Зертханалық құралдар мен ыдыстар


Жалпы қолданылатын ыдыстар



бет2/21
Дата23.11.2022
өлшемі0,7 Mb.
#159466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Зертханалы? ??ралдар мен ыдыстар

Жалпы қолданылатын ыдыстар: пробиркалар (5-25мл); воронкалар (жай, сұйықтарды құю үшін қолданылатын, фильтрлеуге және бөлуге қолданылатын); стакандар(5-1000мл); колбалар(10-1000мл) жайдақ түпті, жұмыр түпті, конус тәрізді колбалар (Эрленмейер колбасы), Бунзен колбасы; суытқыштар, реторталар, крандар, кристаллизаторлар, сифондар (сұйықтарды құю үшін), бюкстер.
Арнайы қолданылатын ыдыстар: дистилляцияға қолданылатын колбалар; аллонждар – ілмекті түтіктер (суытқышты сұйықтықты қабылдағышпен қосады); дефлегматорлар (фракционды айдауда қолданылады); Кипп аппараты(газдар алу үшін қолданылады); Кьельдаль қондырғысы (азотты анықтау үшін қолданылады); Тищенко шынысы; пикнометрлер; ареометрлер; дөңгелек түпті колбалар; арнайы суытқыштар; заттардың қайнау және балқу температураларын анықтайтын құралдар; эксикаторлар (баяу суыту үшін және ауадан ылғалды, газдарды жұтып алатын заттарды сақтау үшін қолданылады). Бұл ыдыстар тек белгілі бір мақсаттар үшін ғана қолданылады.
Өлшегіш ыдыстар: цилиндрлер, мензуркалар, пипеткалар, бюреткалар және өлшегіш колбалар. Өлшегіш химиялық зертханалық ыдыстар дәл градуирленген, сондықтан оларды қыздыруға болмайды. Өлшегіш ыдыстар да барлық химиялық зертханалық ыдыстар сияқты көлемдері, диаметрі және пішіндері бойынша ажыратылады. Оларға: пипеткалар – сұйықтықтарды (0,1-100мл) және газдарды (100мл жоғары) алу үшін; бюреткалар (1-100мл) – титрлеу үшін және дәл көлемді өлшеу үшін (микробюреткалар, көлем өлшейтін, салмақ өлшейтін, поршенді және газды бюреткалар болады); өлшегіш колбалар (10-2000мл) – сұйықтардың көлемін өлшеуге және сұйық заттардың белгілі көлемін сақтау үшін; өлшегіш мензуркалар мен цилиндрлер (градуирленген, бірақ дәлдігі төмен) жатады.
Жалпы қолданылатын ыдыстар
Пробиркалар – мөлшері аз заттармен химиялық тәжірибелер жасағанда қолданылады (1-сурет). Оларды штативтерде сақтайды (2-сурет).

1-сурет. Штативтегі пробиркалар.
2-сурет. Пробиркалар сақтайтын штатив.
Пробиркалар әр түрлі өлшемді, әр түрлі шынылардан жасалады, олар жай (қарапайым), градуирленген және центрифугада қолданылатын (конус тәрізді) пробиркалар болып бөлінеді. Пробиркаларды ағаштан, пластмассадан, металдан жасалған штативтерде сақтайды.
Реакциялар жүргізу үшін пробирканың ¼ не 1/8 бөлігіне дейін ғана ерітінділер құю қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет