Жылдарға арналған бурабай ауданының аумағын дамытудың бағдарламасы


Негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, баяулататын факторлардың, бәсекеге артықшылықтары және орта мерзімдік болашақта аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мүмкіншіліктерінің кешенді мін



бет9/14
Дата09.04.2018
өлшемі2,75 Mb.
#40111
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2.3 Негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, баяулататын факторлардың, бәсекеге артықшылықтары және орта мерзімдік болашақта аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мүмкіншіліктерінің кешенді мінездемесі


Әлді жағы

Әлсіз жағы

А*Басымдылығы

  • Топырақ-климаттық жағдай ауыл шаруашылық дамуына қолайлы, дәнді дақылдардың өнімділігінің артуы 295 % және көкөністер 184 %, ішкі қамтамасыз ету азық өнімдерінің көптігі;

  • Пайдалы қазбаға бай жерлер және минералды ресурстардың, жергілікті құрылыс материалдары өндірісін дамытуға арналған шикізаттың, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің болуы;

  • Биотехнология - аграрлық сектор - медицина және фармацевтика - экология және табиғатты орынды қолдану салаларындағы жоғары инновациялық әлеуеттілік;

  • Облыс тұрғындардың тууы көбеюінің өсу шегі негізінде өлім-жітім төмендеуі кезінде табиғи өсімнің тұрақты оң тенденциясы.



B Басымдылығы

  • Туризмнің дамуын ынталандыратын «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының болуы.

  • Астана қаласы және Бурабай АЭА есебінен шағын кәсіпкерлікті дамыту және өткізу нарығын ұлғайту;

  • тіркелген МЕҰ санының оң динамикасы және олардың қызмет бағыттарының кең спектрі (2005 ж. 2009 ж. дейін 20 МЕҰ өсуі);

  • 51 елді мекендерде ЖИТС ауруына шалдыққандар жоқ.


С Басымдылығы

  • Компьютерлермен, жаңа модификациялы кабинеттермен және кең жолақты Интернетпен жабдықтау негізінде мектептерді материалды - техникалық қамтамасыз ету деңгейі жоғарылауының тұрақты тенденциясы;

  • Орындардың саны өзгермейтін мәдениет объектілеріне қатынау деңгей 1,6 есе артуы;




А Басымдылығы

  • Өнеркәсіптерді әртараптандырудың төмен деңгейі және инновациялық жобаларды әрекетке енгізу динамикасы;

  • Мал шаруашылығының төмен өнімділігі (асыл тұқымды емес малдың басымдылығы, шаруалық мал сою қолданылуы, санитарлық бақылау нормаларының жасалмауы және әлсіз азық базамен байланысты) және өңдеуші кәсіпорындардың аймақтарында дайындау пунктілерінің санының аздығы;

  • Облыстағы 5 % елді мекендерде (54-нен) дәрігерлік кадр дефициті анықталған;

  • Аумақтық-кеңістік дамуының біргелкі болмауы: Бурабай АЭА және Астана қаласы маңында ғана өсу қарқыны жоғары;

  • Тұрғындардың туберкулез және жүрек-қантамырлары ауруларына шалдығуының жоғары деңгейі.


B Басымдылығы

  • Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптің инфрақұрылым объектілерінің тозығының жоғары деңгейі;

  • Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, утилизация және көмуден өндіріс қуаттылығының болмауы, ҚТҚ және экологиялық жағдайдың төмендеуі;

  • Аудан бойынша мектепке дейінгі білім берумен қамтылмағандар 35%, ауылда әлеуметтік және инженерлік инфражүйе объектілерімен аз қамтамасыз етілуі: 40 жыл бұрын салынған мектептер (12 ЕМ 15 мектеп); соңғы 10 жыл ішінде күрделі жөндеу өткізілмеген мектептер (40 ЕМ 42 мектеп);

  • Денсаулық сақтау объектілері бейімделген ғимараттарда (30 АЕМ); денсаулықсақтау объектілері 40 жыл бұрын салынған (24 АЕМ); соңғы 10 жыл ішінде күрделі жөндеу өткізілмеген денсаулық сақтау объектілері (23 АЕМ); жалдамалы объектілердегі денсаулық сақтау объектілері (416 АЕМ);

  • Сумен қамту көздері орталықтандырылған (28 АЕМ); тасылмалы су (37 АЕМ);

  • Аудан орталығына дейінгі жолдары қанағатсыз жағдайда (42 АЕМ);

  • Жолдардың тығыздығы төмен және жақсы жағдайдағы жолдардың салыстырмалы үлесінің төмендігі.



С Басымдылығы

  • Инновациялық менеджмент, дәрігерлер, дәнекерлеушілер, электриктер, жүргізушілер, машинисттер, тракторшылар облысында мамандар ең тапшы келетін еңбек нарығындағы дисбаланс;

  • Тұрғындардың миграциясы, еңбек ақы төлеудің төмен деңгейі және кадрлардың қартаюлары себебінен педагогикалық кадрлардың үздіксіз тапшылығы;

  • Мәдениет саласында қолданылатын ғимараттар мен құрылыстар тозығының жоғары деңгейі – 92,3 %;

  • Электроэнергия тапшылығы, ауданда қажеттіліктің 14 % ғана атқарылады.

Мүмкіншіліктер

Қауіп-қатер

А Басымдылығы

  • Астана қ. агломерация аймағында ауылшаруашылық өнімдерді сақтауға және тасымалдауға арналған транспорттық-логистикалық терминал құрылысы;

  • Облыс тұрғындарын азықпен қамтамасыз ету бағдарламалары шеңберінде ірі инвестициялық жобаларды орындау және агроөнеркәсіптік кешен салаларының дамуына қолайлы әсер ететін Астана қаласы мыңында азықтық белдік жасау;

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің белсенді рөлімен экономиканың кластерлі үлгісінің дамуының салдарынан, селекциялы - асыл тұқымды жұмыс малдың асыл тұқымды сапаларын жақсару бойынша мақсатқа бағытталған, соның ішінде, шетелдік геноқор есебінен импорттық селекция тұқымдарының жеткізу және берік азықтық база құру, СДО тәжірибелілерін кеңейту;

  • Өнеркәсіпті жылдамдатылған дамыту бағдарламалары мен Жол картасы 2020 шеңберінде инновациялық жобаларды орындау негізінде экономиканың диверсификациясы.


B Басымдылығы

АӨК қажеттілігіне жоғары білікті кадр даярлау;

Туристтік қызметтерге сұраныстың өсуі және облыста туризм тартымдылығын жоғарылату, заманауи туристтік инфражүйені дамыту, соның ішінде, экотуризм, аңшылық туризмді;

Жұмыс істейтін дәрігерлік кадрларға ұзақ тұрақталуына арналған жүйелік шаралар әзірлеу және білім саласындағы мамандардың жұмыс орынына және жас мамандарды тарту, соның ішінде, ауылдық елді мекендерге;

Щучинск қ. және Бурабай к. әлеуметтік-экономикалық әлеуеттілігін дамыту;

Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, транспорт саласындағы шағын және орта бизнесті дамыту


С Басымдылығы

  • Облыстың жоғары транзиттік әлеуеттілігін, халықаралық транспорттық коридорларға кіру мүмкіншіліктерін қолдану.

  • Мектепке дейінгі жас балаларыды мектепке дейінгі біліммен 100 % қамтуды жеткізу мақсатында заманауи мектепке дейінгі мекемелердің құрылыстарын бюджеттік қаржыландыруды және жеке (МЖӘ) ынталандыруды кеңейту;

  • Бюджеттік ресурстарды жіті қаржыландырумен тұрғындар өмірінің спасын арттыру;

  • Өндірістік кәсіпорындармен ластау көлемдерін бақылауды арттыру

А Басымдылығы

  • Ұсақтауарлық-өндірістің басымдылығы (мал шаруашылығында үлкен деңгейде) жаңа технологияларды енгізуіне, өңдеу деңгейі артуына кедергі болады, соның салдарынан шығарылушы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді;

  • Өңдеуші сектор кәсіпорындардың технологиялық артта қалғандығы ет-сүтті өнімнің бәсеке қабілеттілігін төмендетеді және саланың жалпы дамуына теріс әсер етеді;

  • Облыстың экономикалық кеңістік сапасы нашарлауы және ауылдық аудандардың жылу және электр жабдықтау инфрақұрылымы дамуының дәрежесі бойынша, энергия тұтыну көлемдері бойынша күрт артта қалушылығы.



B Басымдылығы

  • Ресей мен ТМД шеңберінде тұрар орын алмастыруға қол жетушілік және азаматтық қабылдау тәртіптері оңайлатылған, бұл өңірдің ең білікті, жас және мобильді тұрғындарын тұрақты өзіне тартуын анықтайды;

  • Ішкі нарықтың импорттық тәуелділігінің артуы, соның ішінде, Кедендік одақ шеңберінде түсетін тауарлардың есебінен;

  • Ауылдық жер және шағын қалаларда өмірінің төмен деңгей және сапалары кадрлардың, әлеуметтік саладан айрықша кетуіне жағдай жасайды.


С Басымдылығы

  • Ресурстардың ұтымсыз қолданылуынан облыстық минералды-шикізаттық базаның таусылуы, уран кенін өндіру мен өңдеу нәтижесінде пайда болған қоймалар мен су тұндырғыштар экологиялық қауіп тудырады;

  • Денсаулық сақтау және білім беру саласын жеткіліксіз қаржыландыру, жұмыс істейтін және заманауи жабдықтар сол сияқты ғимараттардың маңызды физикалық және моральдық тозуына әкеледі, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын төмендетеді;

  • Ішкі және сыртқы нарық импортты тауар пайдасына жоғалды, импорт артты;

  • Инвестиция көлемінде көрініс табатын инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі.




* Әлді, әлсіз жақтары, іске асырудың әлеуеттілігімен мүмкіншілігіне қарай мүмкіншіліктер мен қауіп А, В, С үш топқа бөлінген.



    1. Каталог: sites
      sites -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
      sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
      sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
      sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
      sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
      sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
      sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
      sites -> Өмірбаяндық деректеме
      sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр


      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет