Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет3/24
Дата21.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#144386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ДР нов файл

Зерттеу әдістері: зерттелетін проблемалар жөніндегі ақпараттық әдебиеттерді зерделеу; психологиялық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу мәселелерінің қырынан зерделеу; педагогикалық бақылау, әңгімелесу,сауал сұрақ жасау.
Талдау барысындағы материал: шет тілдерін оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер; отандық және шетелдік журналдар.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
тұрады.

I ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ
1.1 Білім берудің жаңа мазмұны жағдайында ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолдану

Жаһандану үрдісі, экономика, техника, мәдениет, қоғамдық және жеке өмірдің әртүрлі саласындағы әлемдік интеграция ағылшын тілін практикалық тұрғыдан меңгеруге деген жоғары талаптар қойып отыр, ал Қазақстанның ақпараттық білім кеңістігіне енуі ақпараттық құзыреттіліктің жоғары деңгейін болжайды.


Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар оқ-тәрбие үрдісінде қазіргі замандағы білім беру мазмұнынындағы өзгерістер жағдайында маңызды рөл атқарады. Ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолдану компьютердің оқыту үрдісіндегі зор мүмкіндіктерін ашады. Компьютерлік оқыту бағдарламалар бұрыннан келе жатқан дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда басымдық белгілері көп.
Олар, яғни бағдарламалық бағдарламалар әртүрлі тілдік әрекеттерді жаттықтыруға, оларды әртүрлі комбинацияларда үйлестіруге мүмкіндік береді, тілдік құбылыстарды тануға, лингвистикалық қабілеттерді қалыптастыруға, коммуникативті жағдай жасауға, тілдік әрекеттерді автоматтандыруға көмектеседі, сонымен қатар жетекші репрезентативті жүйені есепке алу, жеке адамға бағытталған әдістерді жүзеге асыру және студенттердің өзіндік жұмыс белсендіруді қамтамасыз етеді.
Компьютер ынта-жігерді арттыру, тілдік дағдыларды қалыптастыру мен ағылшын тілін меңгеруді жетілдіру құралы ретінде қарастырылады. Компьютер студенттерде барлық қабылдау каналы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді: есту, көру және кинестетикалық. Бұл жағдай оқушының оқылып жатқан материалдың көлемін кеңейтіп, оның меңгерілу деңгейін жақсартуға, оқыту үрдісінде студенттің статусын көтеруге көмектеседі, студенттердің танымдық белсенділігін арттырады және де олардың пәнге деген қызығушылығын тұрақты болуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар студенттердің өз бетімен жұмыстануына, Интернет жүйесін виртуалды кеңістікке толықтай ену құралы ретінде қолдануға өз септігін тигізеді.
Ағылшын тілі пәні бойынша мультимедиалық оқыту бағдарламаларында студенттердің танысу, жаттығу және білім мен дағдыларды тексеруді жүзеге асыруға көмектесетін түрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады. Мультимедиялық бағдарламаларды қолдану мүлде оқытудың дәстүрлі әдістерін алып тастамайды, керісінше олармен оқытудың барлық кезеңінде үйлесімді түрде қолданысқа еніп отырады.
Компьютердің өзін сабақта қолдану тек оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар студенттерді алдағы уақытта ағылшын тілін өз бетінше оқуға ынталандырады. Осы тектес сабақтар өзіне оқыту үрдісінде студенттердің өзін қатыстыруға мүмкіндік беретін интерактивті мультимедиялық контент қосады, және де оқылып жатқан пәнге деген қызығушылықты арттырып, берілген материалды жоғары деңгейде меңгеруге өз септігін тигізеді.
Енді ағылшын тілі сабағында қолданылатын ақпараттық-технологиялар түрлері мен олардың ерекшеліктеріне тоқталып кетсек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет