Өлекседегi өзгерiстер
. Өлген өлексе өте
арық болады. Аурудың бастапқы сәтi
өкпедегi өзгерiстермен, ал кейiнгi өршуi
ащы iшектен байқалады. Iшектiң
кiлегейлi қабығы қабынған, қуысында
көптеген жұмыр құрттар жиналған,
кейде iшек жарылған.
Анықтау.
Ет қоректiлердiң токсокарозы
мен токсаскаридозын анықтағанда
негiзiнен эпизоотологиялық деректерге
және сырт белгiлерiне сүйенедi.
Фюллеборн әдiсiмен ит нәжiсiнен
гельминттердiң жұмыртқаларын
iздестiредi. Токсаскаридалар
жұмыртқасының сыртқы қабаты кедiр-
бұдырсыз жылтыр келедi. Негiзгi
диагноз дегельминтизациядан өткен
немесе өлген ит iшегiнен аталған
iшқұрттарды табу болып саналады.