Топырақтану



Pdf көрінісі
бет54/68
Дата05.09.2020
өлшемі0,89 Mb.
#77071
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68
Байланысты:
topyra tanu t m blisov
ab31bce0-2cd4-11e3-a7a3-f6d299da70eeУМКДмал шиз 3(1), Topyra tanu
 

        Бақылау сұрақтары 

         

1 Топырақ қҧнарлылығы және оның категориялары. 

        2 Топырақ қҧнарлылығының қазіргі анықтамасы қандай? 

        3 Топырақ қҧнарлылығының факторлары. 

        4 Топырақ қҧнарлылығын арттыру жолдары қандай?  



 

Әдебиет: 1, С. 255-269; 4, С. 246-270; 9, С. 183-196; 10, С. 441-448. 

 

9 Тақырып  Қара топырақтар 

 

  Мақсаты:  қара  топырақтардың  құрылу  жағдайлары,  процестері, 

құрылысы және қасиеттерін оқып білу

 



 

57 


  Дәріс сұрақтары:

  

9.1 Қара топырақтардың тҥзілу жағдайлары 



  9.2 Қара топырақтардың пайда болуы және қара топырақтар кескінінің 

қалыптасуы жайындағы қазіргі тҥсініктер 

9.3 Қара топырақтың қҧрылысы 

          9.4 Қара топырақтардың классификациясы (жіктеу) 

9.5  Қара топырақтың қасиеттері 

          9.6 

Қара  топырақтар  қҧнарлылығын  арттыру,  эрозия  және 

қҧрғақшылықпен кҥресу шаралары 

 

9.1  Қара  топырақтар  солтҥстік  жарты  шар  материктері  –  Еуразия  және 

Солтҥстік  Америкада  тараған,  олар  жалпы  260  млн.  га  (қҧрлықтың  1,7%) 

жерді алып жатыр. 

ТМД елдерінде қара топырақтар 191 млн. га ауданда тараған, немесе осы 

елдер аумағының 8,6 % қамтиды. Ресей, Украина, Молдова мемлекеттерінде 

қара топырақтар кең тараған. 

Орманды  дала  және  дала  аймақтарында  қара  типті  аймақтық  топырақ 

болып қалыптасқан. Бҧл топырақтар Солтҥстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола 

облыстарында  кеңінен  тараған,  ал  Павлодар,  Ақтӛбе  және  Батыс  Қазақстан 

облыстарында шамалы аудандарды алады.    

Қара  топырақтар  мерзімдік  қонтрастығы  бар  климаттық  жағдайларда 

дамиды.  Олар  кӛбінесе  платформалық  жазықтықта  тарлаған.  Қара 

топырақтардың  топырақ  тҥзуші  тау  жыныстары  болып  тӛрттік  лесс 

тәрізділер  (дақ  қуысты,  сарғыш  қоңыр  немесе  жалын  тҥсті  шӛгінді  тау 

жыныстары)  және  карбонатты,  қуысты  лесты  тау  жыныстары  саналады. 

Гранулометриялық  қҧрамы  кӛп  жағдайларда  қҧмбалшықты  немесе 

балшықты келеді.  

Қара  топырақтар  –  бұлар  дала  және  орманда  дала  аймақтарына 

орайластырылған шөпті қауымдастылардың топырақтары.   

Далалық  шӛпті  қауымдастылар  биологиялық  айналымының  негізгі 

ерекшеліктері мынада: 1) жылда топыраққа ӛніп-ӛсуге пайдаланған қоректік 

заттар  қҧрып  біткен  тамырлармен  толық  қайтарылады;  2)  бҧл  заттардың  ең 

кӛп  бӛлігі  топырақтың  ҥстіңгі  қабатына  емес,  тікелей  топырақтың  ӛзіне 

тамырлармен қайтарылады; 3) биологиялық айналымға қосылатын химиялық 

элементтер  ішінде  бірінші  орында  кремний,  одан  кейінгілері  азот,  калий, 

кальций. 

Қара  топырақтардың  қалыптасуында  биологиялық  айналымның  рӛлі 

оның  қарқындылығы,  қалдықтардың  тікелей  топырақ  ішіне  тҥсуі  және 

ыдырау  процесінде  бактериялар,  актиномицеттер,  омыртқасыздардың 

белсенді  қатысуымен  анықталады,  ҥйткені  қалдықтардың  биохимиялық 

қҧрамы  және  жалпы  биохимиялық  жағдайы  оларға  оңтайлы  жағдайлар 

туғызады.  

Қара  топырақтардың  қалыптасуында  мезофаунаның  да  ҥлкен  рӛлі  бар, 

әсіресе  жауын  қҧрттарының  рӛлі  ӛте  маңызды.    Ӛсімдіктердің  ӛлген 

бӛліктерімен жауын қҧрттары топырақ бӛлшектерін ала келеді және қорыту 



 

58 


барысында  копролиттер  тҥрінде  шығарып  тастайтын  балшықты-гумусты 

кешендерді қҧрайды.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет