Қатынас тренингі – топтық практикалық психология құралдарының
көмегімен балаларда түрлі оң педагогикалық тәжірибе аспектілерінің тәжірибесін, қатынас тәжірибесін (өзара түсіністік тәжірибесін, қатынас тәжірибесін, мектептік проблемалық жағдаяттардағы мінез-құлық тәжірибесін) қалыптастыру мақсатындағы педагогикалық жұмыс формасы. Қатынас тренингтерінде мұнан басқа қандай да бір педагогикалық аспектілерді көруге болады ма? Әрине, иә. Түрлі балалар үшін түрлі себептерге байланысты қатынастың оң тәжірибесінен бөлек басқа да салдарлары болуы мүмкін: бір-бірімен қарым-қатынастың өзгеруі, педагогпен қарым-қатынастың өзгеруі, қандай да бір тұлғалық білім беруді дамыту немесе бекіту. Бірақ бұл – мақсат ретінде жоспарланған нәтижелер емес. Жақсы болған жағдайда бұл тәрбиенің ықтималды болжамдары.
«Ақпарат айнасы»
Көпшіліктік графикалық ақпаратқа белсенді қатынас тәжірибесі.
Психологиялық негіздер.
Назар (ықылас) аудару.
Ықыласты қолдау.
Ақпаратты түсіну.
Қатынас.
Ақпаратқа қатысты іс-әрекет.
Технологиялық тізбек:
Алдағы ақпаратқа мақсат қою.
Ақпараттың пайда болуы.
Кері байланыстың ашылуы.
Ақпаратпен жұмыс.
Денсаулық сақтау технологиялары
педагогтың салауатты өмір салты дағдыларын меңгерту ұмтылысына құрылған, оқыту мен тәрбиенің жүйелі тәсілдері;
балалардың сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінде қолайлы психологиялық ахуал тудыру;
денсаулық қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау.
Абзалы, оқушылардың психологиялық жайлылығы – маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Бір жағынан, осылайша оқушылар шаршауының (қажуының) алдын алу міндеті шешімін табады, басқа жағынан – әрбір баланың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу үшін қосымша ынта пайда болады.
Оқушылар сыныпқа нашар баға немесе ескерту алу қаупімен емес, сұхбатты жалғастыру, өз білімін көрсету, жаңа ақпарат алу тілегімен кіруі тиіс. Осындай сабақ процесінде эмоционалдық қолайсыздық баланың қолынан тапсырма орындау келмей жатқан, немесе тіпті орындамаған кезде де туындамайды. Сонымен бірге, қорқыныш пен шиеленістің болмауы әркімге іштегі психологиялық кедергілерден арылуға, ойын батылырақ айтуға, өз көзқарасын білдіруге көмектеседі.