Тұрмашева, С. С. Салиш, А



бет1/69
Дата11.11.2023
өлшемі0,83 Mb.
#191046
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
Дүниетану 2-сынып қмж (1)


Б. Қ. Тұрмашева, С. С. Салиш, А. Ж. Раева


ДҮНИЕТАНУ
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ұсынған




Алматы «Атамұра» 2022



ӘОЖ 373(072)
КБЖ 74.261
Т 86
Оқыту әдістемесі Бастауыш білім беру деңгейінің 1–4 сыныптарына арналған «Дүниетану»
пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалды.

Тұрмашева Б. және т. б.
Т 86 Дүниетану. Оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған/Б. Қ. Тұрмашева, С. С. Салиш, А. Ж. Раева. – Алматы: Атамұра, 2022. – 118 бет.

ISBN 978-601-10-0098-7


ӘОЖ 373 (072)


КБЖ 74.261
© Тұрмашева Б., Салиш С., Раева А., 2022
ISBN 978-601-10-0098-7 © «Атамұра», 2022

АЛҒЫ СӨЗ




Қымбатты әріптестер! Қолдарыңыздағы 2-сынып «Дүниетану» пәніне арналған оқыту әдістемесі орта білім беру мазмұнының жаңартылған оқу бағдарламасына сай жазылды.
Аталмыш «Дүниетану» оқу-әдістемелік кешеніне оқулық, оқыту әдістемесі + СД, №1, №2 оқушы дәптері кіреді және ОӘК білім беруде ерекше жол сілтеуші құрал болып табылады. Оқулықта сабақтың қай кезеңінде ОӘК-нің құрамдас бөліктерін пайдалану керектігі, олардың әрқайсысымен жұмыс істеу ерекшеліктері жете көрсетілген.
Авторлар мұғалімнің сабаққа даярлығын, сабақтың жүргізілуін барынша жеңілдетуге тырысты. Сіздер оқыту әдістемесінен сабақ беруге қажеттінің барлығын таба аласыздар: тақырыптық жоспарлау; сабақтардың толық әзірленген нұсқасын, қосымша қызықты материалдар (ойындар, жұмбақтар, сөзжұмбақтар т.б.). Біз бағдарламаның негізгі бөлімдерінің тақырыптарын ашуға тырыстық. Әсіресе қиынырақ соғуы мүмкін деген «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті», «Ежелгі мәдениет және өркениеттер», «Қазақстанның тарихи тамырлары», «Қазақстанның тарих беттеріндегі маңызды оқиғалар» бөлімдерінде және бастауыш сыныптың мұғалімдері түсіндіруге жеңіл және оқушы қызығатындай етіп бердік. Біздің Отанымыздың тарихы туралы алғашқы көзқарасты қалыптастырып, өткеннің ашық бейнесін құруды да ойластырдық.
Қазіргі кезеңде оқыту үдерісіне негізгі талаптардың бірі білімді «өз бетінше іздену», «табу» бойынша оқушының белсенді әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Оқыту әдістемесіндегі сабақтар оқытудың әрекеттік принциптеріне негізделген. Осы мақсатпен оқытудың интерактивті әдістерін, диалогтік (сөйлем құрау) және рефлексиялық (ой қорыту) технологияларын, оқушылардың жобалық және зерттеулік әрекетін ұйымдастыруды пайдалану көзделген. Сондай-ақ сабақ өзара тексерудің түрлі формаларын пайдаланудан тұратын оқушылардың өзіндік жұмысын кіріктіреді.
Сабақта тақырыптың мазмұнын меңгеру ғана емес, сонымен бірге оқушының түрлі құзыреттіліктерінің дамуын, олардың сезіну еркіндігін көздейтін күтілетін нәтижелер қисынына келтірілген. Оқушылар үшін жетістік өлшемдері көрсетілген, кілттік сөздер мен ой-пікірлер айқындалған. Сабақтың түрі және өту барысы, сондай-ақ әдістер мен тәсілдер, оның ішінде даму стратегиясы, интерактивті әдістер (жұптық және топтық жұмыстар), зерттеу және шығармашылық жұмыстары, түрлі ойын тәсілдері және рефлексиялық технологиялар жазылған, сонымен бірге мәселелерді шешу және шешімдерді қабылдау қарастырылған. Сондай-ақ нұсқаулар, мұғалім және оқушыларға сабаққа қажетті көрнекі құралдар да бар.
Мұғалім баламалық (альтернативтілік) принципті іске асыру үшін авторлар сабақтың оқыту әдістемесінің екі түрін ұсынады. Бұл екі сабақ үлгісінің арасында үлкен айырмашылықтар жоқ, сондықтан ұстаз кез келген ұсынылған нұсқа бойынша сабақты жоғары деңгейде өткізе алады.
Оқыту әдістемесінде берілген ортамерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар мен қысқа- мерзімді жоспар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылдағы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығына сәйкес жасалған.
Авторлар бұл әдістемелік құрал мұғалімнің педагогикалық әрекетіне үлкен көмек көрсете алады деп сенеді. Әрине, ұсынылған оқыту әдістемесі жоба болып табылады. Мұғалім оқу үдерісінің шынайы жабдықталуымен және т.б. оқытудың шарттарына сәйкес оған өзгерістер енгізуге құқылы. Бірақ бұл өзгерістер білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында, оқу үдерісін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық бағыттарға қайшы келмеуі тиіс.


Істеріңізге сәттілік тілейміз!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет