«Ветеринария» факультеті «Ветеринариялық – санитария және гигиена»



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі28,32 Kb.
#97720
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ешкі және бал арасы
Диктанттар жина ы (9-11 сыныптар шін) растыр ан Кизембева. А
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Ешкіге арналған азық рационы және азықтандыру нормасы
Қазіргі кезде ешкінің әр түрлі жасына және жыныстық ерекшеліктеріне қарай нормасы белгіленген. Мұның езі ешкінің тәуліктік рационын жасадың, әрі оған керекті жылдық азық қорын белгілеудің негізі салынады. Азық нормасы қоңдылығы орташа және жоғары ешкі топтарына арналған. Азықтандырудың ен, үлкен, ең көп нормасы асыл тұқымды малдарға, ал азық пайдаланылатын малдарға арналған. Ешкілерге азықтың әр түрін берген жөн, өйткені олардың организмі физиологиялық жағдайларының түрлі кезеңдерінде қоректік заттардың әр түрлісін қажет етеді. Ешкілерді күйекке түсірудің алдында ең соңы жайылымға жайып, әр басына күнделікті 0,15 0,20 килограмм жем беріледі.
Лағы бар ешкілерді азықтандырғанда оның сүтті болуы, сөйтіп лағын жақсы тойындыру жағы көзделеді. Ешкіден тәулігіне 100 грамм сүт бөлінуі үшін 0,36 кг азық өлшемі, 55 грамм қорытылатын протеин, 1,5 грамм фосфор және 4 грамм кальций қажет. Лақтаған ешкінің қоректік заттарды қажетсінуі буаз саулықтарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Лақтаған еп қоректік заттарды күн сайын беріп тұрмаса, оның, сүті азайып, қондылығы төмендейді. Мұның бәрі лақтың нашар өсуіне әкеліп соқтырады. Лақтаған ешкіге тәулігіне 1,3 2,1 кг азық өлшемі беріліп, онда 130 210 г қорытылатын протеин, 6,8 9,6 г кальций, 4,0 5,8 г фосфор, 20 -30 мг каротин болғаны жөн. Мұның сыртында ешкіге керек микроэлементтерді де есептеу қажет.
Ешкі негізінен жазғы салым лақтайды. Бұл кезде олардың организмі қоректік заттарды көп қажет етеді, Сондықтан лақтаған ешкілердің рационы құнарлы болу керек. Әр лақтаған ешкіге орта есеппен 1,3 -1,8 к пішен, 1,5 2,5 кг сүрлем, 0,35 0,40 кг құнарлы жем беріледі. Сонымен бірге рационға тұз, бор, сүйек ұны және басқа да минералдық заттар міндетті түрде қосылады. Ешкіні басқа да маусымдарда лақтатуға болатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Ешкіні үй шаруашылығында ұқықты пайдалану үшін керекті маусымдарда" лақтатудың зор маңызы бар. Бүл үшін ешкінің күйін қыс айларында жоғары қоңдылықта ұстап, тәуліктегі жарық режимін ұзартып қыс айларында да күйекке ұстауға болады, осы әдісті қолданып ешкі малы 2 жылда 3 тіпті 4 рет лақтата алады. Ешкі малын қоймен салыстырғанда азықты пайдалануда онша қомағайлық білдірмегеніне қарамастан азықты күн тәулігінде қойға қарағанда жиі жейді. Мәселен, ешкі малына берілген жоңыпқаның 46 проценті жапырақ және 54 проценті сабағы болғанда ешкінің жеген жоңышқасында 59 процент жапырақ және 41 процент сабақ болған. Бұл жағдай ешкі малының азықты пайдаланғанда таңдағыштық қасиетін көрсететінін білдіреді яғни ешкі малы берілген азықтың протеині кеп таңдап жейді деген сөз, ал клетчатканы аз жейтінін көрсетеді. Сапасы жақсы пішеннен ешкі малы 15%, орташасынан 15 20% және төменгі… сападағыдан - 20 25 процент қалдық қалдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет