М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Ақтаева Ұ. Ж., Бекмұратов И.Б.
мАШИНАТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Шымкент 2009ж.
ӘӨЖ 621.81
КБЖ 30.
Ақтаева Ұ. Ж., Бекмұратов И.Б. Машинатанудың теориялық негіздері (3-бөлім) Оқу құралы –Шымкент.: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2009ж. 104- бет.
«Машинатанудың теориялық негіздері» (3-бөлім) пәні бйынша лекциялар курсыда, 050120 «Кәсiптiк бiлiм» мамандығын игеруші студенттерді машиналардың жалпы бөлшектерiнiң жұмыс жасауының жалпы теориялық заңдылықтарымен, оларға қойылатын талаптармен және жобалау принциптерiмен істен шығу критерияларымен таныстыру, жобалау, есептеу және пайдалану теориясы негiздерi мен бақылау сұрақтары типтік бағдарламаға сәйкес берілген.
Алғы сөз Техникалық прогресс еңбек өнімділігін арттырудың негізгі шарттарының бірі ретінде өндірістік үрдістерді одан әрі кеңінен дамытуды алға қойып отыр.
Кез-келген машина, жабдық, агрегат жеке тораптардан, ал олар жеке бөлшектерден тұрады. Жұмыс жағдайына қарай жеке бөлшектерге әртүрлі талаптар қойылады.
Сол талаптарды қанағаттандыру үшін жеке бөлшектердің матераилына, конструкциясына, жұмыс жағдайына талаптар күшейтіле түсуде. «Машинатанудың теориялық негіздері» пәні өндiрiс техникасы мен әр түрлi құрал жабдықтарды таңдау, жобалау, есептеу және пайдалану негiздерi теориясын құрайтын жалпытехникалық пәндер комплексі болып табылады.
Пәннiң мақсаты: болашақ мамандарды машина мен механизмдер және олардың бөлшектерiнiң жұмыс жасауының жалпы теориялық заңдылықтарымен, оларға қойылатын талаптармен және жобалау принциптерiмен істен шығу критерияларымен таныстыру.
Курстың мазмұны төмендегi мәселелердi шешуге бағытталған:
студенттердi оқулықтармен, ғылыми басылымдармен жұмыс iстеуге және өз бетінше білім алу дағдысын қамтамасыз етуге;
лабораториялық жұмыстар, студенттердiң техникалық бiлiктiлiгiн көтеруге, кәсiптiк дайындығын қамтамасыз етуге және сынақ-тәжiрибелер жүргiзу әдiстерiн үйретуге;
«Машинатанудың теориялық негіздері»пәні негізгі үш бөлімнен тұрады:
1.Теориялық механика және машиналар механизмдерінің теориясының негіздері;
2. Матераилдар кедергісі;
3. Машина бөлшектері.
«Машина бөлшектері»-бөлімінде типтік бөлшектер мен құрастырмалы бірліктерді конструкциялау және есептеу нормалары мен ережелері, әдістері оқытылады.
Адам еңбегін жеңілдетуге және пайдалы жұмыс атқаруға арналған механизмдер жиыны немесе энергияны, материалдарды және аспаптарды түрлендiретiн арнаулы жабдықты -машина деп аталады.
Механизм- деп белгілі бір функцияналдық қызмет атқаратын бөлшектер
жиыны. Машина бөлшегі деп - машинаның бөлінбейтін бөлігін атаймыз.
Студентер теориялық механика, машиналар мен механизмдердің теориясы, материалдар кедергiсiнен алған бiлiмдердi жинақтап, машиналар бөлшектерiн есептеуге , конструкциясын жобалауға пайдалана бiлуi қажет.