5.Талғаулықты салалас құрмалас сөйлем ережесін көрсетіңіз ?
А) Құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой мен екіншісіндегі ой мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде айтылады.
В) Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы болады.
С) Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысын нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп тұратын құрмаластың түрі
Д) Құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін саласатың түрі.
6. Берілген мәтін қай стильде жазылған және салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі қолданылып тұр.
Көрме аяқталған соң, көптің көкейінде «ЭКСПО елімізге не берді?» деген сауал туындады. Сарапшылар ЭКСПО-ның Қазақстан экономикасын дамытуға мультипликативтік тұрғыдан оң әсер еткенін айтты.Туристік сектор жандана түсті және туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайыздан аса көбейді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды, «Болашақтың энергиясы» аясында озық идеялар мен технологиялардың дамуына түрткі болды.
А) Публицистикалық стиль.Түсіндірмелі салалас
В) Ауызекі сөйлеу стилі. Себеп-салдар салалас
С) Ғылыми стильде.Ыңғайлас салалас
D) Көркем әдебиет стилі.Талғаулықты салалас
E) Ғылыми стильде.Кезектес салалас
Достарыңызбен бөлісу: |