Түс пен денсаулық



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі82,28 Kb.
#78337
1   2
Байланысты:
түстер
түстер
Түс пен көңіл-күй
Киім сатып алғанда немесе үйімізді жиһаздармен толтырғанда неліктен кей түстерге басымдылық беріп, кейбірін мүлдем ұнатпаймыз? Себебі ол түс –көңіліңізе жағымды.
Психологтар бәрінің біз ойлағандай оңай еместігін айтады. Көңіл-күй мен мінез әр уақыт үйлесім таба бермейді. Дәл климат пен ауа райы сынды. Климаты жайлы жерде кейде жаңбыр да, бұршақ та, қар да жауады. Түс таңдауда да дәл осылай. Өмір бойы бір түсті құп көріп келіп, аяқ асты үйіңізді ұнатқаныңызға мүлдем қарама-қайшы түспен сәндегіңіз келеді.
Сіз үнемі қою көк түсті киімдер киіп жүріп, кенеттен қызыл жейде сатып алдыңыз. Уақыт өте келе оған қарап, жұмсаған ақшаңызды аяйсыз. Одан құтылуға тырыспаңыз. Себебі күндердің күнінде өзіңізді қайта сергіткіңіз келіп, қызыл жейдені киетін боласыз.
Бұл құбылысты психологтар түсіндіруге тырысты. Адамның белгілі бір түске өмір бойы құмартуы оның мінез-құлқын танытады. Ал аяқ асты «құбылу» – адамның дәл сол сәттегі көңіл-күйі. Демек асау мінезіңізді «жуасыту» үшін түстерді қолдануға болады.
Қандайда бір затты сатып алғанда өзіндік талғамымызға, құштарлығымызға басымдық береміз. Бірақ соңғы уақыттарда физикалық және эмоциялық ауыртпалық кезсеңіз, бейсаналы түрде қошқыл, қара түстерді таңдай бастаймыз. Егер, керісінше, жан-дүниеміз гүлденіп, өзгерістерді қаласақ, ашық түстерді таңдайды екенбіз.
Ғалымдар адамның ләззаттану (қанағаттану), өзін-өзі таныту, белсенділік, бауыр басу, жақсылықтан үміттену тәрізді психологиялық ахуалын аңғартатын негізгі үш түсті көрсетеді.
Қызыл түс ерік-жігер, белсенділік, ашушаңдық, еркіндік пен қимыл-қозғалыстың көптігін білдіреді. Қызыл киім киетін адам өмірді сүйеді, сексуалды, бойы күш-қуатқа толы. Түстің астарында сезімталдық жатыр. Ол өмірді құштарлық, құмарлыққа толтырады. Егер тұрмыс не таусылмайтын жұмыс шаршатып, еңсеңізді түсірсе, осы түстің көмегіне жүгінгейсіз. Егер қобалжып, жүйке жүйеңіз сыр берсе, қызыл түс жағдайды однан әрмен күрделендіреді.
Қызғылт сары түс оптимистік, албырттық, ақкөңілділік пен табандылықты аңғартады. Бұл түсті ұнататын адамдар – әрдайым көмек қолын созуға даяр адал достар.
Алқызыл –әйелге тән қасиет пен нәзіктік түсі.
Сары – күн сәулесі, қуанышқа толы үміт түсі. Оны көңілді, өмірді сүйетін, мақсатына жетпей қоймайтын, белсенді, тіпті, күйгелек жандар таңдайды. Сары түсті киім киген адам мейірімді, өзіне сенімді және ақша табудың көзін біледі. Бұл түс мүсініңіздің сымбатын қадағалауға көмектеседі.
Жасыл түс – ақылдың орамдылығын, парасаттылық, жағдайды терең түсіне білетін жандарға ұнамды. Бай-бақуаттылық пен гүлденуді білдіреді. Ашық жасыл түс адамды жас көрсетеді. Ал бұл түсті ұнатпау адамның өз эмоциялық күйіне көңілі толмайтынын аңғартады.
Көгілдір – тыныштық пен ақиқат түсі. Көк түсті құп көретін жандар жанға бататын шындықты жұмсартып, көңілге тимейтіндей етіп айта алады және оны өзгелер дұрыс түсінеді. Көгілдір түске деген ынтықтық парасаттың жоғарылығын көрсетеді. Бұл түске берілер сипаттама – ұстамдылық пен салқындық. Артық салмақ қосуға бейім жандардың бұл түспен әуестенбегені абзал.
Көк түсті енжар, ұқыптылық пен тазалықты ұнататын сезімтал адамдар таңдайды. Олар –меланхоликтер және тыныштықты бәрінен артық көреді. Сондықтан бұл түспен әуестенудің қажеті жоқ.
Күлгін түс армандарды оятады. Оны ұнататын жандар – барлығын таңдандыруға тырысатын шығармашыл адамдар. Егер өзгелердің таңданысын тудыра алмаса, олар ерке, ашуланшақ бола түседі.
Қоңыр – кертартпалық түсі. Тұрақтылық, ұстамдылық, сенімділік пен қарапайымдылықты білдіреді. Бұл түсті ұнататын адам – тамаша қызметкер және қашанда сенім артуға тұрарлық серік.
Ақ – тазалық, пәктік, тыныштық пен көңіл жайбарақаттығы түсі. Бұл түспен шамадан тыс әуестенетін жандар томаға-тұйық бола бастайды.
Сұр – іскерлік түсі. Оны ұнататын жандардың мінезі қатты, төзімді және табанды. Сезімін бақылауда ұстауды жөн көреді және тұрақтылыққа ұмтылады. Шектен тыс құмартқан кезде мұңаю мен күйзеліске алып келуі мүмкін.
Қара – «қауіпті әйелдер» түсі. Қара киім киетін әйел аянкес және аяушылық сезімінен жұрдай. Бірақ сән әлемінде қара кербездік, жоғары талғам мен сәнділік түсі саналады.
Сонымен, өмірде бардың барлығы маңызды және кездейсоқ еместігіне кезекті рет көзіміз жетіп отыр. Белгілі бір түстерді ұнату санамыздың тереңінен мығым орын алған. Бірақ ден қойып қарасақ, түстердің адамдары әдемілік үстеп қана қоймай, оның мінезі мен әлемді қабылдауына қосымша ерекшеліктер қосады.
Источник: Stan.kz

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет