«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет3/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf, Лекция 1 Физические эффекты, используемые для создания датчиков, 130592
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 
университетінің ректоры, 
филос. ғ.к., Г. Ахметованың алғы сөзі
Қымбатты қонақтар мен конференцияға қатысушылар! 
Бүгін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 
дәстүрге айналған жас ғалымдар, магистранттар, студентттер мен мектеп 
оқушыларына арналған «ХVIII Сәтбаев оқулары» атты халықаралық 
ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын бастайды. 
Біздің конференцияға таяу шетелдердің жоғары оқу орындарының 
өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген жас 
ғалымдар, студенттер, магистранттар мен оқушылар қатысуда. Соңғы 
жылдары «Сәтбаев оқулары» ашық, ғылыми коммуникациялық және үздік 
тәжірибемен алмасуда беделді ғылыми іздеу алаңы мәртебесіне ие болды.
Бүгін академик Қ. И. Сәтбаевтың есімі Қазақстанның мәдени 
мұрасының бір бөлігі болып табылады. Біздің еліміздің өнеркәсібі мен 
ғылымының қалыптасу тарихы оның есімімен тығыз байланысты
Қазақ халқынан шыққан алғашқы академик, ғылым академиясының 
бірінші президенті, ғылымның беделді ұйымдастырушысы, елімізде 
мыс пен марганецтің мол қорын тапқан Ш. Ш. Шөкин, А. Х. Марғұлан,
У. А. Бөкетов және т.б. сияқты ғалымдардың қазақстандық ғылымда орын 
алуына үлесін қосты. Қ. И. Сәтбаевтың өмір жолы біз үшін батылдық, 
еңбекқорлық, өз халқына қызмет ету сияқты адамгершілік жетістіктердің 
үлгісі болып табылады. Жыл сайын конференция өткізу Қ. И. Сәтбаевтың 
еңбегі Қазақстанда бүгінгі күнге дейін өзекті екенін дәлелдейді. 
Конференцияға қатысушылар үшін бұл күн ғылымдағы алғашқы 
қадам, қаламның алғашқы сынағы, өзінің шығармашылығы мен батылдығын 
сынау болып естерінде қалады. Айта кететін болсақ, сіздер қызықты 
баяндамалар, мультимедиялық презентациялар, дайындадыңыздар. Бүгін 
заманауи және өзекті мәселелер бойынша қызықты және өткір пікірталасқа 
ие боламыз деп үміттенемін. Сонымен қатар, мен сіздерге қол жеткізген 
жетістіктерге тоқталмау керек деп ескертемін, себебі ғылымда ақиқат тек 
қана алдына мақсат қойған және батыл қадам жасауға тырысқан адамдарға 
ғана ашылады.
Конференция жұмысының барысында әр қатысушы өз қажеттіліктеріне 
сәйкес келетін нәрсені табады және оның мүмкіндіктерін едәуір 
кеңейтетініне сенімдімін. Конференция аясында жинаған тәжірибеңіз сіздің 
ғылыми ізденістеріңіздің жаңа өсу қадамы болсын.
Конференцияның барлық қатысушылары мен қонақтарына 
шығармашылық табыстар, тартымды пікірталастар мен жаңа кездесулер, 
іскерлік байланыстар, жаңа жаңалықтар мен шабыттар тілеймін!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   310




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет