Сабақ тақырыбы : Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғылар орнату, драйверлер



бет2/3
Дата22.08.2017
өлшемі426,25 Kb.
#24473
түріСабақ
1   2   3

Мысалы: 1, 3, 5, ... , 15 сандар тізбегі берілген. Осы тізбектің квадраттарының кестесін құру керек.

Берілген: х= 1

Қажетті формула: x:= x2

Блок - схема

Алгоритм

Pascal


X=1

X<=15

,басы

Иә Жоқ



соңы

y=x2

x, y

x=x+2





алг квадраттар кестесі

нәт бүт у

басы бүт х
х:= 1;

әзір x<=15

цб

у:= х2


шығару х, у;

х:= х+2;


цс

соңы

Program kvkestesi;


Var x, y: integer;

Begin


x:= 1:

while x<=15 do


begin

y:= sqr(x);

writeln (x, y);

x:= x+2;
end;

end.


Өткенді пысықтау:


  1. Цикл деген не?

  2. Циклдің түрлері қандай?

  3. Цикл блогы қалай сызылады?

  4. Цикл блогында неше байланыс сызығы бар?

  5. Циклда егер шарт болатын болса, онда ол қалай орналасу керек?

Үйге тапсырма: 1. Тақырып мазмұнына дайындалу.



2. Есеп: 1, 3, 5, ...., 15 сандар тізбегі берілген. осы тізбектің квадраттарының қосындысын есептейтін блок-схема, алгоритм және пргорамма құрып келу керек.

17 .12. – 29.12. 2015 жыл

8 «а», «ә», «б», «в», «г»

Тақырып: Циклдiк алгоритмдi программалау.
Мақсат:
Оқушылардың Паскаль тіліндегі циклдік операторлар жайлы білімдерін қалыптастыру. Циклдік программалар құрып үйрету.
Білімділік – Оқушыларды циклдік алгоритмдерді программалауды үйрету.
Дамытушылық – Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ - жауап
1) С. Т. Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
1) Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3 - 5мин)
1) Тармақталу алгоритміне программа құру үшін қандай операторлар қолданылады?
2 Шартты оператордың жазылу форматы?
3 Шарт ретінде не қолданылады?
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3 - 5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3 - 5 мин)
Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады.
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл - FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.
FOR операторының екі түрі бар:
FOR:= to do;
FOR:= downto do;
Мұндағы, S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; - цикл тұлғасы.
FOR – ҮШІН, TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер. Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO - кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам - 1 – ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.

FOR операторының блок - схемасы

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10 - 15 мин)


Тапсырмалар мен сұрақтар:
1 Циклдік алгоритм дегеніміз не?
2 Қандай циклдік операторлар бар?
3 FOR операторының жазылу форматы қандай?
Тапсырма №1.
А) Қадақпен берілген массаны (1 - 50 қадақ аралығын) кг - ға түрлендіретін программа құрыңдар. (1 қадақ =0, 4кг).
Б) Дюйммен берілген қашықтықты (1 - 20 дюйм аралығын) см - ге түрлендіретін (1 дюйм=2, 54 см) программа құрыңдар.
Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.
Тапсырма №2.
1 - ден 100 - ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табу алгоритмін және программасын құрыңдар.
Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.
Тапсырма №3.
өрнегінің а=1, 2,..., 100 болғандағы мәндер кестесін жасайтын программа құрыңдар.
Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

6) Сабақты қорытындылау


Оқушыларға циклдік операторлар туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма


Циклдік алгоритмді программалау. FOR циклдік операторы.

12 .11. – 16.11. 2015 жыл

9 «а», «ә», «б», «в», «г», «ғ»
Сабақтың тақырыбы: Салынған циклдер.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылар циклдік алгоритмдерді құруды, циклдердің командасын орындалуын және құрылымын көрсету.
Дамытушылық: Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге үйретуді көздеу.
Әдістері: түсіндіру, ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс,
Көрнекіліктер: компьютер, сызбалар
Міндеттері:
1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын
қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады.
Цикл – белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы.
қадамдар саны белгілі цикл
қадамдар саны белгісіз цикл (шартты цикл)
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл — FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.
FOR операторының екі түрі бар:
FOR:= to do;
FOR:= downto do;
Мұндағы, S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; — цикл тұлғасы.
FOR – ҮШІН, TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер.
Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO — кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам - 1 – ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.
ІҮ. Сабақты бекіту: Бекіту тапсырмалары
1. Циклдік алгоритм дегеніміз не?
2. Қандай циклдік операторлар бар?
3. FOR операторының жазылу форматы қандай?
ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау
Ү. Үйге тапсырма: Циклдік алгоритмдерді программалау.
Цикл түрлері
14 .11. – 17.11. 2015 жыл

9 «а», «ә», «б», «в», «г», «ғ»
Сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс. Салынған циклдер.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің көмегімен салынған циклдер туралы түсінік беру.

Паскаль бағдарламасын ашып, оқушылар есептер шығару нәтижесін көру.

Процедура мен функцияны ажырата білу.

Есеп барысында қолдана білу.
Көрнекілігі: тақырып бойынша мультимедиалық слайд, оқулық.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету.
І. Сабақ барысы:


Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы дәптерін болтыру,

көңіл күйлерің қалай!

Жаңа сабақ. 5- слайд

Есеп шешу кезеңі.Прогаммасы жазу , нәтижесін анықтау. Уақытқа байланысты 3-4 есеп артық дайындалған. Өз шығармашылығымнан алынған есептер.

Адасқан жолдар ” ойыны \әрбір қатарды әр жерге орналастыру\



Сергіту сәті”

Қорытынды.
ІІ. Жаңа сабақ.


Паскаль тілінің барлық процедуралары мен функциялары екіге бөлінеді. Стандартты және тұтынушы өзі анықтаған бейстандарт топтар. Сандартты функциялар мен процедуралар тілдің элементі ретінде өз аттары бойынша алдын ала нақтыланған түйінді сөздермен белгіленеді. Ал бейстандарт функция мен процедураларды әрбір программалаушы өзі жаңа атау беру арқылы анықтайды да, олар орындалатын әрекеттерден тұрады.

Бір –біріне кірістірілген циклдер. Бірінің ішіне бірі кіретін бірнеше қарапайым циклдері бар цикл бір-біріне кірістірілген циклдер деп аталады. Ішкі цикл сыртқысына толық кіруі керек.

for i := ...

begin

for j:= ...

begin

серия;

end;

end;
Мысал: Келесі фигураны экранға басып шығару керек

******

******

******

******

program zvezda;

var i, j: byte;

begin

for i := 1 to 4 do

begin

for j := 1 to 6 do

write (’*’);

writeln;

end;

readln;

end.
Бейстандарт функциялар мен процедуралар VAR бөлімінен кейін сипатталады.

әрбір программа соныда қойылады. ;

Функцияның Процедурадан екі айырмашылығы бар.

1.Функция аты өрнектердің аргумент ролін атқара алады;

2 .функция орындалған соң программаға тек бір ғана мән беріледі.

Есеп шешу кезеңі.

Процедура мен функция айырмашылығын түсіну үшін екі бүтін санды азайту программасын жазу. Тақтаға программаны жазу оқушылар паскаль программасын ашып есепті теріп жазу нәтижесін көру.




Каталог: uploads -> doc -> 12a6
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12a6 -> Сабақ жоспары: Сәлемдесу > "Ламинациялық қағаз" үй тапсырмасын сұрау "Таза тақта" Кім жылдам
12a6 -> Сабақтын мақсаты: а көпжасушалы жануарлардың көбеюі және жеке дамуы туралы, көбеюдің биологиялық мәні туралы түсінік беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет