СабақТЫҢ тақырыбы: сағат және уақыт жаңа сөздер уақыт время
Дата 26.08.2017 өлшемі 6,76 Kb. #28598 түрі Сабақ
ЖҰМБАҚТЫҢ ШЕШУІН ТАБЫҢДАР Сартылдайды күнімен, Сартылдайды түнімен. Білгің келсе уақытты, Көрсетеді тілімен САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: САҒАТ ЖӘНЕ УАҚЫТ ЖАҢА СӨЗДЕР Уақыт – время Кеш – вечер Жарым – половина Қазір – сейчас Ғасыр – век Дәуір – эпоха Тәулік - сутки Тура – ровно Түс – полдень Минут қалды – минут осталось Минут кетті – минут ушло Сағат неше? – Который час? Уақыт қанша, айтыңызшы? – скажите, пожалуйста, который час? Қазір уақыт қанша? – Сколько сейчас времени? Тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап беріңдер 1. Сағатпен нені өлшейді? 2. Сағаттың қандай түрлері бар? 3. Ең алғашқы сағаттар қандай және оның кім ойлап тапқан? Содан кейін қандай сағаттар пайда болған? СУРЕТТЕГІ САҒАТТЫҢ ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАНДАР 1.Қол сағат 2. қабырға сағат 3. үстел сағат 4. қалта сағат 5. құм сағат 6. су сағат. Оқылым Уақыт өлшемдері Бір ғасырда жүз жыл бар. Бір жылда 12 ай бар: қаңтар, ақпан, науырыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде,тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан. Жылда 4 мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз. Бір аптада 7 күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі , бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Бір күнде 24 сағат бар. Бір сағатта 60 минут бар. Бір мунутта 60 секунд бар. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер. - Сағат қанша болды? - Сағат екі. - Сен мектепте қашан барасың? - Мен мектепке таңертеңгі сағат сегізде барамын. - Сабақ сағат нешеде басталады? - Сабақ сағат сегіз жарымда басталады - Соңғы сабақ нешеде аяқталады? - Соңғы сабақ сағат бірде аяқталады. - Үйірмеге қашан барасың? - Қазақ тілі үйірмесіне сағат төртте барамын. САН ЕСІМ Заттың санын, ретін білдіретін сөзді сан есім дейміз. Сан есім Неше? Қанша? Нешінші? Нешеу? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: екі, үшінші, жетеу КҮРДЕЛІ ОН ЖЕТІ, ЖҮЗ ЖИЫРМА БІР Жазылым Диалогты толтырыңыз. 1. - _____________ ? - Мен сағат жеті жарымда тұрамын. - _____________ ? - Үйден жетіге он бес минут қалғанда шығамын. 2. - _____________ ? - Біздің үйіміз ауылдың шетінде. - _____________ ? - Сабақ сағат сегіз жарымда басталады. 3. - _____________ ? - Асханадан тамақ ішеміз. - _____________ ? - Сабақ сағат бірде аяқталады. Толықтырып жаз. Жаттап ал • Бір жылда ............ ай бар. • Бір айда .......... күн бар. • Бір аптада ............ күн бар. • Бір тәулікте ............ сағат бар. • Бір сағатта ............ минут бар. Достарыңызбен бөлісу: