Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сарамандық және зертханалыққа арналған жұмыс



бет7/16
Дата15.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#197076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
1537095311 (1)
bibliofond-79903, 10сынып бжб, Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар Информатика 10
3.Нитрат ионына сапалық реакция
Сынауыққа 0,5г натрий нитратын немесе басқа нитратты салып, тұзды толығымен жабатындай етіп концентрлі күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар,содан кейін біраз мыс ұнтағын қосып қыздырыңдар.Қандай газ бөлінеді?Сынауықтағы ерітінді неге көгереді?Реакция теңдеуін жазып,электронды баланс әдісімен коэфиценттерін қойыңдар.Тотықтырғышпен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
4.Фосфат ионға сапалық реакция.
Сынауыққа 1-2 мл ортофосфор қышқылының ерітіндісін құйып, осындай мөлшерде күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар.Не байқалады?Реакция теңдеуін жазыңдар.
5.Карбонат ионға сапалық реакция.Сынауыққа 1мл натрий карбонаты ерітіндісін және осындай көлемде барий хлориді ерітіндісін құйыңдар.Не байқалады?Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
Сынауыққа 1мл натрий карбонаты ерітіндісін құйып,бірнеше тамшы күміс нитратын қосыңдар.Не байқалады?Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.Түзілген тұнбаға 0,5 мл сұйытылған азот қышқылының ерітіндісін қосыңдар.Не байқалады?Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
6.Аммоний ионына сапалық реакция
Сынауыққа 5-7 т аммоний сульфаты ерітіндісін құйып 1-2 т концентрлі сілті ерітіндісін қосыңдар.Дымқыл лакмус немесе фенолфталейн қағазын дайындаңдар.Сынауықтың қабырғасына тигізбей шетіне индикатор қағазын ұстап тұрып, сынауықтағы қоспаны қыздырыңдар.
Индикатор түсі өзгерді ме?Неге?Аммоний ионына қандай реакция сапалық болып табылатыныны туралы қорытынды жасаңдар.
1 мл еритін алюминий тұзы ерітіндісіне 1 тамшы сілті ерітіндісін қосыңдар.Не байқалды?Жүрген реакцияның теңдеуін жазыңдар.Аммоний тұздарын танып- білу туралы қорытынды жасаңдар.



Есептік кестені толтырыңыз







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет