З. А. Мовкебаева (қолы)



бет7/125
Дата19.03.2022
өлшемі0,77 Mb.
#136148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)
З. А. Мовкебаева ( олы), Ақпарат саласында қайта жаңғырған сөздер (1)
2. Қазіргі тұлға теориялары
Қазіргі персонологияның даму сатысында тұлғаны интегралданған тұтастық деп қарау, сонымен қоса адамдар арасындағы айырмашылықтарды түсіндіруші әртүрлі альтернативті теориялардың барлығын көрсетеді. Теория - бұл шынайылық үстінен жүргізілген бақылаулардың анықтамасын түсіндіруді мақсат тұтқан құрылымдар мен принциптердің және өзара әрекеттес ой-пікірлердің жүйесі. Теория өзінің мәні бойынша ой түрінде, соған орай, қатаң түрде “дұрыс” немесе “бұрыс” бола алмайтындығына қарамастан, толығымен ғылыми әлемде осы теориядан шығып отыратын феноменнің түсінігімен сәйкестендірілетін, феноменді бақылаудан алынған нәтижелер дәрежесіндегідей негізделген және сенім артылатын ретінде қабылданады.
Тұлға теориясы – адамдар шындығында нені білдіреді және олар өздерін қалай ұстайды, кейбір кездері олардың әртүрлі әрекеттерге баратынын білдіретін ой қорытындысы немесе болжамдар. Тұлғаны зерттеуде көп нәрсеге қол жеткізеді. Біздің қызығушылығымыздың пәні – адамның табиғаты; мақсатымыз - шынайы әлемде біртұтас адамның қызмет жасауының күрделілігі мен бірегейлілігін түсіну.
Теориялар негізгі екі қызметті атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді және алдын ала болжап айтады. Мінез-құлықты бітіслі бір түрде ұйымдасқан түрде ұсынатындығына орай ондай тұлға теориялары түсіндіргіш болып саналады. Теорияның көмегінсіз, әкесі оның бойында шамадан тыс ызасын тудыратын сәтте, неліктен бес жасар Рэймондтың туған анасына деген арманшыл (романтикалық) бауырбасушылықты сезінетіндігін түсіндіру қиын болатын еді. Егер де біз басқа да ер балалар осы жас шағында ұқсас сезімдерді басынан кешіретінін білсек, мәселе кішкене жеңілдейді. Ал, осындай сезімдерді тұлғаның арнайы бір даму сатысына жатқызатын теориямен қарулана отырып, біз Рэймондты жақсы түсіне аламыз.
Теория өткен шақ пен осы кездегі оқиғаларды түсіндіріп қана қоймай, сонымен бірге, болашақты да болжай алуы керек. Ол әлі де болса болмаған жағдайлар мен нәтижелерді болжауға негізді қамтамасыз етуі қажет. Яғни, біз ата –ана тәрбиесіндегі қызмет болып табылатын Рэймондтың мінез-құлқындағы бітіслі бір өзгерістерді алдын-ала шамалай білуіміз керек. Тұлғаның жақсы теориясы психологиялық зертеулерді тікелей стимулдайды да, керісінше, тексерілмеген теориялардың ғылыми құндылығын анықтау мүмкін емес.
Тұлға теориялары психологияда әртүрлі қызмет атқарады. Олар бізге адам жайлы түсінік береді, олардағы осы сипаттамалар уақыт аралығында қалай дамиды және адамдар өздерін бітіслі бір кейіпте ұстайтындығын түсінуге көмектеседі. Теориялар сонымен бірге, бұрын зерттелмеген жаңа өзара әрекеттердің пайда болуын болжауға мүмкіндік береді. Алайда, адам мінез-құлқының теорияларының барлығын да адамның өзі құратындығын естен шығармаған маңызды. Персонологтардың да – басқа адамдар тәрізді адамның табиғаты жайлы әртүрлі көзқарастары бар. Негізгі жағдай персонологтардың тұлға жайлы көзқарастарына мәнді түрде әсер етеді. Мысалы, Абрахам Маслоу адамдар әрекетінің көпшілігі саналы және еркін таңдаудың әсерінен деп санады. Соған байланысты, оның теориясы «Оныңң түсінігі бойынша адам кім болар еді деген адам табиғатының жоғарғы қырілеріне шоғырланады. Оның тұлға жайлы теориясы осы жағдайға орай құрылған.
Екінші жағынан, З.Фрейд мінез-құлық ақыл жетпейтін және ұғынылмайтын факторлармен мәнді жәрежеде детерминделген деді. Оның адамның іс-әрекеті әу бастан-ақ анықталып қойған деген ой-пікірі санасыздық жағынан мінез-құлықтың барлық түрлері үстінен бақылау жүргізуді баса көрсеткен теорияда әрі қарай дамытылды. Маслоу мен Фрейд адам мәнінің іргелі негізіне байланысты түбінде қарама-қайшылық бар көзқарасты білдірді. Осы жерде біз тұлға теориясындағы ең маңызды тұстар адам табиғаты жайлы нақты персонологтың негізгі ой-пікірлерінде жатқандығын баса ескерткіміз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет