3.Газдарды жинау. Газдардың ауа бойынша тығыздығына, суда ерігіштігіне, улылығына байланысты оларды жинауды төртке бөлуге болады. Біріншісі, ауамен әрекеттеспейтін және ауадан ауыр газдарды жинау; екіншісі, ауадан жеңіл газдарды, мысалы сутегі, аммиак, т.б. жинау; улы газдарды жинау үшін (үшінші) колбаны екі газ өткізгіш түтігі бар тығынмен тығындап, газдың артық мөлшерін газды сіңіріп алатын сұйықтыққа жібереді. Мысалы, күкірт (IV) оксидін сіңіру үшін суды қолданады; төртіншісі, судың үстінде газды жинау деп аталады. Жиналатын газ суда ерімеуі керек. Цилиндрді немесе үлкен сынауықты суға толтырып, аузын шынымен жабады, суы бар кристализаторға төңкеріп, шыныны алып, аузына газ өткізгіш түтікті енгізеді. Газ толғаннан кейін цилиндрді судан шығармай тұрып аузын жабады, содан кейін судан шығарады.
4.Газдарды тазарту және сіңіру. Алынған газды тазарту үшін оны түрлі заттардан өткізеді. Мысалы, сутегінде қоспа ретінде көмірсутегі болуы мүмкін, оны тазарту үшін немесе , ерітіндісі арқылы жібереді, ал көміртегі (IV) оксидін кептіру үшін оны концентрлі немесе фосфор (V) оксидінің үстінен өткізеді. Газдарды кептіру үшін Тищенко сауыттарына, хлоркальцийлі түтіктеріне салынған құрғақ кептіргіштердің қабаттарынан өткізеді.
5.Шынымен жұмыс істеу тәртібі. Химиялық зертханада аспаптардың көпшілігі шыныдан жасалған, сондықтан шыныны кесуді, июді, балқытуды, капилляр және үш иінді түтіктер жасауды білу керек.
Шыны түтіктерді кесу. Жіңішке (3-7 мм) шыны түтіктерді кесу үшін арнайы пышақ немесе егеу алып, түтікшені үстелдің үстіне қойып, кесетін жерін белгілеп, егеумен үстінен тіледі. Сосын түтікті екі қолмен сындырады. Егер шыны жуан болса, түтікті дөңгелектеп кертеді де, кертік түскен жерге қыздырылған ілгек кигізеді, сол кезде шыны сынады.
Түтікті балқыту. Кесілген түтіктер өткір болады, қолды, тығынды кеспеу үшін, оны балқытып алу керек. Ол үшін жалын сарғайғанша жалынға ұстайды.
Түтіктерді ию. Шыны түтіктің иетін жерін жалында қыздырады, шыны балкып жұмсарғанда (жалын сарғаяды) екі жағынан ұстап тез иеді.
№2 зертханалық жұмыс. Қышқылдар, негіздер және тұздардың қасиеттері.
Жұмыстың мақсаты. Бейорганикалық қосылыстардың негiзгi кластары, оларды алу жолдары, химиялық қасиеттерiн зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |