3. Хлордың бейметалдармен әрекеттесуі. Темір қасықпен фосфор алып хлоры бар ыдысқа салыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
4. Хлордың органикалық заттармен әрекеттесуі. Скипидар жағылған сүзгі қағазын алдын ала кұрғақ сынауыққа салып хлор жіберіңдер. Не байқалады? Реакция өнімдері қандай? Скипидардың формуласындеп алып реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Хлор суын алу. Сынауыққа 2/3 су құйып 2–4 минут хлор сіңіріп қанық ерітінді алыңдар. Түзілген хлор суын келесі тәжірибелерге сақтап қойыңдар.