Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық - қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз, ризамыз, ризамыз бүгінге,
Ризамыз, ризамыз, ризамыз қазірге
|
-Бәрі бірге қайталайды
|
Ізденіс - ұйымдастырушы
|
- Балалар, бүгін Жұмбақбай ата қонаққа келіпті. Ол кісі бізге бірнеше тапсырма әкеліпті. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Л неліктен дауыссыз?
-Л әрпі бар сөздеді тауып айтыңдар.
|
-Лақ. Лақ – бір буын, л,қ –дауссыз, а – дауысты
-Кедергімен айтылады.
-Лақ, лашын, піл, тіл, күлкі, түлкі-буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды.
|
|
Тақпақ жаттау:
Жал-жулт етіп бұлақ,
Жағалайсың бұлақ.
Секірем деп бірақ.
Қала көрме құлап.
|
-Бәрі бірге жаттайды
|
|
Сөздікпен жұмыс:
ЛАШЫН
САПСАН
СОКОЛ
PEREGRINE
|
-Балалар тыңдайды.
|
|
Дәптермен жұмыс
-«Әліппе» және «Балапан» дәптеріне Л л әрпінің үлкен және кіші баспа түрін жаздыру
|
-Балалар дәптермен жұмыс жасайды.
|
|
Дидактикалық ойын «Ойлан тап»
-Л дыбысы бар сөз ойлап табу
-Лимон, балық, халық, Арал, бал, қала. Буынға бөлгізіп, дыбыстық талдау жасату.
-Мақал: «Білім-жарық күнің». Білім сөзіне дыбыстық талдау жасату.
|
-Балалар сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.
|
|
.Сергіту сәті
Балға аю бара ма ?
Балда ара бар ма ?
Балда болса ара,
Балға аю барма!
|
-Балалар қимылмен көрсетеді
|
Рефлексивті - түзетушілік
|
-Балалар, сендер белсенді қатысқандарың үшін Жұмбақбай ата сыйлыққа әкелген ертегіні оқимын. «Жеті лақ» ертегісін оқып беру. Талдау жасау.
Жаңылтпаш:
Анат қай арал?
Қайыңды арал,
Талды арал,
Ішінде бұзаулы ала марал.
Арал, марал сөздеріне талдау жасату
-Балалар, біз бүгінгі сабағымызда қандай дыбысты өттік?
-Л дыбысы қандай дыбыс?
-Балаларды бағалау, мадақтау.
|
-Балалар ертегіні тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
-Жаңылтпашты қайталап, арал, марал сөздеріне талдау жасайды.
-Л л әрпін мен дыбысын өттік.
-Л л дауыссыз дыбыс
|