Тәуелсіздікті жақындатқан тұлғалар Азаттықтың ақ таңы атқалы он бес жылда облысымызда орнатылған ескерткіштер елдік еңсемізді биіктетіп тұр



бет2/4
Дата04.11.2016
өлшемі297,91 Kb.
#333
1   2   3   4

Ақәділ Суханбаев (1920-1944) – Кеңес Одағының Батыры. Стжельцовизна деревнясы үшін болған ұрыста ол Александр Матросовтың өшпес ерлігін қайталап, пулемет оқ шашқан доттың амбразурасын өз денесімен жапты. А. Суханбаевтың ескерткіші 2005 жылы Тараз қалалық әскери қорғаныс істері басқармасы алдында орнатылды.



Қосы Сәмбетұлы (1670-1760) – қазақ-жоңғар соғысының айтулы қаһармандарының бірі. Қосы батыр жауынгерлік ерліктерімен қоса мәмлегер, елші ретінде де халқына көп қызмет еткен. Атақты қолбасшы Бөгенбай батыр мен Төле бидің тапсырмасымен кең-байтақ қазақ өлкесінің талай түпкірін шарлаған. Аңырақай шайқасында мыңбасы болған. Қосы батыр құрметіне ұрпақтары 1998 жылы Байзақ ауданының Суханбаев ауылына Ақбақайдың көк тасынан қашалған ескерткіш орнатты.


Байзақ Мәмбетұлы (1789-1864) – Қазақстанның оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы батыр. Байзақ датқа Қоқан отаршыларының айтқанына көнбей, қазақтардың мүддесіне қорғай отырып, тәуелсіз саясат жүргізуге ұмтылады. Оның сарбаздары Кенесары қолына қосылып, Қоқанның бірнеше бекінісін алды. Созақ аймағын азат етуге қатысты. Қазақтар мен қырғыздардың Қоқан хандығына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. Байзақ батыр ескерткіші Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылына кіреберісте биіктеу төбе үстіне 1998 жылы орнатылды.


Жамбыл Жабаев (1846-1945) – ақын, жырау, жыршы. Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан, есімін бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға, Сыр бойына таратқан өнері – оның айтыстары. Екінші дүниежүзілік соғыста ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. 2002 жылы облысымыздың Жамбыл ауданындағы орталық алаңда Жамбыл ескерткіші бой көтерді.



Рысбек Шінетұлы (1741-1824) – батыр. Оның батырлық даңқы 1729 жылы Аңырақай шайқасында ерлік жасаған Қойгелді, Өтеген, Сеңкібай, Саңырық, Тойбек батырлармен бірге шыққан. 1757 жылы Сайрам мен шымкент қалаларын жоңғар басқыншыларынан азат ету соғысына қатысып, ерлікке толы қимылдарымен көзге түскен. Ескерткіші Жуалы ауданының Б. Момышұлы ауылында 1991 жылы тұрғызылған.



Каталог: referats
referats -> ӘӨЖ 894. 342. 35 Ә 20 жамбыл әлем түркілері поэзиясының алыбы меңдібай Әбілұлы А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ
referats -> Саттар Ерубаев (1914-1973) Қысқаша өмірбаяны
referats -> ӘӨЖ 951/959 ортағасырлық ТҮркі ғалымдары мен жазушылары ф. М. Махашова №36 қазақ орта мектебі, Тараз қ
referats -> Еуропалық орта ғасыр әдебиеті
referats -> Торайғыров Сұлтанмахмұт
referats -> Ілияс есенберлин
referats -> Сүйінбай Аронұлы
referats -> Сүйіктісі халықтың
referats -> С‰йіктісі халыќтыњ
referats -> Өмірбаяны мен күрескерлік ќызметі с. Д. ¤мірзаќов Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз ќ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет