Xx ғ басындағы Қазақстан тәуелсіздік үшін күрес


Дін және жер мәселесінің қойылуы



бет3/6
Дата12.02.2022
өлшемі25,93 Kb.
#131577
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
көтеріліс
Емтихан сұрақтары, ӘУРЕТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ (ихсан ілімі).. Иман,Ислам,Ихсан, 2 ашык сабак, Слайд 16 сабақ
Дін және жер мәселесінің қойылуы
Көтерілістің негізгі факторы, негізгі себебі – жер мәселесі. Одан кейін, әлеуметтік-экономикалық езгі. 25 маусым күнгі жарлық соңғы тамшы ретінде, халықтың бұрқ етіп шығуына әсер еткен болатын. Өйткені, жерін алды, малын алды. Енді, жанын аламыз дегенде, халық көтеріліске шыққан болатын. Көтерілістің тағы бір себебі, орыс отаршылдық әкімшілігі. Өйткені, ол да бұратана халыққа менсінбей қарап, екінші сорт ретінде бағалады. Одан кейін, жергілікті халықпен келімсек орыс шаруаларының арасындағы қарым-қатынас. Ол да үлкен шиеленіскен мәселе болатын. Кезінде үйі жоқ, күйі жоқ жер сызған шаруалар осында келіп бірден байып шыға келді. Мұның бәрі көтерілістің негізін қалады. Ал, көтеріліс «маусым жарлығынан» кейін шықты. Жетісуда таза орыс уезін құру туралы жоба жасалған. Ол жоба қайдан шықты дегенде 1917 жылғы Курапаткиннің Патшаға жасаған құпия баяндамасы бар. Ол құпия баяндамасы архив қорында сақталған. Оны «Орта Азия Қазақстан» деген жинаққа толық жарияладық. Көтеріліс болған жерлерді аяусыз жаншып, сол жерлердің бәрін тартып алған болатын. Соны негізге ала отырып кейін Курапаткин: «Көтеріліске нүкте қойып, осы жерлерді алу керек», – дейді. Жалпы көлемі – 2 168 500 десятина жер, жартастар мен құздарды қосқанда – 2 500 000 десятина жерді алу жоспарланған болатын. Бірақ, бұл жоба 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін іске аспай қалған. Талқыланғаннан кейін үлкен өзгерістер болып, жоба тоқтап қалған. Содан кейін, бұл жоба 20-жылдардың ортасында қайта жаңғырған. Біздің тарихшы әріптестеріміз жақсы біледі, 1921-22 жылдары «жер-су реформасы» шыққан. Ол кезде «Алдымен жергілікті халықты жермен қамтамасыз етсін, одан кейін басқаларды қамтамасыз етсін» деген мәселе қойылған болатын. Сонда, осы жерде үлкен автономия құру мәселесі қарастырылған. Бұл қазақ зиялыларының үлкен қарсылығын тудырған. Содан кейін барып күн тәртібінен түскен болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет