Дінәсілден Мұхтардың әкесі Омархан, кіші әйелі Сақыштан Арынбек, Қасымбек, Ағзам және Ахмет туған. Бұлар бірге өседі, атасы Әуездің тәрбиесін бірге кереді. Алғаш ауылда хат таныған олар Қасымбектің ұйғарымымен Семейдегі 5 сыныптық орыс мектебінде, одан соң оқытушылар семинариясында оқиды. Ахмет әр турлі қызметтер атқарады. 20-30-жылдардың саяси ағымына байланысты Қазақстанның оңтүстік облысына қоныс аударады да, өмірінің соңына дейін сонда тұрып қалады.