Ядролық физика Атом құрылысының күрделілігін дәлелдейтін құбылыстар


Материя құрылысының атомистикасына үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы, химиялық элементтердің құрамының талдауына сипаттама



бет2/5
Дата19.12.2022
өлшемі132,11 Kb.
#163350
1   2   3   4   5
Байланысты:
Яд физ Балым 29-35,75
Кусманов емтихан жауаптары
Материя құрылысының атомистикасына үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы, химиялық элементтердің құрамының талдауына сипаттама.

ХVII-XVIII ғасырларда ғана атомистика басқа ғылымдар сияқты біршама ғылыми жетістіктерге жете бастады. Өйткені сол аралықтарда экономика, техника жəне ғылымның басқа салаларының күрт даму процестерінің жалпы қозғалыстары пайда болды. Бірақ бұл аралықта атомистикадағы жаңалықтар тəжірибе жүзінде (эксперимент бойынша) қарастырылмады.
Орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоносовтың (1711-1765 жж.) материя құрылысының атомистикасына қосқан еңбегі өте зор. Ол өзінің «О составляющих телах природы нечувствительных физических частичках, в которых находится достаточное основание частичных веществ» жəне «Элементы математической химий» деген еңбектерінде химиялық элементтердің құрамын жіктеу нəтижесінде, қарапайым жəне күрделі денелердің бөлшектері арасындағы өзгешеліктерді анықтады. Сонымен қатар, молекуланың өзі өте күрделі бөлшектерден, яғни
атомдардан тұратындығын талдап түсіндірді.
Он тоғызыншы жүз жылдықта атомистика ғылымы интенсивті (қауырт) дамыды. Англияның химигі Д. Дальтонның ғылыми еңбектерінің арқасында атомистикалық ғылым үлкен жетістіктерге жетті. Оның көзқарасы бойынша, атом – бөлінбейтін бөлшек. Ал, ағылшын ғалымы Проуттың көзқарасы оған қарама-қарсы болды. Ол атом құрылымы өте күрделі, оның өзі басқа бөлшектерден тұрады деген қорытындыға келді.
Осы кезеңде орыстың ұлы ғалымы Д. И. Менделеевтің (1834- 1907 жылдары), зерттеулері нəтижесінде атом туралы өте үлкен жаңалықтар ашылып, атомистикалық ғылым саласы
толықтырылды. Ол химиялық элементтерді аралық жүйеде орналастыру заңдылығын ашты.
Атомистикалық ілімнің үлкен жетістіктерінің бірі – атомның электрлік құрылымы. Атомның электрлік құрылымы, корпускулалық теорияларға негізделген. Осыған негізделіп аттың электрлік теориясы дамыды. Англияның көрнекті ғалымы М. Фарадей (1781-1867 жж.) сұйық арқылы электр тогының өтуін зерттей келіп, сол сұйықтан өткен электр мөлшеріне, электродтан бөлінген зат мөлшері тығыз байланысты екендігін анықтады. Неміс физигі Г. Гельмгольц (1821-1894 жж.) осы нəтижелерді талдау арқылы мынадай қорытындыға келді: егер электролит ерітіндісі арқылы электр тогы өтетін болса, онда ол арқылы тасымалданатын бір валентті зат атомының электр заряды бір қалыпта болып қалады, ал атом екі валентті немесе үш валентті болса, онда тасымалданатын электр зарядының мөлшері екі-үш есе артады. Мұндай зарядталған атомдар (немесе атомдар тобы) жаңа термин бойынша иондар деп аталады. Осыған байланысты
Гельмгольц электр зарядыныңда атомдық құрылымы болады деген қорытындыға келді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет