Xix ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы



бет5/5
Дата17.11.2023
өлшемі49,27 Kb.
#191655
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Капарова Молдир КОК-217 1П
мақала Каирбекова, Рөлдік ойындар, Алгебра 10 класс КСП
«Бекет батыр» жыры
Алшын, Жаппас деген елдің ішінде ер Көтібар деген бай болады. Оның жеті баласы болады. Үлкені Серкебай екен. Соның жалғыз баласы – Бекет батыр. Мұның тұсында Арыстан деген хан болып Орынбор, Петрбор деген қалалар болады. Арыстан хан сол Орынбор, Москва, Томск деген қалалардан лек болып шыққан орыс әскерлерін бастап келіп , қазақ елінің шырқын бұзып, қастық істейді. Елді жылатып, зарлатады. Соған Бекет батыр шыдамай Арыстан ханды өлтіреді. Ханды өлтірген соң, Арыстан ұлықтары Бекеттің соңына түседі. Патшаға айыпты болып, қылмысты кісі атанады.Орыс атаулының бәрі жау болып, қуғынға ұшыратқан соң, қашқын болып жүреді. Сол уақытта дуандардың әкімдері батырды қалай ұстауды білмей айланың бәрін тауысып келіп, аяғында Бекеттің жолдасы Шернияды айналдырады. Көп пұл беріп, сатып алып, жолдасын ұстап беруге уәде алады.
Шернияз Бекетті алдау үшін орыспен пәлен жүз теңге ақша алып, соны саған сыйға жіберді, өзіңмен татуласпақшы дейді. Бекет осының тіліне нанып дуанға келгенде, дайындалып тұрған әскер ұстап алып, қол-аяғына кісен салып, көк арбаға таңып, Сібір айдап жібереді. Бекеттің тұтқын болғанын естіген соң амандасып қалмақ болып, артынан қуып, шешесі келеді. Жылап, зарлап жыр айтады, Бекет те сүйегі босап жылайды. Артта қалған ел мен әкесіне, үй ішіне, ағайын-туысқанына сәлем айтады. Сонымен Бекет Сібірге кетеді. Шешесі үйіне жылап қайтақан соң Бекеттің қатыны байын іздеп, жүрмекші болады.Ата-енесінен бата алып, сегіз мың теңге алып, ноғайдың саудагерлері болып киініп, алыс сапарға жүріп кетеді.Жолда талай күн жүріп , күйеуі тұрған жерге жетеді. Тұтқын болып жұмыста жүрген күйеуін көреді. Бірін-бірі таниды. Қатыны күйеуінің жолына бірнеше рет ат айтып сояды. Абақтыдағы Бекетке асын пісіріп бергенде , ішіне батырдың алмас пышағын тығып жібереді. Жолығатын жерін айтып хат салады. Бекет түн болған соң алмас пышақпен қол-аяғынның шыншырын қиып, абақтыдан қашып шығады. Мұнымен бірге жатқан Жаппар төре бар екен, ол Кенесарының баласы. Бекетке бұ да қосылып алып, барлығы бірдей қашады. Артынан солдаттар біліп, қуғын жасайды. Батыр барлығын қырып, аман-есен еліне келіп, Шерниязды өлтіріп, баяғыдай дәурен сүріп, мұратына жетеді.
БЛИЦ-ТЕСТ
1 Д 11 С
2 Е 12 С
3 А 13 Е
4 С 14 В
5 С 15 В
6 А 16 А
7 С 17 Д
8 Д 18 С
9 А 19 С
10 В 20 С
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.
Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет