Қазақ жеріне исламның таралуы және



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата15.05.2020
өлшемі94,89 Kb.
#68831
  1   2
Байланысты:
материалы 9



Қазақ жеріне

исламның

таралуы және

оның тигізген

әсері

Араб қолбасшысы 

Кутейб ибн Мүслім

әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714

жылы қарулы күшпен басып кірді.

Қазақстан тұрғындарының




исламдануы осы кезден басталады.

Осы кезде Мауеренахрдағы

бауырластарына үнемі қол ұшын

беріп отыратын Түркеш қағанаты

Орта Азиядағы арабтардың жаулап

алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді,

себебі олар Шаш (Ташкент) пен

Ферғананың, Самарқант пен

Бұхараның автохтонды тұрғындарын

қолдап отыру үшін әскер жіберіп

отырды. Арабтардың Испиджабқа

(Сайрам) жоғарғы түркештердің

қолбасшысы Әбу Мырзақым

(Сүзеген) қаған араб экспанциясына

сәтті тойтарыс беріп бірнеше рет

жеңді. Басында арабтар Оңтүстік

Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды.



737 ж. қарай түркеш атты әскерінің

көмегімен Мауереннахр әскері

жерлерін араб секілді шетелдіктерден

тазартты. Бірақ таққа талас

барысында Сүзегеннің өлтірілуі

Түркеш мемлекетін әлсіретті, сол

себепті арабтың аймақ бастығы Наср

ибн Сейяр осы жылдан бастап

қайтадан Орта Азиядағы араб билігін

қалпына келтіре бастады.

Б. Ғафуров: «714 ж. Кутейб Шашқа

қайтадан шабуыл жасады. Ол Шашты

жаулап алып, өз ордасына

айналдырып, Испиджаб бағытында

жорыққа аттанды. Кутейбті бұл

қаланың сауда орталығы екендігі




емес, оның стратегиялық маңызы

қызықтырады: Испиджабты алып,

Кутейб Орта Азиялық одақтастарына

көмекке ұмтылған түркі әскерінің

жолын қиып тастауға талпынды,» —

деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен

бірге миссионерлер де қатысты,

алайда арабтардың шегінуі дін

уағыздаушыларына жаңа дінді

таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл

аймақта көптеген конфессиялардың

болғаны белгілі. Әсіресе, зәрдүстілік

қомақты орын алды. Бірақ исламның

таралуына байланысты зәрдүстілік

қудалауға ұшырады. Оның жазба

әдебиеттері жойылды. Басқа




манихейлік, будда, христиан діндері

де осындай жағдайға душар болды.

Ұзақ дәуірлер бойына қазақ

тайпалары арасында әдет-

ғұрыптардың нормалары қоғамның

бірден-бір заң реттегіші ролін

атқарды. Оның да себебі бар еді.

Әуелі, қазақ қоғамы әлеуметтік-

экономикалық жағдайына

байланысты басқалардан өзгелерден

бөлек өмір сүрді. Сол себепті де тек

қазақтық өзіндік идеологияны ғана

басшылыққа алды. Бұл исламның

Қазақстанға баяу енуін туғызды.

Екіншіден, әдет-ғұрып заң нормалары

тек үстем тапқа ғана емес, жалпы




қазақ қоғамына тиістілік сипатына ие

болды. Өйткені туыс-туыстарымен ру-

ру болып көшіп-қонған қазақтарда «ру

намысы» күштірек еді. Бұл төменгі

таптың «өз туыстастары» үстем тапқа

қарсылығын тежеп отырды.

Арабтар Мауараннахрды Әбдімәлік

ибн Маруан (685-705) тұсында ғана

жаулап алуға қолы жетті. Хорасан

билеушісі Кутейб ибн Муслим ішкі

қырқыстардан әбден әлсіреген Орта

Азияға қоныстанған түркі тайпаларын

басып алды. Сөйтіп, 705 жылдың

өзінде-ақ бүкіл Орта Азияны уысында

ұстады. Балхты басып алған Кутейб

ибн Муслим Бұхарға ұмтылды.




Соғдылар мен түркі тайпалары

арасына от салу нәтижесінде Бұхарды

алды. Ауыр шайқастардан соң

соғдылықтар астанасы Самарқан

қолға түсті. Наршаһидің жазуынша,

Кутейбаның әскері Бұхарды бірнеше

қайтара алғанымен, арабтар кете

салысымен жергілікті халық ислам

дінінен безіп, өз ата-бабасы ұстанған

дінге көше берген. Төртінші рет

Кутейба әзер дегенде қаланы алып,

қалаға сол қаланың тұрғындарының

жартысына жуық мөлшердегі

арабтарды әкеліп қоныстандырды.

Солардың күшімен ислам дінін енгізіп,

бұрынғы табынатын пұттарын

талқандап, оның орнына мешіттер



салдырған. «Кімде-кім мешітке келсе,

оларға ол (Кутейба) екі дирһам

береді» деп жар шақыртады. Соның

өзінде де жергілікті халықтан

қорыққан арабтар мешітке қару-

жарағымен келуге мәжбүр болған.

Дегенмен де, қоқан-лоқы, сатып алу,

т.б. жолдармен Орта Азияға арабтар

ислам дінін енгізді./6/

Міне, осыдан кейін кең далада емін-

еркін көшіп-қонған қазіргі Қазақстан

термторриясындағы түркі тайпалары

арасынан ислам дінін тарату үшін

миссионерлер ағылды. Олар

көшпенді халыққа күштемей-ақ ислам

дінін енгізу жағын қарастырды.




Оларға қазіргі қазақ халқын құраған

тайпалар ұстанған дін, исламға көп

жағынан кереғар еместей болып

көрінді.


Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам

діні қазақтардың ежелгі әдет-

ғұрыптарын ығыстыра алмады. Қайта

олармен санасуларына тура келді. Өз

ата-баба дәстүрлерін көбірек ұстанған

қазақтарды дінсіздер деп атады.

Оларға қарсы «ғазауат» соғысына

шақырулар да сондықтан. Бұл қазақи,

өзіндік сипатқа ие дәстүрдің ұзақ

дәуірді иеленген тарихы бар. Олардың

гүлденген, күйзелген дәуірлері де бар.

Мұндай жайт дүние жүзі




халықтарының кез-келгендерінің

бастарында да бар.

Қазақтардың өзіндік ерекшелік пен

сипатқа ие болған елді басқару

формалары, экономикалық жүйесі,

рухани қажеттілігін

қанағаттандырарлық өнері. Заңдары

мен мінез-құлықтық кодекстері

болған. Ұзақ дәуірлер бойы жазба

мәдениеті мардымсыз дамыған

қазақтардың (өйткені көшпенді

тұрмыс кешу мектептер ұстауға

мүмкіндік бермеді) уаызекі

шығармашылық дәстүрі күшті

дамыған. Әсіресе жас

ұрпақтытәрбиелейтін үлгі-насихат




жырлары, мақал-мәтелдері қандай

мол, әрі қандай терең еді десеңізші!

Бұлар тек құрғақ ақыл-кеңес емес,

нәрлі де мазмұнды ғибраттар. Бұлар

праволық нормалар мен моральдық,

саяси, мінез-құлық, т.б. тәртіптерді де

өз ішіне жан-жақты қамтиды.

Араб халифаты 634 жыл мен 710

жылдың аралығында, яғни 70-80

жылдың ішінде Сирияны,

Иранды,Ауғанды, Орта Азияны,

Африканың солтүстігін, Египет пен

Европаның батысын тұтас жаулап

алып, оларға бірден ислам діні мен

араб тілінің үстемдігін орнатуға

тырысты.



Ең ежелгі өркениеттің бесігі болған

Ирандық парсылыр араб емес еді …,

исламмен танысқалы арабқа

айналды,


Пакистандықтар, Ауғандықтар - Араб

емес, …, арабқа айналды,

Ирактықтар - Арап емес, ескі

Шумерлердің, Ассириялықтардың,

Вавилондықтардың ұрпағы.., арабқа

айналды,


Сириялықтар Арап емес…, арапқа

айналды,


Египеттіктер Арап емес Ежелгі

Антикалық Египет мәдениетінің




мұрагерлері, арап болып кетті,

Түркия Мустафа Кемаль Ататүріктің

арқасында арап болудан құтылған

еді, бірақ тап қазір арапқа айналуда)

Тунис Арап емес, ежелгі Карфаген

атақты қолбасшы Ганибалдың

ұрпақтары.., Арапқа айналды.

Алжирліктер, Ливиялықтар,

Мароккандықтар - Арап емес Туарег

немесе Берберліктер

болатын…,Арапқа айналып шыға

келді.


Ливан - Арап емес, тарихтегі ең

мықты теңізші болған




Финикиялықтардың ұрпақтары.., Арап

болып ассимиляцияға ұшырады.

Босниялықтар - Арап емес, исламды

қабылдаған Сербтар, арабқа айналды,

Қазақтардың ежелгі аталары Көк

Түріктер, сақтар, ғұнда бұлар араб

емес еді. Арабқа айналу процессі

тарихтар бойы б ір күшейіп, бір

әлсіреп жалғасты.

Тұран өлкесін 705-715 жылдары араб

халифатының әскери қолбасшысы

Құтайба ибн Муслим басшылығымен

талан-таражға түсіріп, халқын қырып

жою арқылы үстемдігін жүргізді.

Тұран өлкесіне жасаған қанды



жорығында бірден-ақ жергілікті

халықтың тілі мен дінін, дүниетанымы

мен әдет-ғұрпын, жазуын, яғни

халықтың тарихи жадын түбірімен

жойып жіберуге шешуші мән берді.

Өйткені Тұран өлкесін жаулап

алғанымен, оны идеологиялық

жағынан түпкілікті меңгермесе, ол

халықтар халифаттың уысынан тез

шығып кетуінен сескенді.

Осы себепті мәңгілікті рухани

құлдықта ұстау үшін, жергілікті

халықтардың рухани болмысын

түбірлі өзгерту, яғни олардың

халықтық тарихи жадын мүлде

жойып жіберіп, оның орнына




исламият идеологиясын қондыруды

көздеді. Осы саяси мақсат

тұрғысынан келіп, жергілікті

халықтың тілін, дінін, дүниетаным,

салт-дәстүрін, әсіресе осы

ерекшеліктерді жалғастырып,

халықтың тарихи жадын сақтаудың

бірегей құралына айналған жазу

таңбаларын жойып, оны арабша

жазумен алмастыру саясатын

комплексті тұрғыдан жүргізді.

Құтайба тұрандықтардың ұлы

жетістігі, ата мұрасы жазуын өмірден

жойып жіберуді ғана мақсат тұтпай,

халықтың тарих жадын құрайтын

оның көп қырлы рухани сала көздерін

жоқ қылып жіберуге тікелей кірісті.



Осы себепті Құтайба рухани

мәдениеттің бесігіне айналған қала

атаулыны талқандап, халықтың әдет-

салтын мұсылмандық әдет-салтпен

алмастыру, араб тілінің қоғамдық

қызметін үстем етіп жергілікті тілді

қудалау, елді мекен, жер атауларын,

тіпті, халық пен жеке кісі есімдерін де

арабшалап қойдыру, жазу таңбасын

қолданудан шығару, қолжазба кітап

атаулыны,сауаты бар кісілерді тұтас

көзін жоюды, жабайыларды

жабайылардың қолымен қырып

тұншықтыру, сыйға билікке жығу,

көркем әдебиет пен ғылыми

еңбектерді тек араб тілінде жаздыруға

әкелу, ел арасында тек исламияттық



дүниетанымды тануға қолынан

келгенінің бәрін жұмсап аянбай

қимылдады. Ғұн, түркі, хорезм

жазуын саналы түрде жойған араб

басқыншылары енді ислам діні мен

араб жазуының таралуына жол ашты.

1. Бартольд В.В. Соч. Т. V 68-б.

2. Малов С.Е. Памятники

древнетюркской письменности. –

Москва. 1961 ж.

3. Орынбеков М.С. Протоқазақтардың

дүниетанымы. –Алматы 1995 ж.

Дереккөздер





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет