Пән мұғалімі: Жанисова Жазира Султанбековна
2013-2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Фитодизайн
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үйлесімділіктің негізгі принциптерін ескеріп, композицияға өсімдіктерді дұрыс таңдап үйлестіре білуге үйрету.
Дамытушылық: Қолөнерге деген қабілеттерін шыңдай отырып, іскерлікке, икемділікке, ой – өрісін, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды көркемдік танымға, жұмысты орындау кезінде ұқыптылық пен дәлдікке, сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: Суретпен мысал келтіре отырып (әңгімелеу, көрсетіп айту), индуктивтік (жай нәрседен күрделіге ауысу), репродуктивтік (өз бетінше жұмыс істеу), зерттеулік ( неғұрлым үйлесімділікті ішінара іздестіре таңдау) әдістерімен түсіндіру.
Көрнекілігі: Бөлме өсімдіктері, жасанды гүлдер, дайын үлгі.
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, бейнелеу
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері»
1) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;
2) Оқу құралдарын тексеру;
3) Назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мына жеті түрлі суреттің астында сұрақтар жасырылған.
1. Құрақтың сәнді болуы несіне байланысты? Үлгісіне
2. Құрақ құрау қандай материалдан жасалады? Мата
3."Жастық" дегеніміз не?
Адамның басына жастауға арналған үй бұйымы.
4. "Бидай шүберек" дегеніміз не?
Жастық ішіне құстың мамығын салып, сыртын матамен тыстау
5."Жастық тыс" дегеніміз не?
Бидай шүберектің сыртын әртүрлі матамен қаптау
6."Құс жастық" дегеніміз не?
Құстың мамығынан жасалған жастық
7."Көпшік" дегеніміз не?
Жастықтың салт атқа мінгенде ер үстіне салынатын түрі
Достарыңызбен бөлісу: |