«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет1/4
Дата10.12.2021
өлшемі105,87 Kb.
#78708
  1   2   3   4
Байланысты:
Компьютер және біз


«

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Әдістемелік кеңестің

шешімімен бекітілген

«___» _____2019ж.

№ 1 хаттама

Гимназия директоры

_________ Шортанбекова Ф.С.




«Ақпарат әлемі»

үйірмесінің жоспары

Орумбаева А.М..

Тараз қаласы, 2019 жыл

«Ақпараттық модельдеу» атты үйірме жұмысының бағдарламасы

(4- сыныптар)

ТҮСІНІК ХАТ

«Информатика» пәні қоршаған ортаны талдауға жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын: ақпараттық процестерді, сонымен қатар ақпаратты түрлендіру, тасымалдау, сақтау, қолдану әдістерін дамып және кеңейтіп келе жатқан ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі болып табылады.

Информатика пәнінен аталмыш үйірме жұмысының бағдарламасы 4- сынып оқушыларына пән бойынша білімдерін кеңейтіп, күнделікті өмірде кездесетін сұрақтарға жауап алу, компьютермен жұмыс жасап үйрену, шығармашылықпен айналысу мақсатында құрылып отыр.



Үйірме жұмысы аптасына 1 рет, жылына 34 сағатқа арналып құрылған.
Мақсаты: оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау, оқушыларды компьютердің мүмкіндіктерімен таныстыру, оны күнделікті өмірде қолдануға және компьютерлік сауаттылыққа үйрету.
Міндеттері:

  • ақпарат және ақпараттық үрдістер туралы түсінікті қалыптастыру;

  • есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  • ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет