Заманауи білім беру: Әдістемелер, ТӘжірибелер, НӘтижелер мухамедияр Айым



бет1/3
Дата05.10.2023
өлшемі38,74 Kb.
#183790
  1   2   3
Байланысты:
Инновациялық зерттеулер


ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ: ӘДІСТЕМЕЛЕР, ТӘЖІРИБЕЛЕР, НӘТИЖЕЛЕР
Мухамедияр Айым
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің №2 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мухамедияр Айым

Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс делінген. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озық жүруі тиіс. Білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттай оқыту өз нәтижесін береді. Бiлiм беру жүйесiнің басты міндеті – өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, өздігінен білім алуға ұмтылған, алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білетін, шығармашылыққа бейім, бәсекеге қабілеті, жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болмақ.


Заманауи білім беру жүйесіндегі әдістемелер мен тәжірибелер бәсекелестікке бағдарланған кезде өз нәтижесін береді. Бәсекелестік бар жерде білім де бар. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін, өз бетімен іздену дағдысын дамыту болып табылады [1].
Заманауи білім беруде жағдайында сабақта қолданатын әдістемелер мен тәжірибелерді тиімді қолдана отырып, білім сапасының нәтижесіне жету басты мақсат болмақ. Оқыту мен оқу үрдісінде заманауи білім беру әдістемесі мен тәжірибесін тиімді қолдану арқылы оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуге бағыттап, ұжымда, топтарда жұмыс істеу барысында логикалық қабілетін, сыни ойлауын, функционалдық сауаттылығын дамыту нәтижелі болды. Заманауи білім беруде әдістемелер мен тәжірибелер оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуіне, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына жол ашып, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру нәтижесін берді.
Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагог А.Байтұрсынов «Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру» деген.  Заманауи білім беру мазмұнын сапалы және тиімді түрде жүзеге асыру әдістемелері мен тәжірибесін тиімді қолдану мұғалімнің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Заманауи білім беру әдістемелері мен тәжірибелері өмірбойы оқу, іздену, үйрену нәтижесінде өз жемісін бермек. Заманауи білім беру әдістемелері мен тәжірибелдері мұғалімнің кәсіби өсуімен бірге оқушының кәсіби өсу деңгейін көтереді [2].
Заманауи білім беруде әдістемелер мен тәжірибелер негізінде мұғалім мен оқушы үшін ортақ мақсат көзделеді. Заманауи білім беру әдістемесі мен тәжірибесі оқушыларға мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, алған мәліметтері пайдалы болатындай ойлануына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар оқушылар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алады.
Мұғалім тек білім көзі ретінде ғана емес, оқу – танымдық әрекеттерінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс. Оқу процесін жандандыру мақсатында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тиімді оқытуда олардың ізденуін, танымын қалыптастыруға мол мүмкіндік бар. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдап алу тиімді оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мен әдістердің тақырыпқа сай, оқу материалын тиімді меңгертуге ықпал тигізетіндей түрін таңдап және осы әдісті қолдану жолын өзім де жақсы меңгере білдім [3].
Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагог А.Байтұрсынов «Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру» деген.  Жаңартылған білім беру мазмұнын сапалы және тиімді түрде жүзеге асыру мұғалімнің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты . Бастауыш сыныпта жаңартылған білім мазмұнына сай оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін сабақта белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білдім. Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында көбінесе ойындардың түрлерін, түрлі әдіс-тәсілдерімен тиімді қолдана отырып, қиындықтан жол таба білетін, тіл байлығы, сөздік қоры мол, шығармашыл тұлға тәрбиелеу басты мақсатым болды. Іс-тәжірибеде өздерінің дарындылығын көрсете білетіндей қабілетті жеке тұлға қалыптастыру әр ұстаздың міндеті.
Жаңартылған білім мазмұнына сай сабақта тиімді әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы сапалы білім беру ең өзекті. Оқушыларды тәрбиелеу-оқыту барысында тіл байлығын, функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, күнделікті сабақта алған білімін өмірде қолдана білуіне ерекше мән бердім. Әдебиеттік оқу сабағында оқушылар алдымен мәтінді іштей оқу, дауыстап оқу, жүгіртіп оқу, сөйлеммен оқу, азат жолдармен оқу, мәтінді бөліктерге бөліп оқу арқылы шапшаң оқуға дағдыланады. Ертегілер мен әңгімелерді аудиодан тыңдау, kitap.kz сайтынан QR kod арқылы сканерлеп оқу жолын да үйреттіп. Бұл оқу түрінде оқушылардың сандық сауаттылығы артты. Ақпараттық технологияны еркін меңгере білді. Оқу түрлерін дағдылана оқи отырып, оқыған мәніннің мазмұнын баяндауға, өз ойымен, кітаптың жаттанды сөзімен емес, өз сөзімен еркін жеткізе білуге үйреттім [4].
Оқу сауаттылығының негізі-мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Қазақ тілі сабақтары тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым осы 4 дағдыларының ерекшеліктері арқылы іске асады. Сондықтан қазақ тілі сабағында осы дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, оқу сауаттылығын арттыруда маңызды роль атқарады. Бірыңғай сабақ орындау барысында оқушылар жалығып кетеді. Сол үшін оқушыларды шынықтырып отыру маңызды. Сабақта сергіту сәтін тақырыпқа сай тиімді ұйымдастырып отыру керек.
Мәтінмен жұмыс барысында үнсіз оқу, дауыстап оқу, кезекпен оқу, музыка әуенімен оқу, QR штрих код сканерден өткізіп оқу, kitap.kz сайтынан оқу, аудиодан тыңдау. «Құмырсқа» тақырыбы бойынша мәтіннен түсінгенін «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылар топтастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет