Xx ғ бас кезіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси жағдайы



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі463,37 Kb.
#93221
1   2   3   4   5
Байланысты:
9 synyp tarikh vord

1926ж халық санағы бойынша қазақтар Қазақстанның барлық халқының жартысынан астамын яғни 61,3ын құрады.
Азық түлік салғыртын азық түлік салығымен алмастыру жөнінде шешім қабылданды.
1924ж бастап ол ақшалай алына бастады.
ЖЭС енгізілуімен жерді жалға беру мен жалға алуға жалдамалы еңбекті қолдануға рұқсат етіліп ауыл шаруашылық несие тұтынушылар кооперациясыг дамыту көтермеленді. Әскери коммунизм кезінде енгізілген еңбек міндеткерлігі мен еңбекке мобилизациялау жойылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілді.

Әскери коммунизм

Жаңа экономикалық саясат

Азық түлік салғырты енгізілді

Азық түлік салығы енгізілді

Жекеше кәсіпорындар мемлекет қарамағына алынды. Өндірістік тауарлар мен астық саудасына мемлекеттік монополия орнатылды

Жерді жалға беру мен жалға алуға жалдамалы еңбекті қолдануға рұқсат етілді

Өнімдей айырбас бөлу жүйесі жүзеге асырылды

Жеке саудаға жеке меншік кәсіпорындар құруға рұқсат берілді

Жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілді

Жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі жойылды

Ақшалай жалақы орнына карточкалық «паек» берілді

Мемлекеттік кәсіпорындар шаруашылық есеп жүйесіне көшірілді

Индустрияландыру-ірі өнеркәсіпті ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925ж желтоқсанда БК(б) ll XlV съезінде қабылданды.
Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр өнеркәсіптің көптеген салалары құрылды. Қарағанды маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт салынды.
Қ.Сәтпаевтың бастамасы бойынша Маңғыстау Мұғалжар және Торғай минерал қорларын зерттеу ісі жүргізілді. Ол 3 маңызды нәтижеге қол жеткізді біріншісі Жезқазған мыс кен орнын ашты екіншісі Қазақстанның Ғылым академиясының ашылуына үлкен үлес қосып оған басшылық етті үшіншісі Геологиялық ғылымдар институтын құрды.
Түркістан Сібір темір жолы сол кездегі Қазақстандағы ең маңызды құрылыс объектісі болды. Бұл теміржол тармағының құрылысын сәтті жүргізу мақсатында РКФСР ХКК жанынан ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың төрағалығымен Түркісб құрылысына жәрдемдесу комитеті құрылды. Құрылыс бүкілхалықтық деп жарияланып республикаға Ресей Украина Орталық Азия өнеркәсіп орталықтарының жұмысшылары көмекке жіберілді. 1930ж 25сәуірде магистраль бойынша бірінші жұмысшы пойызының жүргізілуі айтулы оқиға болды оны Қазақстанның бірінші машинисі бұрын бақташы болған Көшкінбаев жүргізді.
1927ж Петропавл Көкшетау жолы салынып 1929ж ол Ақмолаға дейін созылды. Сібір мен Орта Азияны байланыстыратын Түркісб темір жол құрылысы 1931ж қарай аяқталды. 1939ж Қазақстаннан шикізат тасымалдау үшін Ақмола Қарағанды (1931)Илецк-Орал(1936) Рубцовск Риддер (1937) ал 1940 Қарағанды Жезқазған жолдары салынды.
Осылармен бір мезгілде республикада бірінші бесжылдық (1928-1932) жылдарында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қайта құрылып жаңа кәсіпорындар ашылды. Риддер Қарсақбай полиметалл комбинаттары Қарағанды көмір кендері қайта қалпына келтірілді. Шымкент қорғасын зауыты Балқаш ЖӘНЕ Жезқазған мыс қорыту Өскемен қорғасын мырыш комбинаттарының құрылыстары басталды.
Республикаға мамандар сырттан әкелінді кадрлар тұрақсыздығы орын алды. Индустриялық саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстанға ерекше мән берілді. Бай табиғи қорлардың болуы республикада ірі индустриялды база құруға мүмкіндік беріп жұмыс күші сырттан Ресей және Украинаның орталық аймақтарынан әкелінді.
1926-1940ж индустриялық даму Қазақстанды ірі жетістіктерге жеткізді. Индустрияландыру арқасында Қазақстан 1941ж ірі ауыл шаруашылық өндірісі бар индустриялы республикаға айналды. Елде кқмір өнеркәсібі қауырт дамыды 1940жылы оның 90 пайызы Қарағанды бассейнінің үлесіне тиді. Қарағанды көмір бассейні Донбасс пен Кузбастан кейінгі КСРО үшінші көмір ошағына айналды. Мұнай шығару жөнінен Қазақстан Ресей мен Әзірбайжаннан кейінгі үшінші орынға шықты

Шымкент химфарм зауты қайта құрылды. 1939ж соңында Ақтөбе химкомбинаты іске қосылып өз өнімдерін бере бастады. Аралсульфаттың өндірістік қуаты артты. 1913ж салыстырғанда 1940ж республикада электр қуатын өндіру 486 есе өсті. Соғыстың қарсаңында Шымкен қорғасын зауыты Балқаш мыс балқыту Зырянь Лениногор полиметалл комбинаттары Ащысай Қоңырат кеніштері салынып Қазақстан КСРО деңгейіндегі ірі өнеркәсіп орталығына айналды.
Екінші бесжылдық(1933-1937)жылдарында Қазақстан экономикасы жылдам қарқынмен дамыды.
КСРО бойынша Қазақстан түсті металдар өндіру жөнінен екінші көмір мен мұнай өндіруден үшінші электр қуатын өндіруден бесінші орынға шықты.
Қазақстандағы татаритарлық жүйенің күшеюі Голошекин есмімен байланысты болды . Патша отбасы мүшелердің атуды ұйымдастырушылардың бірі Голошекин Қызылордағы келісімен ауылда кеңес үкіметінің әлі де орнамағанын онда байлардың әмірі жүріп тұрғанын айтты. Ауылды Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет. «Ауыл Қазан революциясы лебін әлі сезінген жоқ» деді. Қазақстанда «Кіші Қазан» революциясы өткізу идеясын айтып Сталинге хан жазды.
1926 ж өзінде С.Садуакасов С.Қожановка «ұлтшыл» деген кінә тағылды. С.Сейфуллин М.Мырзағалиев Н.Нұрмақов С.Медешев және т.б. Қуғынға ұшырады. Олардың көбі республикадан қуылып С.Сәдуақасов пен Ж.Мыңбаев қызметтен босатылды. 1928ж ая5ында Голошекин саяси 0арсыластары алғаш рет тұтқындалды олардың қатарын А.Байтұрсынов М.Дулатов Ж.Аймауытов М.Жұмабаев тар болды. Екі жылдан кейін М.Тынышбаев Ж.Досмұхамедов Х.Досмұхамедов және ұлт зиялылары басқа да өкілдері тұтқындалды
1927ж 15-23 қараша аралығында өткен Vl бүкілқазақтық партия конференциясында қазақ байларын күшпен тәлкілеу деген шешім шығарды.
Қазақ байларын тәркілеу туралы декрет 1928ж 27тамызында қабылданды.
1933ж Голощекин қызметінен босатылып оның орнына Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л.И.Мирзоян сайланды. РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов та 1933ж Сталинге жазған хатында қазақ халқының мүшкіл жағдайын көрсетіп жаздың соңына дейін қоныс аударушылардың арасында аштық пен жұқпалы аурулардың қауіпті дәрежеге дейін көтерілетінін ескертті. Көрнекті қазақстандық мәдени қайраткерлердің «Бесеудің хаты» атанған хаты Қазақстан тарихында ерекше орын алады. 1932ж жазда Ғ.Мүсірепов М.Ғатаулин М.Дәулетқалиев Е.Алтынбеков Қ.Қуанышевтар Сталинге қазақ даласындағы мүшкіл ахуал жөнінде хат жазды.
БК (б)П XVсъезі (1927жылдың желтоқсаны) ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алуды жариялады. Ұжымдастыруды табысты жүргізу мақсатында орта үкімет «жиырма бес мыңшылар» деп аталған 25мың жұмысшыны жұмылдырды. Қазақстанға Мәскеу Иванова Вознесенск Харковь Ленинград қалаларынан «жиырма бес мыңшылар» жіберілді.1930ж 5 қаңтарда БК (б) П ОК «Ұжымдастырудың қарқыны мен колхоздық құрылысқа көмек көрсету шаралары туралы» қаулы қабылдады. Егер Қазақстан 1928ж ұжымдастыруға барлық шаруалардың 2пайыз қамтылса, 1930ж 1сәуірінде- 50,5пайыз 1931ж күзіне қарай 65пайыз жуығы 1934ж 89,9пайыз тартылды. Бұл науқан ерітілік қағидасы мен қарапайым заңдылықтың жаппай әрі өрескел бұзылуымен қатар жүрді. Ұлт зиялылары С.Меңдешев С.Қожанов Х.Досмұхамедов т.б. Жаппай ұжымдастыру науқанына қарсы шықты.
Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5млн мал болса 1933ж 4,5млн ғана мал қалды.
1928-1932ж Қазақстанда күштеп әі заңсыз негізде өткізілген ұжымдастыру іс жүзінде орасан көп адам құрбандығымен қатар жүргізілген қазақ халқына қарсы геноцид еді. Аман қалған 1,5млн қазақтар Ресейге Өзбекстан Түркіменстан Қарақалпақстан Моңғолия Қытай Иран Ауғанстанға қоныс аударды.
1930 жылдары аштық шаруалар көтерілістері
1931-1933жылдардағы аштық. 1929-1930ж қысында жұт болды. 1931-1933жылдары аштықтан суықтан және өзге де аурулардан 2,1млндай қазақтар мен 200-250 мыңдай басқа ұлттардың өкілдері қаза тапты. 1929ж күзде Қостанай округінде көтеріліс бұрқ ете түсті. Көтерілісшілерді А.Бекежанов, С.Қадиев А.Смағұлов т.б. басқарды.
Созақ көтерілісі. Қазақстанның оңтүстігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болып өтті. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты. Сол уақыттағы деректер бойынша бұл оқиғалар «Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық қарулы көтеріліс» ретінде сипатталды.
Ақпан айында Созақтың төңірегінде 400дей адам жиналды. Болыс қызметін атқарушы С.Шолақов хан болып сайланды.
Жетісудағы көтеріліс. Сол уақытта осындай басқа көтеріліс Жетісудағы Ақсу ауданында да болды.
Неғұрлым табанды әрі үзаққа созылған көтеріліс Ақтөбе Қостанай және Қызылорда округтерінің көлемді аумағын қамтыды. Қысқа мерзім ішінде хан болып сайланған А.Қанаев Ж.Бәйімбетов М.Саматов И.Сатыбалдин т.б. басқарған 6 көтерілісшілер отряды құрылды. Көтерілісшілердің негізгі күштері Қостанай округінің Жетіқара ауданының оңтүстігінде орналасты.
Соңғы ірі көтерілістердің бірі 1931ж көктем жазда Маңғыстауда болды.
ОГПУдің деректері бойынша 1929жылы Қазақстанда жалпы саны 350адамнан тұратын 31көтерілісшілер отрыды болды. 1930-1932ж көтерілісшілер 2мыңға 1932-1933жылдары 3,2 мың адамға жеткен.
Республикада 80мыңдай адам қатынасқан шаруалардың 400дей бой көрсетулері болып өтті.
1922ж басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының барлық бұрынғы мүшелері орындарынан қуылды. 1924ж бірқатар қазақ коммунистері республикадан Орталыққа шақыртылып алынды.
Өлкеде жастар қозғалысы да өріс ала бастады. Ғани Мұратбаев Мирасбек Төлепов Федор Рузаев т.б. Жалынды жастардың есімдері республикаға кеңінен танылды. Қазақ әйелдері арасынан шыққан белсенділер Н.Құлжанова Н.Арықова А.Оразбаева Ш.Иманбаевалардың есімдері бүкіл Қазақстан жұртшылығына әйгілі болды.
1930ж Кеңес елінде социалистік қатынастар қалыптасып сталиндік авторитарлық тоталитарлық жүйе толық орнықты.1928жыл со4ында «буржуазиялық ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. Бұл кезеңде Ж.Аймауытов Ә.Байділдин Д.Әділевтер атылып қалғандары әртүрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері лагерлерде қаза тапты қалғандары жазасын өтегенімен 1937жылы «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып 1937-1938ж атылды. Ұлт зиялылары өкілдерінің құрамында М.Тынышбаев Х.Досмұхамбетов, Ж.Досмұхамедов Ж.Ақбаев т.б. Бар бір тобы (40тай адам) 1930ж қыркүйек қазан айларында тұтқындалды. Көп ұзамай олардың 15і Ресейдің орталық қаратопырақты облысына жер аударылды. Олардың барлығы дерлік 1930ж қуғын сүргінге ұшырады
1937жылы БК (б)П ОК И.В.Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп тамырымен жоюды» қажеттігі жөніндегі нұсқауды барлық жерде қолдау тапты.
1937-1938жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар М.Жұмабаев С.Сейфуллин І.Жансүгіров Б.Майлин көрнекті ғалымдар А.Байтұрсынов С.Асфендияров т.б. Мемлекет қоғам қайраткерлері шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттар сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.
КСРО ның Жаңа Конституциясының жобасын талқылау болып өтті. Конституция 1936жылы 5 желтоқсанда Кеңестердің Vlll Бүкілодақтық төтенше съезінде қабылданды. Жаға Конституция бойынша 1937ж 26 наурызда Қазақ АКСР одақтас республика болып қайта құрылды.
Қазақстанда 1940ж 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп өнім өндіреді. 1940ж Қазақстанда колхоздардың саны 6901ге жетті 194 совхоз болды.
1919 ж Халық Комиссарлары Кеңесі «Сауатсыздықты жою туралы Декретке» қол қойды.
Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев географиядан Әлихан Бөкейханов Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды. 1921ж алғашқы «Есеп туралы» «Оқу туралы» және «Тіл құралы» оқулықтары баслып шықты. «География» «Қазақстан тарихы» «Педагогика» «Дидактика» «Алгебра» оқулықтарын жазуға ұлттық зиялылардың белгілі өкілдері тартылды. 1924ж А.Байтұрсынов араб әрпінің негізінде жасалған қазақ әліпбиін жетілдірді. 1929 ж араб әрпіне көшу білім беру жүйесі үшін қатты соққы болып тиді.

Жылдары

Маңызды оқиғалар

Нәтижесі

1921ж

«Казграмчека» құрылды

«Мәдени жорық» «Қызыл мүйістер» «Жұмысшы факультеттері» ұйымдастырылды.

1918жыл

«Бірыңғай еңбек мектебі туралы Декларация» қабылданды

1920-1921ж 2,5мың «Сауатсыздықты жою қоғамдарынды» 70мыңнан астам азаматтар сауатын ашты
1925ж республикада 2,7мың мектеп болды.

1919-1931 жылдары

«Сауатсыздықты жою туралы Декрет»
Жалпыға міндетті 7жылдық білім енгізді

1935ж мектеп жасындағы балалардың 91пайызы оқыды
1940ж еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою ісі аяқталды

1928жыл Қазақ мемлкеттік педагогикалық институты ашылып 1935жылы оған Абай есімі берілді 1929ж Алматы мал дәрігерлік институты 1930жылы Қазақ ауыл шаруашылық институты 1931ж Алматы медициналық институты 1934ж С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Тау кен институты ашылды.1938 жылы ҚазМУ жанынан аспирантура ашылды. 1920ж Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының негізі қаланып оның мүшелері А.Чулошников Ф.Рязанов Ә.Диваев М.Тынышбаев В.В.Бартольд В.Радлов М.Дулатовтардың алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді. 1932ж КСРО ҒАның Қазақстандық базасы құрылып ол 1938ж жанынан түрлі бағыттағы ғылыми зерттеу институттары ашылған КСРО ҒА Қазақ филиалына айналды.
1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М.Әуезов Ж.Шанин С.Қожамқұлов Қ.Қуанышбаев Қ.Жандарбеков З.Атабаева және басқа да дарынды драматурнтер режиссерлер және артистер жұмыс істеді. Бұл кезеңде Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә.Қастеев керемет туындылар жазды. Ол жазған көтеген акварель туындылар «Ескі және жаңа тұрмыс» деген топтама ретінде белгілі.
Соғысқа дейінгі кезеңде Ә.Ысмайылов Қожахбет және Құлахмет Қожақовтар Б.Сәрсенбаев О.Таңсықбаев сияқты қазақ суретшілері жұртшылыққа кеңінен танымал болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет