адамның еркінің күшімен түйсіктер ағынынан шығарылады, сондықтан шындық адамның еркінің күшімен жасалады деген қорытынды туындайды. Яғни, тәжірибенің объективті жағы еске алынбайды, ол рухани теориялық іс-әркекет деп есептелінеді. Прагматиктер ақиқатты анықтауда оның құндылықтық сипатына мән береді. Пайда әкелетін нәрсенің бәрі ақиқат деп жарияланады. Ғылым мен білім де оның пайдалығы, керектігі тұрғысынан бағаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет